204
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. №4 (72). 2014
Жерге заттық құқықты Қазақстан Республикасының жер құқығының негізгі мәселесі ретінде ...
тық құқық жүйесі даму сатысында тұр деп
негіздеуге болады. Осыған байланысты негізгі
өзекті мәселе ретінде жерді заттық құқықтың
дараландыру құралдары, ұйымдастыру – құқық-
тық жағдайларын, жерге заттық құқықты заң
актілерінде бекіту, оның тиімді әрекет етуі үшін
ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайлар жа-
сау, әрбір жеке жерге заттық құқықты қолдану
жағ дайын, мазмұнын, мәнін заң актілерінде
нақты белгілеу, жерге заттық құқықты қорғау
механизмін заң актілерінде бекіту сияқты
мәселелер шешімін табуды қажет етеді.
Отандық заң ғылымында жер учаскесінің
заңи мәні бар функционалдық-сапалық ерек-
шелігін және оның жер, жер ресурстары, су
қоры, қозғалмайтын мүлік секілді түсініктермен
салыстыра отырып ең алғашқылардың бірі
болып зерттеген ғалым А.Х. Хаджиев. А втор ҚР
ЖК-12 б. сәйкес, жер учаскесі – осы Кодексте
белгіленген тәртіппен жер қатынаста ры
субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық ше кара
ішінде бөлінген жер бөлігі деп көрсетілгенімен,
жер учаскесінің қозғалмайтын мүлік ретінде
негізгі параметрлерін анықта майды. Римнің
жеке құқығының өзінде жер учаскесі ең
алдымен онда орналасқан таби ғи объектілердің
құқықтық режимінің ерекше ліктерін қоса
алғандағы
қозғалмайтын
мүлік
ретінде
анықталады. ЖК-нің 5-тарауында жер учаскесі
меншік құқығының, жер пайдалану құқығының
және өзге заттық құқықтың объектісі ретінде
көрсетеді [6, 93].
Азаматтық кодекстің 117 б. сәйкес, Жылжы-
майтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер
учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық
екпелер және жермен тығыз байланысты өзге
мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай
емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын
объектiлер жатады.
Ұсынылған заңнамалық анықтамасынан
жер учаскесіне қатысты келесідей ережелерді
ұсынуға болады. Жер учаскесі жердің бөлігі
болып табылады. Олардың арақатынасы бүтін
мен бөліктің арақатынасы іспеттес. Сәйкесінше,
«жер учаскесі» ұғымы «жер» ұғымынан
туындайтынын былайша көрсетеміз:
– жер учаскесі нақты бір зани негіздемеге
сүйене отырып, жер қатынастарының белгілі бір
субъектісіне бекілініп берілген;
– субъектіге бекітіліп беруі шаруашылық
және өзге қолдау мүмкіндігі мен қажеттілігі
мүм кін болғандықтан, жер ресурстарына
жатқызы лады;
– шекарасы нақты анықталған;
– жекелеген нақты белгілерге ие қозғал-
майтын мүлік объектісін көрсетеді [5,75].
Егер Қазақстан Республикасының заң актi-
лерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне
құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың
үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпе-
лерге қолданылады.
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер
пайдаланушының топырақ қабаты астындағы
жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң
нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы
саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан
Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзе-
ге асырылады. Кең тараған пайдалы қазба-
ларды өндiруге және жеке қажетке жерасты
сула рын алуға жер қойнауын пайдалану құқы-
ғын табыстау қойнауында кең тараған пай-
далы қазбалар және жерасты сулары бар
жер учаскелерiн жекеменшiкке немесе жер
пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Сонымен, ұсынылған ақпараттарды талдай
келе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, заттық
құқық ұғымы меншік құқығы ұғымымен тікелей
байланысты ұғым болып табылатынын ай
-
тамыз. Біздің пікірімізше, заттық құқықтың
негізгі мәселелерінің бірі ретінде оның заңи
анықтамасының көрсетілмеуін айтамыз. Отан дық
авторлардың пікірлері, келешекте жерге заттық
құқық анықтамасының ұсынуға әкелуі тиіс.
Заттық құқық белгілерінің ішіндегі абсолют-
тілік белгісіне сүйене отырып, оны қорғау
механизмін жетілдіру керек деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: