Ф ентанил -Phentanylum «А» тізімі, шығу түрі: ампула, флакон 0,005% -2 мл, 5 мл Нейролептоанальгезия үшін, тамырға енгізеді.
Морфиннен 100-150 есе күшті, әсері 2-3 минут кейін байқалып 10-15 минутқа созылады. Нейролептоанальгезия үшін, хирургияда ауру сезімін басу үшін, шокта қолданады.
Дроперидол -Droperidolum шығу түрі: флакон 0,25%- 5-10 мл. т/а, б/е, венаға 5мл жаймен ( 1-2 мл 0,25%ерітіндісі) фентанилмен бірге 0,05-0,1 мг (1-2 мл 0,005% ерітіндісі)
Қолдануы: Нейролептоанальгезия ауру сезімін басу үшін, психикалық қозуды, елесті басады.
Валорон – Valoron «А» тізімі, шығу түрі: қабық 0,05 N20 1 каб.күніне 4 рет.
Трамадол (трамал) – Tramadolum, Tramalum
Ш ығу түрі: қабық 0,05 N20 1 каб. 3-4 ре,т, ампула 5%-1 мл тамырға н/е б/е, т/а жәймен енгізеді күніне1-2 рет Қолдануы: жарақаттанғанда, әр-түрлі қатты ауру сезімін басу үшін, күйгенде қатерлі ісіктерде, операцияға дайындағанда және опреациядан кейін қатты ауру кезінде. Жағымсыз әсері: терлеу, бас айналу, жүрек айну, құсу.
Наркотикке жатпайтын анальгетиктер
Бұл топқа әр-түрлі химиялық құрамынан тұратын дәрілер жатады.
а) ауруды басу әсері наркотик анальгетиктерінен төмен, тек қабынуды басады (бұлшық ет, буын, нерв)
б) дене қызуын басады.
в) кейбір ауруларды басады
в) тыныс алу орталығын қоздырмайды, эйфория, тәуелділік туғызбайды.
Әсерлері: простагландин синтезін тежейді (простоциклин) негізгі қабыну фактордың әсерін, таламус деңгейінде ауру импульстің орталық жүйке жүйесіне өткізуін бұзады, төмендетеді. Наркотикке жатпайтын анальгетиктер сонғы кезде шыққан препараттар, бірнеше әсерлері бар: ауруды басу, қызу төмендету, ревматизм, қабынуға қарсы. Кейбір препараттардың қабынуға қарсы әсері басым болғандықтан, әсер ету күші стероид гормондарға жақын, бірақ стероид құрылысы жоқ, сондықтан осы топтың препараттарын «Стероидқа жатпайтын қабынуға қарсы дәрілер деп атайды» ( НПВС), қабыну дегеніміз – қан тамырлары, дәнекер тіндер және жүйке жүйесі зақымданғанда туатын жергілікті әсерлер. Қабыну кезінде үш түрлі үдіріс байқалады: 1) тіндердің зақымдалуы, 2) қабынған жерде жергілікті қан айналысының бұзылуы 3) дәнекер тіннің жаңғыру әсерлінісі (полиферация). Адамның қабынған жерлерінің негізгі белгілері: кызару, ісіну, қызуының көтерілуі, ауырсыну, зақымданған ағзаның қызметінің бүзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |