Фенилсіркесу қышқылының туындылары
Диклофенак натрий (ортафен, вольтеран) – Diclofenac natrium,
Шығу түрі: таблетка 0,025 N30 1 таблетка 2-3 рет тамақтан кейін ішеді, ампула 3 мл N5 б/е күніне 1-2 рет енгізеді, гель 30,0 жарақаттанған жерге жағу үшін.
Әсері: қабынуға қарсы әсері, өте күшті, ауруды басады, қызуды төмендетеді.
Қолдануы: ревматизмге қарсы, буын қабыну ауруларында: остеоартроз, спондилоартроз, ревматоидный артрит, қызу көтерілгенде
Қарсы көрсеткіші: жүкті әйелдерге, асқазан, ішек жараларында.
Пропион қышқылының туындылары
Ибупрофен (Бруфен, ибуфен, нурофен) – Ibuprofenum
Шығу түрі: таблетка 0,2, 0,4, 0,6, табл ретард 0,8 N100 1 таблетка 3-4 рет тамақтан кейін., қабық ретард 0,4, балауыз (свечи) 0,5 N10 1 балауыздан күніне 1 рет, крем 50,0 күніне 3-4 рет жағу
Қолдануы: Ревматоидный артрит, остеоартроз, буыннан тыс ревматизм, жұмсақ ұлпаның, жарақаттануы, омыртқа остеохондрозы, бас сақинасы (мигрень), қызу көтерілгенде.
Қарсы көрсеткіші: бауыр циррозы, асқазан, 12 елі ішек жараларында, демікпеде.Жағымсыз әсері: бронх түйілуі, ентігу, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық немесе шаршағыштық, асқазан-ішек ойық жарасы, қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея,
Антранил қышқылының туындысы
Дональгин – Donalginum
Шығу түрі: - қабық 0,25 N30 1 қабық 3 рет тамақтан кейін.
Қолдануы: ревматизм ауруларында, сынғанда, хирургиялық операцияда, жұмсақ ұлпаның, жарақаттануы, лор қабыну ауруларында: отит, синусит, фариголарингит - ауруларды басу үшін.
Алкон қышқылының туындылары
М елоксикам (мовалис) – Meloxicam, Movalis, шығу түрі: -табл. 0,015, 7,5 мг N20 1 табл күніне 1 рет тамақпен бірге, балауыз (свечи) 0,015 N10 1 балауыздан күніне 1 рет, ампула 1,5 мл-лік 10 мг/мл ерітінді N10
Қолдануы: буын ауруларында, остеоартриттердегі ауыру синдромында (артроздар, буындардың дегенеративті аурулары), ревматоидты артритте
Достарыңызбен бөлісу: |