Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


Бір жылдық жапырақты және көп жылдық көкөніс өсімдіктер тобы бойынша



бет30/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
Бір жылдық жапырақты және көп жылдық көкөніс өсімдіктер тобы бойынша:
1.Аскөк, саумалдық, ақ сүттігеннің ашық және қорғаулы жердегі орны.
2.Көп жылдық көкөніс өсімдіктердің көбею әдістері.
3.Көп жылдық көкөніс өсімдіктерінің ашық және қорғаулы жердегі орны.
Әдістемелік нұсқаулар.
Өсімдіктердің алуан түрлерінің ішінде көкөніс өсімдіктерінің 78 тұқымдасқа жататын 110-120 түрі бар, олардың 86 түрі (19 тұқымдасы) – қос жарнақты. Көкөніс өсімдіктерінің жартысына жуығы қолдан өсіріледі, қалғаны жабайы өседі.
ТМД елдерінде, биологиясы, өсіру технологиясы және тамаққа пайдалануы бойынша өте алуан, көкөніс және бақша дақылдарының 70-тен аса түрлері өсіріледі.
Көкөніс және бақша дақылдарын оқып – үйренуді жеңілдету үшін оларды өндірістік белгілері және ботаникалық қатынасы бойынша жіктейді. Ботаникалық жіктелудің негізіне бір белгі – биологиялық ұқсастығы, ал өндірістік жіктелуде екі белгі – агротехника және көкөніс мүшелерін азыққа пайдалану ұқсастығы келтірілген.
Көкөніс өсімдіктерінің ботаникалық жіктелуі
Қажетті материалдар:
- көкөніс дақылдарына жататын өсімдіктердің кеппешөптері
- көкөніс дақылдарының түрлері көрсетілген плакат
- формалині бар шыны ыдыста орналасқан қызанақтың тамыр жүйесі
Әдебиет: 7,7-67 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Көкөністердің химиялық құрамына тоқталыңыз?
2. Көкөніс дақылдарының жалпы сипаттамасы қандай?
3. Көкөніс дақылдарын жіктеу қандай принципке бағынады?
4. Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері?
5. Көкөністердің тағамдық маңызын атаңыз?


Көкөністі дақылдардың тізімі:
Кызыл қауданды қырыққабат(Капуста краснокочанная) - Brassica oleracia capitala rubra
Қытай қырыққабаты (Капуста китайская) - Brassica oleracia chinensis
Кольраби қырыққабаты (Капуста кольраби) -Brassica olerasia caulorapa
Жапырақты қырыққабат (Капуста листовая) -Brassica oleracia acephala
Пекин қырыққабаты (Капуста пекинская) - Brassica oleracia pekinensis
Гүлді қырыққабат (Капуста цветная) - Brassica oleracia cauliflora




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет