Морфинмен улану белгілері
Адам дәлсал болып есінен айырылады, тыныс алу сирейді, нашарлайды, көздің қарашығы кішірейеді, дене қызуы төмендейді, балардың денесі тырысады.
Көрсетілетін көмек: асқазанды 0,05%-0,1% калий перманганаты ерітіндісімен жуады, активті көмір берілед уды сіңіру үшін, тұзды іш өткізетін дәрілер береді. Морфиннің тыныс алу органдарына тежеу, әсерін азайту үшін налорфин беріледі. Налорфин морфиннің антидоты - наркотикалық препараттардың әсерлерін төмендетеді, тыныс алуды қоздырады. Налорфинді наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қолданады. Наркотикалық анальгетиктердің негізгі антогонисі налоксонда қолданады және аналептиктер кофеин, атропинмен бірге беріледі, қолдан дем алғызады, диуретиктер қолданады. Аурудың денесін жылытып тілін бекіту керек.
Морфинмен созылмалы улану – морфинизм, наркомания. Морфинистердің психикасы өзгереді, ой-өрісі, ойлау қабілетті төмендейді, қорқу пайда болады, адамдардың адамгершілік қасиеттері төмендеп, азаяды, наркотик табу үшін қылмысқа дейін барады. Морфинизімді жабық емханаларда, наркодиспансерде емдейді.
Омнопон – Omnoponum «А» тізімі, опий алколоиды, құрамында 50% морфин бар.
Шығу түрі: ампула 1% - 1мл тері астына жіберіледі 1-2 рет, әсерлері морфинге ұқсас.
Синтетикалық наркотикалық анальгетиктер
Промедол – Promedolum «А»тізімі шығу түрі: ампула 1% - 1 мл, тері астына жіберіледі, 1-2 рет катты ауруды басу үшін
Әсері: ауруды басуы морфинге ұқсас, бірақ тыныс алу орталығын аз қоздырады және ішкі органдардың тегіс бұлшық еттерін босатады, жатыр бұлшық еттерінің дұрыс жиырылуын туғызады, сол себептен әйелдердің толғақ кезінде кең қолданады және. Қолдануы: әр түрлі қатты аурулардаы басу үшін: жарақаттанғанда, қарын мен ұлтабар жарасында, инфаркт миокардта, бауыр және бүйрек түйілуі (приступында), жүкті әйелдер босану ауырсынуында.
Жағымсыз әсері: әлсіздік туғызады, бас айналады, құсық туғызады. Қарсы көрсеткіштері: жасы ұлғайған адамдарға, тыныс алу жүйесінің кемшіліктерінде, ұзақ қолданғанда наркомания туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |