Глюкокортикоидтар
Аллергия тууының барлық кезеңдеріне әсер етіп аллергия белгілерін басады, бұл дәрілердің имуннодепресивтік қасиеттері бар, лимфоциттермен плазмоциттердің дамуын тежеп қарсы заттардың өнімін азайтады және майлы жасушалардың бұзылуын тежейді. Аллергия медиаторларына қарсы әсер етеді, сол себептен глюкокортикоидтар барлық аллергиялық ауруларда әсерлері, емі жоғары. Бірақ жағымсыз әсерлері көп болғаннан кейін оларды ауыр және орташа аллергияларда, аллергиялық ауруларда (демікпе, дәнекер ұлпалардың зақымдалуында), тері ауруларында (аллергиясында) май түрінде қолданады.
Препараттары: целестодерм, преднизолон, преднизон, гидрокортизон.
А нтигистамин препараттары
Димедрол – Dimedrolum; шығу түрі: таб 0,05 N10 1 таб. күніне 1-3 рет, амп.1% - 1мл – б/е, венаға күніне 2 рет.
Қолдануы: шөп қызба, аллергиялық коньюктивит, Квинке ісігінде, тыныштандыру, ұйықтату үшін.
Жағымсыз әсері: бас айналады, аурады, ауыз кебеді, ұйқы туғызады, әлсіздік болады. Қарсы көрсеткіштері: көлік жүргізушілерге, станокта жұмыс істейтін адамдарға қолдануға болмайды.
Дипразин - Diprazinum (пипольфен,) шығу түрі – таб 0,025 N10 1 таб.күніне 2-3 рет, таб 0,005 балаларға 1 таблеткадан күніне 2 рет, амп. 2,5% - 2мл N 10 б/е, венаға күніне 2 рет.
Қ олдануы: шөп қызба, аллергиялық коньюктивит, Квинке ісігінде, наркотикалық, жергілікті анестезиялық препараттардың әсерін ұзартады.
Жағымсыз әсері: бас айналады, аурады, ауыз кебеді, ұйқы туғызады, әлсіздік болады.
Қ арсы көрсеткіштері: көлік жүргізушілерге, станокта жұмыс істейтін адамдарға қолдануға болмайды, глаукомада, жүктіліктеде.
Тавегил – Tavegilum, шығу түрі – таб: 0,001 N20 1 табл. күніне 2 рет, амп 2 мл N5 б/е күніне 2 рет,
С упрастин –Suprastinum; шығу түрі – таб: 0,025 N20 1 табл. күніне 2 рет, амп 2,5% 2 мл N5 б/е күніне 2 рет,
Лоратадин – Кларитин; шығу түрі – таб 0,01 N20
1 таб күніне 2 рет
Достарыңызбен бөлісу: |