Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


тақырып Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін цитоплазманы бояу арқылы анықтау



бет4/13
Дата03.02.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5 тақырып Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін цитоплазманы бояу арқылы анықтау

Жұмыстың барысы

Зақымданған өсімдік клеткаларының цитоплазмасы бояуға бейім болады. Осыған орай тұқымдардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды. Ұрықтары болмаған тұқымдар тіршілікке қабілетті деп саналады.



Нелюбов әдісі. Бөлме температурасында 18 сағат бойы суға салып қойған ас бұршақтың тұқымдарын қабықтарынан ажыратады. Сонан соң 10-15 тұқымдарды 2-3 сағатқа температурасы 30оС 0,2% индиго-карминнің ерітіндісіне салып қояды. Бояуды төгіп, тұқымдарды сумен жуып, олардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды. Тамырлары боялмаған және тұқымжарнақтары нашар боялған тұқымдар тіршілікке қабілетсіз деп саналады.

Иванов әдісі. Бөлме температурасындағы суға 70 сағат бойы салынып қойған бидайдың тұқымын алады. Он тұқымды ұстарамен науа бойынан екіге бөліп, 15 минут 0,2% қышқыл фуксиннің ерітіндісіне салып қояды. Соңынан бояуды төгіп, тұқымдарды сумен жуып, сүзгіш қағазға салып, олардың тіршілікке қабілеттілігін анықтайды. Жоғарыда айтқандай тіршілікке қабілетті тұқымдардың ұрықтары боялмайды, ал зақымданған, тіршілігін тоқтатқан тұқымдардың ұрықтары айқын боялады. Боялған және боялмаған тұқымдардың суретін салып, істелген жұмыстың нәтижесінен қорытынды жасау керек.
6 тақырып Тұқым жетілуін анықтау

Жұмыстың барысы

Әр ватиантқа пленка, кесіндісін алып, оның үстін дәл сондай мөлшердегі фильтрлі қағазбен жабамыз. Барлық ұзындығына жоғары шетін 5 см қашықтықта болады, осы ұзындыққа 50 тұқым саламыз, олардың арасы бір-бірінен 1 см болу керек. Осы тұқымдары үстінен ені 5 см алдынала суланған филььрлі қағазбен жабамыз, оны орап, байлаймыз да этикеткамен белгілеп су құйылған ыдысқа саламыз. Тұқымды қараңғы жерде 5 күндей 200 С өсіреді. Содан соң оралған роликті ашып, ондағы тұқымдардың жетілуін 5 баллдық системамен анықтаймыз. Жетілген тұқым сапасын төменгі шкала бойынша анықтаймыз.



Жақсы жетілген тұқым

Жаңа пайда болған өскіннің және тамырдың саны

5 см немесе 5- тен артық- 5 балл
Жаңа пайда болған тұқым ұзындығы 4 см болса

немесе тамырдың саны 4 немесе 4-тен артық – 4 балл


Жаңа пайда болған тұқым ұзындығы 2,5 болса

немесе тамырдың саны 3 немесе одан артық – 3 балл




Әлсіз дамыған тұқым

Тұқым өскінінің ұзындығы 2,5 см – ден кем,

ұрық тамыршасының саны - 2 немесе 2-ден көп – 2 балл
Өскіннің ұзындығы тұқымның екі ұзындығынан кем,

ұрық тамыршасының саны 2 және одан көп – 1 балл


Жақсы дамыған ұрық саны -

Дамыған ұрық саны –


Тәжірибеден алынған мәліметтер мынадай кестеге жазылады

Вариант

Баға балл бойынша

Жалпы балл

Өсу күші 0/0

Өсімдік келтірілмеген салмағы

Өсімдіктердің беті салмағы мен тамыр салмағының қатынасы




5

4

3

2

1







Жер бетіндегі бөлігі

Тамырының бөлігі






Орташа балл саны

Өсімдіктердің өте құрғақ салмағы

Жер бетіндегі бөлігі

Тамырының бөлігі












Қажетті материалдар:

- дәнді дақылдардың негізгі түрлері мен сорттарының кеппешөптері

- өскіні арқылы дәнді дақылдарды анықтауға арналған таблица

- дәнді дақылдардың плакаты

- ланцеттер, пинцеттер, ине, лупа



Әдебиет: 2, 56-106 бет, 4, 87-152 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәнді дақылды өсімдіктердің құрылысындағы еркшеліктеріне тоқталыңыз?

2. Астық дақылдарының морфологиялық және биологиялық айырмашылығын атаңыз?

3. Дәнді дақылдардың органогенез және өсіп жетілу кезеңдерін баяндаңыз?

4. Дәнді дақылдардың классификациясы қандай принципке бағынады?

5. Дәнді дақылдардың маңызы мен рөлі?


Дәнді дақылдардың тізімі:

1. Жұмсақ бидай (Пшеница мягкая) -Triticum aestivum L.

2. Қатты бидай (Пшеница твердая) -Triticum durum L.

3. Егістік қара бидай (Рожь посевная) -Secale cereale L.

4. Көп қатарлы арпа (Ячмень многорядный) - Hordeum vulgare L.

5. Қос қатарлы арпа (Ячмень двурядный) -Hordeum distichum L.

6. Егістік сұлы (Овес посевной)(пленчатый и голозерный) - Avena sativa L.

7. Кәдімгі тары (Просо обыкновенное)- Panicum miliaeceum L.

8. Егістік күріш (Рис посевной) -Oryza sativa L.

9. Кәдімгі құмай – (Сорго обыкновенное) -Sorghum vulgare Pers.

10. Жүгері (Кукуруза)- Zea mays L.

11. Мәдени қарақұмық (Гречиха обыкновенная) -Fagopyrum esculentum.

12. Татар қарақұмығы (Гречиха татарская) -Fagopyrum tataricum.
Тесттер
1. Дәнді дақылдар тұқымының астық жиналғаннан кейінгі әрі қарай пісуінің физиологиялық өзгерісі мынадан тұрады:

А) крахмалдың қанттануында, заттардың және органикалық заттардың тотығуын ал ең бастысы-ұрықтың пайда болуы

В) крахмалдың қанттануында, клечатка және майдың синтезінде

С) пластикалық заттар өзгеріп және крахмал мен май қышқылдарының синтезінде

D) элементтері минералды қоректену мен өсімдікпен синтезделген органикалық қосылыстардың оптимальді қатынасқа жетуі

Е)пластикалық заттар өзгеріп, ұрықтың өнуі кезінде онымен қоректену жағдайына жетуінде


2. Бидай дақылдарын шығыстан батысқа жылжытқанда дәндегі ақуыз өзгереді ме?

А) біршама төмендейді

В) біршама жоғарлайды

С) шамасы өзгермейді

D) сортқа байланысты біршама жоғарлайды

Е) сортқа байланысты біршама төмендейді


3. Орта есеппен жүгері, қара бидай, күріш дәндеріндегі крахмал (құрғақ масса %):

А) 30


В) 50

С) 40


D) 70

Е) 60


4. Орта есеппен үрме бұршақ пен ас бұршақ тұқымдарында ақуыз (құрғақ масса %):

А) 8-10


В) 10-20

С) 10-20


D) 32-34

Е) 35-43
5. Өсімдіктің тұқымдық көбеюінің мүшесі:

А) жеміс жапырақшасы

В) жеміс

С) аналық

D) аталық

Е) гүл
Дәнді бұршақ дақылдары

Жалпы түсінік. Құрамындағы белок мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ, олардың тұқымдарына дәнді дақылдарға қарағанда белок 1,5-3 есе артық – асбұршақта 20,4-35,7%, ноқатта – 22-31, сиырбұршақта -22,3-37,8, майбұршақта -27-50%. Бұршақ өсімдіктерінің белогі толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені олардың құрамында амин қышқылдарының жеңіл еритін фракциялары – тирозин, триптофан, лизин ж.б. кіреді.

Асбұршақтың тұқымында 20-36% белок, 52% дейін азотсыз экстактивті заттар (АЭЗ), 1,5% май, 3,5% клетчатка және 2% күл бар.

Асбұршақ бір жылдық жаздық дақыл, алайда қысы жылы болғанда оңтүстік аудандарда оның қыстайтын формаларын күзде себу жолымен өсіруге болады. Екі түрі өсіріледі: егістік асбұршақ (Pisum sativum), гүлі ақ және тұқымы бір түсті (ақ, қызғылт, көкшіл) және далалық ас бұршақ (пелюшка) - Pisum arvense гүлі қызғылт-көкшіл, тұқымы қоңыр, кейде секпіл түсті.

Асбұршақ суыққа төзімді және ылғал сүйгіш дақыл. Тұқым +1-20 жылылықта өне бастайды. Тәуліктің орташа жылылығы +4-50 болғанда асбұршақ 20-25 күнде көктеп шығады, температура +10-120 болғанда бұл кезең 10-12 күнге дейін, ал +150 –та -7-8 күнге дейін қысқарады. Оның өсіп-өнуіне қажетті ең қолайлы температурада +15-200 деп есептеледі, ал максимумы -350.

Генеративтік органдардың қалыптасуы мен гүлденуі +6-70 орташа тәуліктің температурада және күндізгі максимальды температурада +18-200 болғанда жүзеге асады.

Асбұршақтың өркендері -4-60 , ал тіпті -80 бозқырауды көтереді. Бозқырауға ең төзімдісі далалық асбұршақ, ол -120-қа дейінгі бозқырауға шыдайды. Бұршақ – ұзақ күннің өсімдігі. Өсімдік әсіресе шашақтану –гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп тілейді. Асбұршақтың гүлдену кезеңі созылыңқы және себу мерзіміне байланысты маусымның аяғы –шілденің бірінші жартысында басталады. Транспирациялық коэффициенті орта есеппен 400-450, ауытқуы 300-600-ға дейін.

Асбұршақ – ылғал сүйгіш дақыл, алайда ол қуаңшылықты аудандарда да өсіп –жетіле алады, бұл оның жақсы дамыған тамыр жүйесіне байланысты.

Ас бұршақ өсімдігі тез өседі. Көктеп шығып гүлденуіне дейін асбұршақтың көптеген сорттарына 30-40 күн қажет. Өсімдік төменгі қабаттан бастап гүлдейді.

Ең жақсысы бұршақққа жеткілікті мөлшерде фосфор, калий және ізбесі бар саздақ және құмдақ топырақтар. Құмды, сортаң, батпақтанған, қышқыл топырақ ас бұршақ өсіруге жарамсыз. Ең қолайлы топырақ РН -6,0-7,0, бұларда түйнекті бактериалар белсенділігі жоғары. Асбұршақ қара-қоңыр топырақта жақсы өсіп дамиды.

Ноғатық – қуаңшылыққа өте төзімді дәнді бұршақ дақылы. Оны қуаңшылық аудандарда астыққа, көк балаусаға және пішенге өсіреді, мұндай жағдайда асбұршақты толықтырады.

Ноғатық тұқымы +2 – 30 жылылықта өне бастайды. Оның өсіп-өну кезеңі 70-120 күн.

Ноқат – азық-түліктік және жемазықтық дақыл – тұқымында көп мөлшерде белок (22 – 31 %), май (4,1 – 7,2%), және азотсыз экстративтік заттар (47 – 60%) бар. Ноқаттың басты бағалы қасиеті оның қуаңшылыққа төзімділігі.

Мәдени түрдегі өсімдігінің (Cicer arietinum) биіктігі 20 – 70 см, сабағы берік, жапырылмайды. Кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, гүлдері жекелеген, ұсақ, әдетте ақ түсті. Жемісі - 1–2 тұқымды қысқа, қампиған бұршақ. Тұқымдары домалақ, сәл сүйір бұрыштанған, тұмсықты, қойдың немесе жапалақтың басына ұқсас. Бұршағы жапырылмайды, топырақ бетінен 16-30 см биіктіктегі сабақ бойында орналасқан, бұл тұқымға жинауға жақсы мүмкіндік жасайды. 1000 тұқымның массасы 250 – 300 г.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың арасында майбұршақ айтарлықтай белок мөлшерімен (36 – 48%), амин қышқылдарымен жоғары дәрежеде тереңдестірілгендігімен, сонымен қатар жан-жақта пайдаланатын дақыл ретінде ерекшеленеді.

Майбұршақ (Glycine hispida) – тік тұратын, жапырылмайтын бұтақты, сабағының биіктігі 0,5–0,8, кейде 1,5–2 м болатын біржылдық өсімдік. Жапырақтары күрделі, негізінен түкті, үштік, кейде 4–5 жапырақшасымен, гүлдері ұсақ бес күлте жапырақты, көпгүлді шоқгүлі жапырақтардың қуысына орналасқан. Бұршақтары түзу, орақ сияқты имек, жалпақ немесе дөңес, түкті, жиі түрде 2–3 тұқымды болып келеді. Бір өсімдікте 10-нан 4000-ға дейін бұршақ қалыптасуы мүмкін. Әртүрлі сорттарының 1000 тұқымының массасы 40-тан 500 г дейін өзгереді.

Майбұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымының өнуіне қажетті минималды температура +6–80, себу-көктеу, өсіп-өну кезеңдеріндегі қолайлы температура +18–220. Ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымының бөртуі мен қалыпты өсуінің өзіне тұқым массасының 130–160% су қажет. Майбұршақ қысқа күннің өсімдігі, бірақ солтүстікке қарай жылжыған сайын көпшілік сорттардың өсіп-өну кезеңі ұзарады, алайда ерте пісетін сорттарға күннің ұзақтығы әсер етпейді.


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Дәнді бұршақ дақылдардың морфологиясы

Мақсаты: Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерімен

танысу, тұқымның жетілуін, тіршілікке қабілеттілігін анықтау.



Жоспар:

1 Дәнді бұршақ дақылдарының тамақтық және мал азықтық құндылығы. Асбұр-

шақ. Биологиялық ерекшеліктері. Агротехника ерекшеліктері.

2 Ноғатық. Ноқат. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Май бұршақ. Атбас бұршақ. Биологиялық ерекшеліктері. Агротехника ерекшеліктері.



Жалпы түсінік

Дәнді бұршақ дақылдарына асбұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа, ноғатық, майбұршақ, ноқат, атбас бұршақ, лобия (бадана, үрме бұршақ) бұршағы, бері бұршақ кіреді. Олар бұршақ тұқымдасына (Fabaceae) жатады, алайда дақылдар арасында морфологиясы, биологиялық ерекшеліктері мен пайдалануда үлкен айырмашылықтар бар (8 сурет).





8 – сурет. Асбұршақ өсімдігі кұрылысының кескіні:

1 — сабақ; 2 - буынаралық; 3 -буын (түйін); 4 — жапырақ 5 — жапырақ cepiгi;6 жапырақ,шыбығы(бутары); 7—жапырақшашыбығы;8— жапырақша; 9 - мұртша; 10- гүл тұғырығы; 11- гүл; 12 – жеміс сабағы; 13- бұршаққап.
Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топырақ қабатына бойлайды, көптеген бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.

Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты (атбас бұршақ, ноқат, майбұршақ, бөрі бұршақ) басқаларында – жапырылғыш (асбұршақ, жасымық) немесе жапырылуға бейім (ноғатық).

Жапырақтары күрделі, олардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдарын үш топқа бөледі:

- қауырсын жапырақты өсімдіктер;

- үштік жапырақты өсімдіктер;

- саусақ салалы жапырақты өсімдіктер.

Гүл шоғыры – шоқгүл (майбұршақ пен бөрі бұршақта) немесе гүлдері жапырақ қолтығындаы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орналасқан.

Гүлдері – қосжынысты, бес күлтеше жапырақтары, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін түске дейін.

Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады (ноқат, жасымық, және ақ бөрі бұршақтан басқаларында).

Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді және әр түсті болып келеді.

Ас бұршақ (горох) - Pisum

Ақ гүлді және боялған гүлді ас бұршақ түріне жатады.

Егістік ас бұршақ негізінен азық-түліктік мақсатқа, мал азығына, сидеральды және көкөністік дақыл ретінде өсірілетін формаларын біріктіреді.

Егістік ас бұршақ – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндікті, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларынан тұрады және 1,2-1,5 м тереңдікке дейін бойлайды.

Ас бұршақтың сабағы домалақ келген, айқындалмаған төртқырлы, іші қуыс, жеңіл жапырылады, ұзындығы 30-дан 150 см дейін және одан да жоғары.

Ас бұршақтың жапырағы күрделі: сағақтан, 2-3 жұп жапырақшадан, түр өзгерістеріне ұшыраған жапырақ болып табылатын дара санда мұртшалардан тұрады, соңғыларының көмегімен ас бұршақ кез келген біреуге сүйеніп тік өсе алады.

Жапырақтардың негізінде жартылай жүрек тәрізді пішіндегі ірі жапырақ серіктері орналасқан. Жапырақтар мен сабақтар балауыз тұтымен көмкерілген.

Гүлдері ірі, ақ, жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден орналасқан.

Жемісі – көп тұқымды бұршаққап, түзу немесе қылыш тәрізді мұқалған ұшымен аяқталады.

Тұқымы – домалақ-бұрышты , әртүрлі шамада, көкшіл-жасыл, сарғыш-жасыл, ашық-қызғылт түсті.

Ас бұршақтың түр тармақтары – егістік ас бұршақ және далалық ас бұршақ- бір бірінен анық байқалған морфологиялық белгілермен ажыратылады.

Ас бұршақтың аталған екі түр тармақтарының әрқайсысы 2 топқа бөлінеді: аршылған және қантты. Аршылған ас бұршақтың бұршақ қабының жармасында қалың пергамент қабаты болады, бұл оған қаттылық береді. Қанттық ас бұршақтың бұршақ қабында мұндай пергамент болмайды. Оның жармалары жұмсақ келеді. Сондықтан қанттық ас бұршақтың бұршақ қабы жасыл күйінде тамақтық мақсатқа пайдаланылады. Ас бұршақ бірқатар морфологиялық белгілері бойынша түршелерге бөлінеді.

Жасымық (чечевица) –Ervumlens

Жасымық бес түрді біріктіреді, олардың ішінде жалғыз мәдени немесе кәдімгі жасымық барынша көп тараған.

Тамыр жүйесі кіндікті, аз бұтақтанған, сабағы жіңішке, төрт қырлы, биіктігі 40-70 см, жапырылуға бейім өсімдік. Жапырақтары қосқауырсынды, мұртпен аяқталады. Гүлдері ұсақ, ақ, көкшіл немесе күлгін – көк түсті.

Бұршаққабы қыса, 1-3 тұқымды, жалпақ.

Тұқымы дөңгелек, қысыңқы, жасыл немесе сары-жасыл, диаметрі 3-тен 9 мм-ге дейін.

Кәдімгі жасымық екі түр тармағына бөлінеді: ірі тұқымды жасымық (Е.Lens macrosperma) және ұсақ тұқымды жасымық (E. Lens microsperma).

Ноғатық (чина) – Lathyrus

Ноғатық 800-ден астам түрлерді біріктіреді, бірақ тағамдық маңызы бары бір-ақ түр – егістік ноғатық (Lathyrus sativus).

Егістік ноғатық екі түр тармағына бөлінеді: европалық және азиялық.

Тамыр жүйесі кіндікті, 170 см дейін топырақ тереңдігіне бойлайды, жақсы бұтақтанған. Сабағының биіктігі 20-дан 100 см дейін және одан жоғары, төрт қырлы, жапырылғыш.

Жапырақтары бір жұптан қосқауырсынды, жапырақшалары ланцетті немесе линиялы. Гүлдері дараланған, кейде бір гүл бағанасында екі екі гүлден болады, түстері әртүрлі: ақ, көк, күлгін, қызғылт немесе ақ, алайда көкшіл немесе қызғылт жүйкелі. Желкені қырқынды боялған.

Бұршаққап ромбы, кең линиялы немесе эллипс пішінді, жоғарғы тігісінде қысыңқы екі қанатты. Бұршаққапта 3-4 тұқым болады. Тұқымдары жалпақ, жалпақ-сыналы-тісті пішінде келеді. Түсі сарғыштау-ақ, сұр және қоңыр әртүрлі реңді және суретті.

Ноқат (нут) - Cicer

Ноқат Сicer туыстығына жатады және 30-дан астам түрлері біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр – мәдени ноқат (Cicer arietinum).

Бұл бір жылдық өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Жапырақтары қысқа сағақты, дара қосқауырсынды, түкті, мұрттары болмайды. Гүлдері қосжынысты, ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл-күлгін, кейде көкшіл түсті. Бұршаққаптары қысқа, қосдәнді, қампиған, сопақ пішінді, сабанды-сарғыш түсті, молынан түктелген. Тұқымы бұрышты – домалақ, тұмсықты, ақ, сары, қызылдау, қара.

Бадананың 200-дей түрлері белгілі, олардың 20-сы дақылда өсіріледі. Ірі тұқымдылардан барынша кең тарағаны кәдімгі бадана, ал ұсақ тұқымдылардан маш баданасы.

Кәдімгі бадана (Phaseolus vulgaris) жақсы дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады. Сабағы шөптесін, бұтақты формаларында жапырылмайды, биіктігі 50 см. дейін. Жапырақтары үштік, жүрек тәрізді – үшбұрышты кең жапырақшалары болады. Гүлдері ақ, кейде қызғылт. Бұршаққаптары ұзын, көптұқымды ірі, бүйрек пішінді, түсі әртүрлі.

Май бұршақ (соя) - Glycine



Мәдени май бұршақ – Glicine hispida- 75 түрі біріктіреді. Май бұршақ – біржылдық шөптесін өсімдік, кіндікті тмыр жүйесі бар, ол жақсы бұтақтанады. Сабағы тік өседі, жапырылмайды, биіктігі 1,5 м дейін жетеді (9 сурет).



9 –сурет. Майбұршақ:1- өciп тұрған өсімдік; 2 - пiciп келе жатқан өсімдік; 3- бұршақ-қаптар; 4 — тұқымдар.
Жапырақтары үштік, жапырақшалары жұмыртқа пішінді, немесе сопақ, егін жинау қарсаңында түсіп қалады. Бұкіл өсімдік түкпен көмкерілген, гүлдері ақ немесе: ашық-күлгін түсті, 3-5 гүлден тұратын шоқгүл түрінде жапырақтар қолтығында орналасқан. Бұршаққаптары ірі емес, 1-5 тұқымды жиі түктенген, піскенде қоңыр, тіпті қара түсті болады. Тұқымдары шар тәрізді, сопақ пішінді, сары, жасыл, қоңыр, қара.

Мәдени май бұршақ көптеген түр тармақтары мен түршелерге бөлінеді

Манчжурия түр тармағы (Glycine hispida manschurica)- тұқымы жиі түрде сопақ, дөңес, орташа мөлшерде (1000 тұқымының массасы 120-130 г). Гүлдері ұсақ, сабағы жуан, жапырақтары дөрекі. Қытайлық (G.h. chinensis) жоғарыда аталған түр тармағынан айырмашылығы сабағы жіңішке, жапырылуға бейім, жапырақтары жұқа, тұқымдары жалпақ, ұсақ, 1000 тұқымның массасы 70-130г.

Бөрі бұршақ (люпин)- Lupinus туыстығы 200-дей түрді біріктіреді, оның ішінде екпе дақылда өсірілетіні төртеу.

Жіңішке жапырақтары бөрі бұршақ (Lupinus angustifolius) – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті 2м тереңдікке дейін бойлайды, жақсы дамыған түйнектері болады. Сабағы бұтақты, түкті, биіктігі 1,0-1,5м. Жапырақтары саусақ-салалы, 70 - 10 ұзынша линиялы жапырақшалары болады.

Гүлдері көк, көкшіл, қызғылт, ақ, күлгін. Негізінен гүлдердің көк түсі басым (басқа атауы – көк бөрі бұршақ осыдан тараған). Бұршаққап ірі емес, 4-7 тұқымды, түкті, піскенде қоңыр, жарылғыш. Тұқымы домалақ- бүйрек тәрізді пішінде, сұр, сұрғылт-қоңыр, немесе ақ. 1000 тұқымының массасы 150-180 г.

Сары бөрі бұршақ (Lupinus luteus) – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, түйнектері жақсы дамыған. Сабағы бұтақты, биіктігі 1 м дейін. Жапырақтары саусақ-салалы, кері жұмыртқа тәрізді енді, 5-9 жапырақшадан тұрады, төменгі жағы түкті. Гүлдері сары. Бұршаққап үлкен емес, 4-5 тұқымды, молынан түктелген, піскенде ашық-қоңыр, жарылғыш. Тұқымды домалақ – бүйрек пішінді, мрамор суретті, кейде қара немесе суретсіз ақ түсті. 1000 тұқымының массасы 100-140г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет