Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Зат алмасу үрдістерін реттейтін дәрі дәрмектер



бет97/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Зат алмасу үрдістерін реттейтін дәрі дәрмектер
Гормон препараттары
Организмде ішкі бездердің секрециясынан өнетін биологиялық жоғары активті заттарды гормондар деп атайды. Ішкі бездердің секрециясына: қалқанша безі, қалқанша маңы безі, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс бездері жатады.
Ішкі бездер секрециясының ішінде, бас миының төмеңгі жағында орналасқан бұршақ мөлшері мидың қосымша бөлігі гипофиздің маңызы зор. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің және жыныс безінің секрециясын қоздырады, ал жоғарғы айтылған бездердің гормондары өз алдына гипофиз гормондарының өнуін тежейді.
Құрамында гормондар немесе олардың синтетикалық ауыстырушылары бар дәрілер «гормон препараттары» деп аталады, бұл дәрілер егер табиғи гормондар жетіспегенде, алмастыру терапиясы үшін қолданылады. Егер гормондар организмде көп бөлінсе, оның ем ретінде сол гормондардың антогонистерін қолданады, ішкі бездердің секрециясының кемшілігінде бұл терапия көп уақыт, тіптен өмір бой қолданады.


Гипофиз гормондарының препараттары
Гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, орта және артқы, гипофиздің әр бөлігі қанға гормон заттарын бөледі, гипофиздің алдыңғы және артқы бөлігінің гормондары жақсы зерттелген. Бұл гормондардың көбі препарат ретінде алынған.


Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормон препараттары
Г ипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі:
Адренокортикотропты (АКТГ) (бүйрек үсті безінің гормондарының өнуін күшейтеді), өсу гормоны, лактоген гормоны (босанғаннан кейінгі уақытша емшек сүтінің шығуын күшейтетін), тиреотропты гормон (қалқанша безінің гормондарының өнуін, бөлуін күшейтетін), 2 гонадотропин гормондары (аналық без гормондарының өнуін күшейтетін гормон және лютин гормоны – жыныс бездерінің активтілігін күшейтеді).
Тағы да медицина практикасында өсу гормонының препараты (самототропин), лактоген гормондарының препараты (пролактин – емшек сүтін көбейту үшін), тиреотропты гормонның препараты (тиреотропин) және гипофиздің гонадотропин гормондарының препараты (менопауызды гонадотропин, хроникалық гонодотрапинді) қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет