Термиялық өңдеудің технологиясы Термиялық өңдеу



Дата08.12.2023
өлшемі13,19 Kb.
#195461
Байланысты:
Термиялық өңдеудің технологиясы лекция
ОББ Тест ЕТ, АЖ-30г01.11.2021, Кол,аяк суйектери, СЖ 15, ЖБП метод отчет 2021-2022 1 семестр, лаб 1 басы, бекитуге1, Документ Microsoft Office Word, сабақ жоспары (2), Дж Морено «Социометрия» әдістемесі, Зейнакуль, модуль рп (1), Дифференциалды күшейткіш, Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни, БҚ-9-11 СЕТЬ




Термиялық өңдеудің технологиясы

Термиялық өңдеу – бірінші және екінші реттік жасыту, шынықтыру, жұмсарту, ескіру деп жіктеледі. Бірінші реттік жасыту металдар мен қорытпаларды құю, қысыммен өңдеу, пісіру, т.б. технологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын ақауларды жою үшін пайдаланылады. Болаттарды өңдеуде екінші реттік жасытудың бірнеше түрі пайдаланылады. Шынықтыру нәтижесінде болаттың құрылымы мартенситке айналып, қаттылық, беріктік, үйкеліске шыдамдылық қасиеттері артады. Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды.
Металдарды термиялық өңдеу – металдан және қорытпадан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы.[1]
Металдарды термиялық өңдеу термиялық (жылу әсерімен), химиялық-термиялық және термомеханика (термиялық және пластикалық деформация аралас) болып бөлінеді.
Химиялық-термиялық өңдеу – болат бетінің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертеді. Ол – цементтеу, азоттау, циандау, диффузиялау металдау болып бөлінеді. Термомеханикалық өңдеу – термиялық және пластикалық деформациядан тұрады. Мұндай өңдеу төмен температуралы және жоғары температуралы болып ажыратылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет