Структум (Хондроитин сульфат натрия) – Structum; шығу түрі: қабық 0,25 N30, 1 қабықтан. күніне 2 рет,
Қолдануы: буын, омыртқа зақымдалу ауруларында: артроз, остеопороз, остеохондроз, спондилез.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция.
Қарсы көрсеткіші: егер препарат жақпағанда.
Р умалон – Rumalon; шығу түрі: ампула 1 мл N10, б/е 1 мл 3 күнде 1 рет.
Қолдануы: буын, омыртқа зақымдалу ауруларында: артроз, остеопороз, остеохондроз, спондилез.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция, аурудың ауырсынуы
Қарсы көрсеткіші: егер препарат жақпағанда, рематоидный артрит
Терафлекс – Theraflex; шығу түрі: қабық N30, 1 қабқ. күніне 2 рет,
Қолдануы: буын, омыртқа зақымдалуында, жаракатында. Буын тірек қимыл- ауруларында: артроз, остеопороз, остеохондроз.
Ж ағымсыз әсері: аллергиялық реакция.
Қарсы көрсеткіші: егер препарат жақпағанда, жүктілікте, емізетін әйелдерге.
Хондроксид – Chondroxidum; шығу түрі: жақпа май 30,0 зақымдалған жерге күніне 2 рет жағу, емделу уақыты 2-3 апта
Қолдануы: буын, омыртқа зақымдалуында, жаракатында, Буын тірек қимыл ауруларында: артроз, остеопороз, остеохондроз.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция.
Қарсы көрсеткіші: егер препарат жақпағанда, жүктілікте, емізетін әйелдерге.
Аллергияға қарсы дәрілер
А ллергия белгілерін азайтады, аллергия дегеніміз әртүрлі заттарға ағзаның аса сезімталдығынан туған патологиялық жағдай, ағзаға түскен бөтен заттар белгілі бір жағдайларда (мысалы, ақ уыздармен қосылса) антиген қасиетіне ие болады. Жаратылысында ақ уыздан құралған бөтен заттардың бойында (өзгермей-ақ) антиген қасиеттері болады, антигендер қарсы заттардың өндіретін лимфоциттердің плазмоциттерге ауысуына жағдай жасайды. Антител (қарсы зат) - дегеніміз микроб уына және т.б. заттардың ағзаға енуіне қарсы қанда пайда болатын белок заты, қарсы заттар антигенмен әсер етіп ағзада тұрақты қоспа жасайды. Қарсы заттар ағзаның ұлпаларының жасушаларының бетіне жабысатын қасиеті бар, қарсы заттар құрамында активті заттар (гистамин, серотонин, простогландиндер, гепарин т.б.) бар майлы жасушалардың бетіне көп жиналады. Майлы жасушаларға қарсы заттар жабысқандықтан өте сезімталдық пайда болады, антигендер ағзаға қайта түскенде олар майлы жасушалардың үстіндегі қарсы заттармен өзара әсер етеді. Бұл әсер майлы жасушаларды бұзады оның құрамындағы биологиялық активті заттар айналадағы ұлпаларға жайылады, бұл заттар аллергия медиаторы болып келеді. Бұл медиаторлар ағзада аллергиялық реакциялардың жалпы және жергілікті белгілерін туғызады. Мысалы: аллергия медиаторы гистамин дуылдап Қышу, гиперемия (қызару), тегіс бұлшық еттердің спазмасын (тартылуы) туғызады, қан қысымы төмендейді. Осы сияқты барлық аллергиялық аурулар туады: демікпе, есекжем, т.б.
Ауырлығына қарай аллергиялық реакциялар 3 топқа бөлінеді:
1.жеңіл аллергиялық реакциялар – дуылдап қышу, шөп қызба
2.орташа ауыр реакциялар – Квинке ісігі, сары су ауруы
3.ауыр түрі (анафилактикалық шок)
Аллергияны, әр түрлі дәрілермен емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |