Айналым қорларының айналымдылығын үдету жолдары
Айналым қорлары қалыптасу көздері бойынша жеке меншік және қарызға алынған деп бөлінеді. Жеке меншік айналым қорлары – кәсіпорын иесіндегі және жеке меншік ресурстардың (пайда) есебінен қалыптасатын қаржылар. Қарызға алынған айналым қорлары – банк несиелері, несиелік қарыздар (коммерциялық несие) және басқа да пассивтер.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы үшін айналым қорларына деген қажеттілікті дұрыс анықтау керек. Ұйымның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті айналым қорларының экономикалық жағынан түсініктемесі бар мөлшерін анықтау процесі айналым қорларын нормалау деп атайды. Өндірістік запастардағы, аяқталмаған өндірістегі, болашақ кезеңдегі шығындардағы, фирманың қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым қорлары нормаланады, оларды нормаланатын айналым қорлары деп атайды. Айналым қорларының қалған элементтерін нормаланбайтын деп атайды.
Айналым қорларын нормалау процесінде айналым қорларының нормасы мен нормативі анықталады. Айналым қорларының нормалары – кәсіпорынның товарлы – материалды құндылықтардың ең аз запастарын сипаттайды және запас күндерімен, деталдар запасының нормасымен есептелінеді. Айналым қорларының нормативтері – айналым қорларының нормасын, осы норма көрсетілген көрсеткішке көбейту арқылы анықталады Теңгемен есептелінеді.
Айналым қорларын нормалау (Нақ) келесі қосындыларды қарастырады
Нақ = Нөз + Наө + Ндө, (3.1)
мұндағы
|
Нөз
|
-
|
өндірістік запастар нормативі;
|
|
Наө
|
-
|
аяқталмаған өндіріс нормативі;
|
|
Ндө
|
-
|
дайын өнім запастарының нормативі.
|
Кәсіпорынның айналым қорларын тиімді пайдалануын үш негізгі көрсеткіш арқылы сипаттауға болады.
Айналымдылық коэффициенті - өткізілген өнім көлемінің кәсіпорындағы айналым қорларының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады
Ка = Vөтк : АҚ орт.қалд, (3.2)
мұндағы
|
Ка
|
-
|
айналым қорларының айналымдылық
коэффициенті, айналым;
|
|
Vөтк
|
-
|
өткізілген өнім көлемі, теңге;
|
|
АҚ орт.қал
|
-
|
айналым қорларының орташа қалдығы,
теңге.
|
Айналымдылық коэффициенті нақты кезең ішінде (жыл, квартал) кәсіпорынның айналым қорларының жүзеге асыратын айналымдар санын сипаттайды немесе 1 теңге айналым қорларына шаққандағы өткізілген өнім көлемін көрсетеді. Айналымдар санының артуы 1 теңге айналым қорларына шаққандағы өндіріс көлемінің өсуіне немесе өнімнің сол көлеміне айналым қорларын аз жұмсауды көрсетеді.
Айналым қорларын толықтай жабдықтау коэффициенті айналым қорларының коэффициентіне кері көрсеткіш, 1 теңге өткізілген өнімге шығындалатын айналым қорларын сипаттайды
Кж = АҚ орт.қалд. : Vөтк, (3.3)
Бір айналым ұзақтығы, күнмен есептегенде, кезеңдегі күндер санының айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады
Т = К : Ка, (3.4)
мұндағы
|
К
|
-
|
кезеңдегі күндер саны (360, 90).
|
Айналым қорларының айналым ұзақтығы аз болған сайын немесе сол өткізілген өнім көлемінде жүргізілетін айналымдар саны көп болған сайын, соншалықты айналым қорларын аз қажет етеді, және толықтай айналымды тез жүргізеді, сонымен олар тиімді пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |