Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет63/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Жусан түнбасы - Tinсtura Absinthii; шығу түрі: флакон 25 мл, 15-20 тамшыдан ас алдында қолданылады, күніне 3 рет.
Фармакологиялық әсері: Ауыздағы дәм рецепторларын тітіркендіріп рефлекторлық жолмен ашығу орталығын қоздырады, тамаққа тәбет ашады ас қорытуды жақсартады.
Қолданылуы: анацид, гипоацид, созылмалы атрофиялық гастриттерде қолданады.
Тәбет ашатын дәрілерге: өсімдіктен алған дәрілер жатады: жолжелкен сөлі, бақбақ қайнатпасы, мыңжылдық шөбінің тұнбасы.
Қарcы көрсеткіштері: ақазан, ұлтабар жараларында қолдануға болмайды.


Тәбет басатын дәрілер (анорексиген дәрілері)
Бұл топтың дәрілері семіруге қарсы қолданады, көп тамақ ішкенде, семіргенде, негізгі ем диета болып саналады, осы жағдайларда тәбет басатын дәрілер қолданады, бұл дәрілер семіздікті баспайды тек диета сақтауға көмектеседі.
Дезопимон - Desopimonum “А” тізімі; шығу түрі – таб. 0,025 N20 1 таблеткадан күніне 2-3 рет 30 мин тамақтан бұрын
Әсері: тәбетті басады, тойыну орталығын қоздырады, ұзақ қолданғанда үйреншік туғызады.
Жағымсыз әсері: ауыз құрғайды, ұйқы бұзылады, құсық, қатпа туғызады.
Қарсы көрсеткіштері: жүкті әйелдерге, бүйрек, бауыр, жүрек ауруларында қолдануға болмайды.
Фепранон - шығу түрі – таб. 0,025 N20 1 таблеткадан күніне 2-3 рет 30 мин тамақтан бұрын
Мазиндол (теренак)- шығу түрі – таб. 0,001 N20 1 таблеткадан күніне 2-3 рет 30 мин тамақтан бұрын
Асқазанның секреторлық функциясы бұзылғанда қолданатын дәрілер
Ас қазан бездерінің секрециясы бұзылғанда, азайғанда, асқазан секрециясын қоздыратын дәрілер қолданады, бұл дәрілер асқазан сөлінен немесе (оның құрамдастарынан тұрады). Бұл дәрілер алмастыру терапиясы үшін қолданады, осы дәрілер тобына гистамин жатады, ол ағзада семіздік жасушаларынан пайда болады, гистаминнің әсері күрделі, гистамин ерітіндісін тері астына, асқазан сөлін аларда, тексеру мақсаты үшін қолданады. Егер асқазан бездерінің жетіспеушілігі болса, гистамин асқазан бездерінің секрециясын жоғарылатады. Асқазан бездерінің секрециясы төмендегенде гипо және анацид гастриттері болады, негізгі ем ретінде ферменттік препарраттар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет