Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет50/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Фармаколгиялық әсерлері
а) жүрек соғуын жиелітеді
б) көздің қарашығын үлкейтеді, ішкі қысымын жоғарлатады
в) бронх, бұлшық еттерін босатады
г) ішкі ағзалардың тегіс бұлшық еттерінің тонусын төмендетеді
д) бездердің бөлінуін азайтады
А тропин сульфат - Atropinum sulfas “A” тізімі (мендуана өсімдігінен алынады)
шығу түрі: амп 0,1% - 1мл N10 тері астына күніне 2 рет, көзге тамшы: 1%-5мл, 1-2 тамш. 2- 4 рет.
Қолдануы: асқазан, 12 елі ішек жарасында, демікпеде, паркисон ауруында, көздің түбін тексергенде, ішкі ағзалардың спазмасында қысымын азайтады.
Ж ағымсыз әсері: ауыз кебеді, дауыс қарлығады, көз қарашығы үлкейеді, көрмейді, жүрек соғады, зәр жүрмейді, ауыр жағдайда тынымсызданады, елес, сандырақ пайда болады, тыныс алу нашарлайды, антогонист ретінде прозерин қолданады. Алғашқы көмек ретінде: қолдан дем алдырады, асқазанды 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен жуады, ішке активті көмір, түзды іш өткізетін дәрідео беріледі.
Платифиллин гидротартрат – Platyphyllinum hydrotartratis, шығу түрі: 0,2 % - 1 мл тері астына 1-2 мл күніне 1-2 рет. Қолдануы:ішкі бұлшықет қысымдарын басады, төмендетеді (спазмолитик), демікпеде, асқазан 12 елі ішек ойық жараларында, қан қысымын төмендетеді.
Атропин - Белластезин, Бекарбон, Бетиол, Анузол, Беллоид, Беллалгин препараттарының құрамына кіреді.


Н – холинолитиктер (ганглиоблокаторлар)
а) Симпатикалық иннервацияның әсерін кедергі жасап қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді.
б) Парасимпатикалық иннервацияның әсерін кедергі жасап ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттердің тонусын, бездердің бөлінуін төмендетеді.
Бензогексоний – Benzohexonium, шығу түрі: таб 0,1 N20 1таб күніне 2-3 рет, амп 2,5% - 1 мл N10 т/а, б/е. 1мл күніне 2 рет.препараты қолданғаннан кейін науқас 1,5-2 сағ.жату керек.
Қолдануы: Гипертония ауруында (кризінде), демікпеде, асқазан 12-елі шек жарасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет