Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Ішек микрофлорасын қалыптастыратын препараттар



бет67/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Ішек микрофлорасын қалыптастыратын препараттар


Хилак форте - Hylaс forte, шығу түрі: флакон 30, 100 мл ; 40-60 тамшыдан 12 жастан асқан балаларға және ересектерге, 2 жастан -12 жасқа дейінгі балаларға 20-40 тамшыдан күніне 3 рет.
Қ олданылуы: тоқ, ащы ішектің физиологиялық микрофлорасы бұзылғанда, дисбактериозда, іш өткенде, іш кепкенде, іш қатпасында, гастроэнтерит, колитте (ішек қабынуы) тері ауруларын емдегенде, аллергияда.,, антибиотиктермен емделген жағдайда болатын ішек микрофлорасының бұзылуында.
Линекс - Linex, шығу түрі: қабық N30, 2 қабықтан ересектерге күніне 3 рет, балаларға 1 қабықтан күніне 3 рет, мол сумен ішу қажет.
Л операмид (Имодиум) –Loperamidum(Imodium) шығу түрі: табл., қабық 0,002 N30, 1 табл., қабықтан күніне 2- 3 рет, ерітінді флакон 30 мл, 30 тамшыдан іш өткен сайын. Жедел және созылмалы диареяда қолданады.
Бифидумбактерин ұнтақта; шығу түрі: ұнтақ пакетте 5 дозадан, 1 пакеттен күніне 2 рет.
Құсық туғызатын дәрілер
Құсық - күрделі рефлекторлық акт, құсық орталығымен байланысты, улы заттардан асқазанды қорғайды.
Апоморфин гидрохлорид – Apomorphinum hydrochloridum,“А” тізімі; шығу түрі: амп. 1 %-1 мл N10, 0,2-0,5 мл тері астына күніне 1 рет.
Қолданылуы:уланғанда құсық туғызу үшін және маскүнемдікті емдеуге, араққа теріс тұрақты рефлекс туғызады.
Жағымсыз әсері: аяқ, қол дірілдейді, сіріспе болуы мүмкін, тыныс алу жолдары қозады.
Қарсы көрсеткіштері: жүрек ауруында, өкпе ауруларында, асқазан жарасында.


Құсық басатын дәрілер
Ә р түрлі фармакологиялық топтар жатады: М-холиноблокаторлар, нейролептиктер, гистаминге қарсы дәрілер.
Мотилиум – Motilium, шығу түрі: табл 0,01 N30, 1 таб. жарты сағат тамақтан бұрын күніне 3-4 рет.
Қолданылуы: жүрек айнығанда, әр түрлі құсықтарда.
Ц ерукал (реглан, метоклопрамид) – Cerucalum; шығу түрі: таб 0,01 N50 1 таб 2-3 рет күніне, амп. 0,5% - 2 мл N10; бұлшық етке 2 мл күніне 1-2 рет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет