Антибиотиктердің микрофлораға әсер ету түрлері
Бактерицидтік
|
Бактериостатикалык
|
Пенициллиндер
|
Тетрациклиндер
|
Цефалоспориндер
|
Левомицитин
|
Аминогликозидтер
|
Линкомициндер
|
Монобактамдар
|
Макролидтер
|
Саңырауқұлаққа қарсы
антибиотиктер (нистатин)
|
|
Полимиксендер
|
|
Амфотерицин В
|
|
Антибиотикотерапияның принциптері
- Препарат кең спектрлі болу керек
- Ағзадағы қалыпты микрофлораны бұзбау қажет
- Микробқа сезімтал препаратты қолданып, тұрақтылығы жәй даму қажет
- Бактерицидтік әсер ету керек
- Әсері ұзаққа созылу керек
- Дәрілердің түрлері қолдануға ыңғайлы болу керек
- Емді қалыпты мөлшерде қолданып ара-қашықтық сақтау керек
- Емдеу ұзақтығы 5-7 күн болу керек
- Егер қалыпты микрофлораны өзгертсе, міндетті түрде саңырауқұлаққа қарсы препараттар
қолдану қажет
-Нұсқауды оқып, сол бойынша қолдану қажет
Антибиотиктердің сынып талуы (химиялық құрамына байланысты)
- Пенициллин тобы (бетта лактамдар)
- Цефалоспориндер
- Макролидтер
- Аминогликозидтер
- Тетрациклиндер
- Левомицетиндер
- Линкомициндер
- Полимиксендер
- Монобактамдар
1. Пеницилиндер тобы
Бұл топтың препараттарының молекулалары бетта лактам құрамынан тұрады, ұзақ қолданғанда, микробтар арнайы фермент шығарады, бетта лактам құрамын бұзатын, сондықтан әсері нашарлап, тұрақтылық пайда болады
а) қысқа әсері бар пенициллин препараттары (калий, натрий тұздары) тек парентералды жолмен қолданады (б/е, венаға), ауыз арқылы қолданбайды, өйткені қышқыл ортада тез бұзылады, әр-түрлі кокктарға тек қана бактерициттік әсері бар. .
Б ензилпенициллин натрий тұзы – Benzylpenicіllini natrii; шығу түрі 25 000 ЕД, 500 000ЕД, 1000000 ЕД флаконда шығады, қолданар алдында 3-5 мл 0,5% новокаин ерітіндісіне ерітіп 4-6 сағ. сайын еңгізеді бұлшық етке
Қолдануы: ағзадағы, ұлпадағы ірінді процестерде, пневмония, абцесс, флегмонда, бронхитте, демікпеде, миозитте, дифтерияда, сібір жарасында, эпидемиялық мененгит, созда, мерезде қолданады.
б) ұзақ әсері бар пенициллин препараттары: Bicillinum-3; 600 000, 1 200 000 ЕД бұлшық етке, 6-7 күнде 1 рет еңгізу, қолданар алдында флаконды 3-5 мл 09 % NaCl ерітіндісіне ерітітеді
B icillinum-5; 1 500 000 ЕД бұлшық етке, 1 айда,1 рет еңгізу. Ұзақ әсері бар пенициллиндердің әсерлері 24 сағат, одан да көп уақытқа созылады, сондықтан жұмасына, айына бір рет енгізіледі. Ревматизм ауруларында және мерез, соз ауруларын емдеу үшін қолданады
в) жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин, оксациллин, ампиокс, аугументин (амоксиклав).
Ampicillini trihydras – шығу түрі таблетка 0,25 N10, 1 таб.күніне 4-6 рет
Ampicillini natrii – шығу түрі флакон 0,25-0,5г, қолданар алдында 3-5 мл инъецияға арналған суға ерітіп 4-6 сағ. сайын еңгізеді бұлшық етке.
Ampioxum - шығу түрі қабықта 0,25 N10, күніне 4рет ішу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |