Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


Қазіргі мистикалық прозаның  ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
3.3.Қазіргі мистикалық прозаның  ерекшелігі. 
 
Мистикалық  проза философиялық тұрғыдан алғанда бі-
регей  құбылыс  деп  айтуға  болады.  Ол  неміс  романтиктерінің 
прозаларынан,  атап  айтқанда,  Гофманның және  Гетенің  «Фаус-
тынан» бастау алған.  
ХІХ-ХХ ғғ. ширегіндегі модернизм өнеріндегі классика-
лық  реализм  қағидаларына  неоромантизм  ағымының  жаңалық-
тары енгізілді. Бұл болмыстың материалдық және трансцендент-
тік деңгейлерін біріктіретін «көркемдік қос әлем» үлгісінің пай-
да болуына серпін берді. Сол кезінде өзінде А.Белый өзінің сим-
волизм туралы жұмыстарында мистикалық прозаны литература-
ның феномені ретінде (мистический реализм как феномен лите-
ратуры) теориялық тұрғыдан түсіндіріп кеткен.   
Алайда,  Н.Бердяев  мистикалық  реалист  ретінде 
Ф.М.Достоевскийді де атап айтқан.   
«Братья  Карамазовы»  туындысының  авторы  шын  мәні-
сінде фантастикалық реализмнің негізгі қағидаларын қалыптас-
тырып,  оны  өзінің  шығармашылығында  жүзеге  асырды,  бұл 
Ресейдегі  және  Батыстағы  (Ф.Сологуб,  А.Белый,  Л.Андреев, 
Т.Манн, Ф.Кафка және т.б.) ХХ ғасырдың әдебиетіне орасан зор 
ықпалын тигізді.  
ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңында және 30 жылда-
ры  мистикалық  реализм  жаңа  қасиеттерге  ие  бола  бастады: 
«нақты өмірдегі» иррационалды мәтінге деген қызығушылық өз 
басымдығын  жоғалта  бастайды.  Жаңа  нақтылықты  тудырушы 
ретінде түсіндірілетін шығармашылық өзіне автордың трансцен-
дентті  көзқарасын  бағындырады.  «Қос  әлем»  үлгісі  жаңадан 


 
191 
туындаған  өнердің  жоғарғы  міндеттерін  шешуде  –  болмыстың 
мистикалық  мәнін  ашуға  ұмтылған  автордың  туындатушы  са-
насында болмысты қайта қалыптастыруда өте ұтымды болып та-
былды.  
Фантастикалық бастамалар да өзіндік қасиеттерге ие бол-
ды.  Бұл  –  тар  мағынада  «ғажайып»  емес,  сондай-ақ,  ғажайып 
жағдайға  қосымша  прагматикалық,  натуралды  түсініктеме  жа-
салатын  «реалистік  фантастика  да»  емес.  Мистикалық-транс-
ценленттік әңгімелеудің материалына «ойдан шығарылған» көр-
кем реализмнің құрамдас бөліктері бірге өрілген.  
Қазіргі заманғы автор жазып өткендей, бұл жағдайда реа-
лизмнің  шығармашылық  ойдың  туындатудың,  кітаптың  алдын-
дағы «онтрологиялық басымдығына» күмән келтіріледі.   
Мистиканың «метафикционалды прозамен» өзіндік қосын-
дысы пайда болады. Мәтіннің фантастикасынан ажырату қиынға 
түсетін повестің кейіпкерлері мен басқа да объектілерінің ойдан 
шығарылған  нақтылы  өмірдің  деңгейлерінің  арасындағы  ирра-
ционалды бас айналдыратындай ауысуы нақтылы өмірдің/ мис-
тиканың кеңістігінде ғана емес, сондай-ақ, материалды/ тансцен-
дентті / көркем өмірде де жүзеге асырылады.  
Герман Гессе, Владимир Набоков және Михаил Булгаков – 
ХХ ғасырдағы мистикалық реализмнің ең жарық, әйгілі өкілде-
рі.  Олар  «метафикционалды  прозаның  канондық  түрлерін  қа-
лыптастырды деп айтуға да болады». Осы аталған үш жазушы-
ның шығармашылық тұлғаларының арасында әр қашанда көріне 
бермейтін типологиялық сәйкестік байланысы қалыптасқан.        
«Бүгінгі қазақ прозасының  басты мақсаты, бағыты  – осы 
адамзаттың  мойнына  артылған  мәңгілік    күрестің  бар  екенін 
анықтау ғана емес, осы екі арадағы адам жанының күресін, ар-
палысын бейнелеу. Адам баласының өмір мен өлім арасындағы 
қысқа    ғұмырын  осы  мәңгі  тайталаста  қалай  өтіп    жатқанын 
анықтау  және  олар  бүгінгі  сананың  өркендеуіне  сай  жаңа  фор-
мамен, жаңа мазмұнмен, жаңа пішінмен  дүниеге келеріне күмән 
жоқ» деп түйіндейді А.Ісімақова. 
Т.  Шапайдың  «Жазуы»  –  мистикалық  әңгіме.  Себебі 
онда діни кітаптарда айтылатын, адам өмірінің құпиясын жазған 
жазмыш тақтасы елес түрінде беріледі. Автор қарапайым ситуа-


 
192 
цияны  трагедиялық  биікке  көтеріп  жібереді.  Кейіпкердің  қыр 
соңынан қалмайтын, жел ұшыратын бір жапырақ қағаз қазақ дү-
ниетанымындағы  маңдайдағы жазу. қаламгер ұлттық  танымды 
мұсылмандық  түсінікпен  астастырып  жіберген.  «Күнде  көріп 
жүрген  қағаз...  Осы  қағазда  шынымен,  жан  бар  шығар,  тегі...» 
дейтін  авторлық  таңданыс  оқырман  санасына  да  әсер  етеді.. 
«Қағаз  бетіндегі  тылсым  жазуды  анық  оқыдым.  Ап-анық  бола-
тын,  сол  мезетте  ұмыттым».  «Көрген  түстей  өмір».  «Бәріміз  – 
жазуын ешкім ұқпайтын бір жапырақ қағазбыз».  
Автордың  бұл  концепциясында  бесенеден  белгілі  бұй-
рық, жазмыш, тағдыр дейтін танымдар ерекше пафоспен беріл-
гендіктен  авторлық  таным  мен  діни  таным  аражігін  ажырату 
қиынға  соғады.  Яғни,  мистикалық  тебіреніс  арқылы  автор  әсер 
етудің  көркемдік  амалын  тапқан.  Ал,  М.Мағауиннің  «Тағдыр 
жазуы» да  мистикалық  әңгіме  болғанымен,  берілу  формасы  
бөлек.  
Т.Шапайдың  «Жазуында»  –  мұнда  жалпы  адамзаттың 
тағдыры. Ал, «Тағдыр жазуы» – бұл жалқы тағдыр. Жазушының 
жеке  тағдыры.  Оның  «мені».  Расында,  «Мен»  атты  өз  романы-
ның  мистикалық  нұсқасы.  Жазушы  Гораций,  Пушкиндерден 
мирасқа  үлкен  әдебиетте  қалған  тұлғалық  «менді»  айтып  тұр. 
Бұл оның өзіне деген анық сүйіспеншілігі, сол себепті асылық та 
танылмай  қалмайды.  Алғашқы  әңгімеде  (Т.Шапайда)  құдайға 
құлшылық  жасырын  мәтінмен  тұр.  Екіншісінде  құдай  идеясы 
жоқ. Балалық шақтың баянынан автор 60-тан асқан шағына бір-
ақ тоқталады. Мұнда да өң мен түс. Жазушы фәни дүниедегі өз 
биігіне жеткен. «...тылсым жазулы Көк тас... тағы да көз алдыма 
келген  еді.  Бұл  не  ғажап!  Көргенім  анық.    Ғайыпқа  айналуы 
қалай?».  Ол  құбылысқа  өзі  баға  береді:  «Тағдыр  Жазуы  екен! 
Менің  Тағдырымның  Жазуы!  Менің  тағдырым    –  небары  бес 
жол. Тағдыр Жазуы. Менің жазуым. Екеуі бір-ақ нәрсе». 
Жазушылық болмысты ол Тәңірі құты деп таниды.  Жазу-
шы мұны зор мәртебемен айтса керек. Тағдыр мен шығармашы-
лық  тұтасып  кеткен.  Бұл  творчествоға  гимн.  Әңгіме  осынысы-
мен  құнды.  Өз  тағдырына  ерен  разы  тәрізденеді.  Өйткені  өл-
мейтін сөз ғана. Рух мәңгі жасайды. Көк тастағы жазу сол рух-
тың  бұйрығы.  Соған  бағынып  жазушы  жыраулар  поэзиясын 


 
193 
қайта  жаңғыртты.  Сөйтіп  алашына  ұлы  олжа  салды.  Қазақты 
ұлтсызданудан  сақтауға  аянбай  қызмет  қылған,  Абай  жолын 
жалғаған М. Мағауин, «Тағдыр Жазуын» осылай ұғады. Өз жо-
лын қоса саралайды. Мұнда шынайы өмір мен аралас. Автор мұ-
ның ара-жігін білдірмей жібереді. 
Бұл әңгімеде «Болмасаң да ұқсап бақ» дейтін ұлы филосо-
фия  сарыны  бар.  Мистикалық  сарын  толыққанды  көрінбегені-
мен,  бір  тақырыпты  қаузаған  екі  ұрпақ  өкілі  (аға,  орта  буын) 
М.Мағауин  мен  Т.Шапай  екі  түрлі  жол  тапқан.  Ортақ  белгі  – 
тағдыр, өлім болмысының ортақ ұқсастығынан туындайды.  
Тарихи  тұлға,  сондай-ақ  Т.Шапайдың  «Көл»,  «Айна  са-
рай»  деп  аталатын  әңгімелері  атауларының  өзінен  көрініп  тұр-
ғандай-ақ, көп сөзділіктен қашқан. Ғасырлық оқиғаларды түсін-
діру  үшін  авторлар  әрі  ықшам,  әрі  терең  метафоралық  бейне-
леуге, метафоралық  астарлауға жүгінген. 
Мистикалық сарын Т.Шапайдың «Көл» әңгімесіне де тән. 
Шағын  әңгімедегі  көл  сипаты  –  Өлі  көл.  Сұмдық  тылсым. 
Мифтегі  о  дүниенің  суы  сияқты.  Көлге  бұлақ  құймайды,  ағып 
шықпайды.  Тіршілік  нышаны  жоқ.  «Көлдің  беті  қыбырсыз», 
«Суы мөлдір емес, түссіз». Аңызда бұл көлде түп жоқ. «Бір сұм-
дық қиянаттың туындысы» деп топшылайды автор. «Осы көлдің 
адамды тартатын бір тылсымы бар». «Көл атсыз».  
«Здесь  же  сочетание  деструктивных  сем  черного  цвета 
включает хтонические, животные и другие образы в контексты, 
повествующие о смерти и разрушении. «Черное черво» земли – 
чрево  ада.  Черная  птица  –  вестница  несчастья.  Черная  река  – 
зеркало в инфернальный мир» 
3
.  
«Бұл  көлде  сарын  жоқ,  бұл  көлде  толқын  жоқ.  Бұл 
көлдің  аты  да  жоқ  –  сырын  жеті  қат  жер  астына  көмген  қара 
тұйық... қара тылсым...»  деп береді. Бұл суреттеудің астарында 
көл бейнесіндегі о дүниенің белгісіздіктің, тылсымның құпиясы 
жатыр.  Ажалдың  нақтылы  су  түрінде  тұлғалануы.  Ажал  – 
«тумақ  бар  да,  өлмек  бар»,  «өзекті  жанға  бір  өлім»  дейтін 
                                                 
3
 
Затонский  Д.В.  Франц  Кафка  и  проблемы  модернизма.  –  Москва: 
«Высшая школа», 1965. – 115 с. 
 


 
194 
философияны  қозғайды.  Ажалдың  белгісіз,  беймәлім  сыры  тір-
шілік атаулыға мейірімсіз, қатыгездігі мен салқындығы су сим-
воликасына сыйғызылған сыңайлы. Өйткені, көне фольклорлық 
ұғымда «Су аяғы – құрдым» − су о дүние мен осы дүниенің ара-
лық шекарасы. 
«Айна  сарай»  әңгімесінде  де  мистикалық  қуат  басым. 
Елес, қиял, аңсар шегіне жеткізіле әсіреленеді. Уақыт пен кеңіс-
тік  сығымдалып,  жинақталады.  Қайдан  келгенін,  қашан  келге-
нін, кім  екенін ұмыттым – осы шал  мені ертіп кеткелі қаншама 
ғасыр  өттті...  Асу-асу  белдерді,    құс  қанаты  күйген  шөлдерді 
бастық. Көк  теңіздер кештік, көп елдер  көрдік. Күндердің  күні 
белгісіз бір жазираның ортасында, күнге шағылған күміс мұнар  
ішінде толқындап,  билеп  тұрған елес  бейнелі ғажайып қорған, 
әлде сарай – көзге шалынды».  
Айна  –  философиялық-эстетикалық  феномен.  Сондай-ақ, 
қазіргі заманғы мәдениеттанудың, әдебиеттанудың категориясы 
болып табылады.  
Мифологиялық таным бойынша айна екі әлем арасындағы 
шекара  ретінде,  өлімнің  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарастырыл-
ған.  Ол  оның  сиқырына  қол  жеткізгендер  үшін  күштің  қайнар 
көзі ретінде және кеңістіктің алдында билік жүргізу әдісі ретінде 
саналады,  нәтижесінде  айна  әдеби  мәтіндерде  өз  көрінісін  таба 
бастады.  
Орта ғасыр заманында «айна» түсінігі мистикалық реңкте 
(айнаның жылтырауы алдамшы, ол шайтан, ібілістермен байла-
нысты және адамды қақпанға түсіреді деп саналған) ғана болған 
жоқ, сонымен қатар, оқырманға үлгілі мінез-қылықтарды ұсына-
тын  моральдық,  дидактикалық  әңгімелердің  ерекше  жанры  бо-
лып табылады. Ренессанс кезеңінде тұлғаның ғаламның шексіз-
дігі  идеясын  меңгеруіне,  «көру  туралы»  ғылымды  әлемнен  қа-
шықтық  ұстану  үшін қолдануға  байланысты  «айна»  тақырыбы-
ның  бағыты  біраз  өзгерістерге  ұшырайды.  Қазір  айна  иеррар-
хиялық байланыстар жүйесіндегі медиатор қызметін ғана атқар-
майды, сонымен қатар, сезінуге болатын әлем мен жоғары тыл-
сым  әлемінің  теңдігін  ашып  көрсетеді  (Николай  Кузанскийдің 
философиялық  жүйесі  бойынша  айна  «оптикалық  ойындармен 
ойнауға»  мүмкіндік  беретін,  объектінің  бірегейлігін  және  оның 


 
195 
көрінісін  анықтайтын  көру  құралын  білдіреді).  ХVІІ  ғасырда 
айна нақытылы өмірді оның симметриялық көшірмесімен алмас-
тырып, өмірді театрлік спектальге айналдырады. Айна галерея-
сы  барлығы  бірін-бірі  көре  алатын  және  басқаларды  олардың 
көзқарасын  өзіне  аудару  арқылы  көре  алатын  қоғамдық  пара-
доксті білдіреді. Бұл кезде адамның ішкі жасырын жан-дүниесін 
іздестіру  айнаның  функционалды  нұсқасы  болып  табылатын 
көркем және әдеби портреттер арқылы жүзеге асырылады.  
Келесі  кезеңдерде  айна  кеңінен  таралған  тұрмыс  құралы 
ғана  болып  табылған  жоқ,  сонымен  қатар,  тұлғаның  қалыпта-
суы, өзін-өзі тануы үрдісінде адамның ізденісімен қатар жүретін 
белгілік құрал болып қарастырылған.  
Айна  мифологемы  ХХ  ғасырдың  басынан  бастап  әдеби-
көркем санада, әсіресе, символизм поэтикасында толығымен жү-
зеге  асырыла  бастады.  Сонымен  бірге,  айна  ағымы  символис-
тердің  көркем  әдістерінің  біріне  айналады.  Айна  әлемдер  ара-
сындағы  шекараның  ролін  атқарады.  Айнада  көрініс  тапқан 
және  табатын  әлемдердің  өзі  ғаламдағы  идеалды  және  нақты-
лыққа сәйкес символистік ғаламдық көзқараспен теңдестірілген. 
Символизм  поэтикасындағы  айна  екіжүзділік,  өлім  тақырыпта-
рына  сәйкестендіріліп,  эротикалық  коннотацияға  ие  болып, 
ақылсыздық мотивімен сәйкестендіріледі.  
М.М.Бахтин  (1895-1975)  –  ойшыл,  филолог,  меңгеру 
объектісі ретінде  айна  1920  жылдардан бері  қалыптасқан гума-
нитарлық  ғылымдардың реформаторы-әдіскері. Бұл  жерде  айна 
феномені  «басқалардың»  категориясымен  тікелей  байналысты-
рылады.  «Айнаның  алдындағы  адам»  жағдайы  М.М.Бахтиннің 
тәлімдік-тәрбиелік философиясына айналады. М.М.Бахтин үшін 
айна  мәселесінің  маңыздылығы  оның  «Достоевскийге»  толық-
тырулар мен өзгертулер енгізу кезінде аталған тақырыпқа қайта 
айналып соғып қана қоймай, оны болашақта қайта өңдеудің қа-
жеттілігін атап өткендігінен айқын байқалады.  
Бахтин  философиялық  мәселелер  шегінен  шыға  отырып, 
«айна  алдындағы»  адамның  бейнесін  бір қатар  келесі  құрамдас 
бөліктері – айнаға қарап тұрған адамның өзінің сыртқы бейнесін 
тануының қарапайым әдісі және «басқалар» ұстанымы тұрғысы-
нан өзін-өзі тануы арқылы ашады.    


 
196 
М.М.Бахтиннің  байқауынша,  айна  кейіпкердің  өзін-өзі 
тануында  ықпалын  тигізеді.  Бұл  жерде  кейіпкер  автордың  кө-
мегінсіз  айна  арқылы  өзінің  ішкі  әлемін  және  сыртқы  сипатын 
тануға  мүмкіндік  алады.  Бұл  жағдайда  М.М.Бахтиннің  айнасы 
тұрмыс  құралы  ғана  емес,  сондай-ақ,  адамның  өзі  сыртынан 
көру, өзін-өзі бағалау қызметін атқарады.  
Бахтиннің  пікірінше:  «...  функцию  зеркала  выполняет  и 
постоянная  мучительная  рефлексия  героев  над  своей  наруж-
ностью, а для Голядкина – его двойник».   
Бүгінгі  адам  психологиясында  жүріп  жатқан  арпалысты  
ашу  үшін, әрине, оның  өзін  ғана  сөйлету  жеткіліксіз.  Адамның 
ішкі  әлемінің  мүмкіншіліктерін,  оның  тез  өзгеріп  жататынын, 
тіпті өзін-өзі билей алмайтын, өзіне де  көп жайда түсініксіз әре-
кеттердің пайда болуына тоқтау  сала алмайтын ерекше күштің 
билеп кететінін зерттеуге көшкен бұл әңгімелер – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет