Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


ІҮ. Қазіргі қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
ІҮ. Қазіргі қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері 
 
4.1.
 
Қазақтың жаңа метафоралық прозасындағы  
гротескілік  қолданыс. 
 
Гротеск және күлкі - түпкілікті тамыры халық танымы мен 
шығармашылығының сонау архаикалық қабатынан орын тепкен 
ежелгі  құбылыс.  Олардың  қайнар  көздері  миф,  ритуал,  мисте-
рия,  магия  мағынасының  саласында жатыр.  Осылай  деп  айтсақ 
та, ол қазіргі заманғы көркем сананың категориясы болып табы-
лады  да.  Олар  әдебиет  пен  мәдениеттің  дамуының  әр  түрлі  ке-
зеңдерінде алуан түрлі семантикаға, қызметтерге, көркемдік си-
паттамаларға ие болады. Гротеск бүгінгі күнге дейін алуан түрлі 
дискурстарда  кездейсоқ  мағыналар  мен  коннотацияларды  ай-
қындаушы ерекшелігі бар құпия категория болып саналып отыр. 
Күлкі  әлемінің  кеңістігінде  гротеск  М.Бахтин,  Ю.Борев, 
А.Гуревич, Б.Дземидок, А.Зверев, Д.Лихачев, Ю.Манн, В.Пропп, 
С.Юрков  және  т.б.  сияқты  бір  қатар  ұлы  зерттеушілердің  зерт-
теу пәніне айналып отыр.  


 
206 
Гротесктік бейнелеу көптеген неміс тілді жазушылар үшін 
(Эдгар Хильзенрат,  Яков  Линда,  Дьердя  Табори) өлім  мен  зор-
лық-зомбылықтың фантастикалық картинасын бейнелеудің жал-
ғыз  мүмкін  әдісі  болып  табылады.  Құрып,  күнәға  батып  бара 
жатқан  адамзаттың  этикалық  және  идеялогиялық  қарама-қай-
шылықтарындағы  гротекстік  бейне  қазіргі  заманғы  әдебиетте 
нақтылы бір тарихи немесе саяси оқиғамен шектеліп қоймайды: 
Ф.Дюрренматтың  шығармаларындағы  әскери  іс-әрекеттер  мен 
бейбітшілік  өмір  бояуындағы  абсолютті  әділеттілік  пен  адами 
тұлғаның  шаралын  іздестіру  метафизикалық  мәнге  ие  болады; 
ал Крисоф Ранемайрдың туындыларын апеокалиптикалық тақы-
рыпқа жатқызуға болады.   
Гротеск категориясының көркемдік мағынасының аплиту-
дасының  құрамына  трагедия  мен  комедия  да,  рационалды  мен 
иррационалды  да,  логикалық  және  абсурды  да  енеді.  Рацицен-
тризм  дағдарысын  басынан  кешірген  қазіргі  заманғы  әдебиет 
пен мәдениет көркемдік мүмкіндіктерді іздеу ойлау мен шығар-
машылықтың барысында миф, ритуал, салт-жоралғылар сияқты 
архаикалық түрлеріне назар аударады.  
Ғалымдар гротеск категориясының күлкі мәдениетінің құ-
рамдас бөлігі ретінде дамуындағы «күлкі» және «гротеск» кате-
горияларының концептурасын әр қарай қалыптастыратын негізгі 
екі жетекші дәстүрді бөліп көрсеткен. Олардың біріншісі – арис-
тотельдік «каноннан» бастау алған классикалық дәстүр, ол еуро-
палық  эстетиканың  және  ХХ  ғасырдың  басына  дейін  «ресми» 
әдебиет  пен  мәдениеттің  негізін  қалады.  Екіншісі  –  көркемдік 
сананың  архаикалық  түрлеріне  сүйенетін  фольклорлы-мифоло-
гиялық дәстүр, бұл жерде гротеск аяқталмаған болмыстың таби-
ғи логикасы ретінде қалыптастырылған.    
Аристотельдік теория өнердегі гротеск құбылысын табиғи 
сәйкестікке қатысты «шындыққа жанаспайтын» құбылыс ретін-
де  негіздейді.  Бұл  ұстаным  классикалық  әдебиет  пен  өнердегі 
күлкі мен гротескті анықтаудағы миметикалық детерминизм қа-
ғидасын  анықтайды.  Ол гротескке  комикалық  өнердің  төменін-
дегі эстетикалық маргиналия мәртебесін берді.   
ХХ  ғасырда  жаңа  философиялық-эстетикалық  теориялар-
дың  ықпалымен  күлкінің  және  гротескіні  түсіну  шектері  ай-


 
207 
тарылқтай  кеңейтілді және  аталған  категориялардың  типтік  ұқ-
састығы өзгертілді.  
А.Зверевтің  пікірінше,  «ХХ  ғасыр  классикалық  ұста-
нымдарға қарамастан, өнердің күлкілі және трагикалық бастау-
ларын шектеуді күрделендірді». Олар көбінде ғажайып симбиоз 
ретінде қалыптасады, ал кейбір жағдайда органикалық синтезді 
қалыптастырады.  
ХХ  ғасырдың  әдебиеті  мен  мәдениетіндегі  комикалық 
емес коннотациялардан тұратын күлкінің амбивалентті табиғаты 
зерттеушілерге оның мағынасының қайнар көздерін аристотель-
дік  эстетикадан  емес,  сана  мен  шығармашалықтың  ежелгі  тақ-
пақтық түрлерінен іздеуге негіздеме береді.  
Бір 
қатар 
ғалымдардың 
пікірінше 
(А.Лосев, 
О.Шапошников),  «мифологиялық  санада  гротесткке  орын  жоқ, 
ежелгі  құдайларға  деген  сакральды  қатынас  оларды  бейнелеу-
дегі комикалық құралдарды қолданбайды».  Мифтер әлемді та-
нудың бірегей түрі және поэтикалық құрылымдар мен бейнелер 
арқылы  қабылданған  әлемді  танудың  өзіндік  әдістемесі  болып 
табылады.  А.Лосевтің  ұстанымы  бойынша  «миф  поэтикалық 
фикция  да,  поэзия  да  емес.  Миф  мифтік  тұрғыдан  ойлайтын 
субъект үшін ойдан шығарылған емес, абсолютті шынайы құбы-
лыс болып табылады.  
Ғалымдардың  тағы  бір  тобының  пікірі  бойынша 
(М.Бахтин, А.Гуревич, Л.Карасев, В.Пропп, С.Юрков) «мифоло-
гиялық сана өзінің табиғатынан гротескілі болып саналады».  
А.Гуревичтің  көзқарасы  бойынша  гротеск  мифологиялық 
сананың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Ғалым  былай  деп 
жазған:  «мәдениет  ежелгі  болған  сайын қандай  да  бір коннота-
циялық органикалық жағдайдағы оның жеке бір түрлері аз диф-
ференциацияланады,  ал  оның  механизміндегі  күлкілік  бастама-
ның мәні жоғары болады».  Бұл жерде Гуревич адамның наны-
мындағы құдайлардың бейнесі олардың сынауды немесе наным-
ның әлсіреуін білдірмейді деген алғышарттарға сүйенген. 
Сакральды  және  күлкілі  құбылыстың  жарамастық  идеясы 
негізі ретінде өлім және тудың архетипі болып табылатын миф-
тің табиғатына тән болып келеді. Ол космогоникалық және күн-
тізбелік  мифтер  үшін  серпін  болып  табылады.  Әдет-ғұрыптар 


 
208 
мен жоралғылар бұл киелі заңды қайта қалыптастырады, ал діни 
мистерияның  қатысушылары  өздерін  осы  қасиетті  күшке  қа-
тысы  бар  деп  сезінген.  Гротеск  өзінің  бастауын  дәнді-дақыл-
дардың  құдайы  Диониспен  байланысты  мерекелік  салт-дәстүр-
ден алады.     
Гротесктің  жанрлық  мүмкіндігі  нақтылы  авторлық  көр-
кемдік жүйелердің интерпретациясы кезінде жанрлық канонның 
өзгерімдігіне бағыт ұстанатын отандық және шетелдік әдебиет-
терде де қатар зерттелген. Жалпы әдістемелік тұрғыда жұмыста 
М.Бахтиннің  басынан  бастап  гротескінің  ойнамалы  табиғатына 
баса  назар  аударған  және  оның  Қайта  өрлеу  кезеңінен  кейінгі 
Барокко кезеңіне өту кезіндегі сапалы өзгерістерін қарастырған 
гротеск концепциясы пайдаланылған. Сонымен қатар, бұл  жер-
де,  В.Кайзердің  гротесктің  модернистік  түрлері,  соның  ішінде 
оның  жанрлық  құрылымы  туралы  пікірі;  Ц.В.Тодоровтың  әде-
биеттегі  гротескті-фантастикалық  талдауы  және  оның  жанрлық 
мәртебесін анықтауы өте құнды болып табылады.  
Уақыт  өте  келе  өзінің  дефнициясын  өзгерткен  гротесктің 
феномені мәнін ғана өзгерткен жоқ, сонымен қатар, өзінің архе-
типтік, дәстүрлік және авторлық  тарихи тамырларын да сақтап 
келе жатыр.   
Қазіргі заманғы әдебиетте көркемдік мәтіндегі гротеск пен 
күлкі архаика мен қазіргі заманды, мифологиялық және прагма-
тикалық  үлгілерді  байланыстыратын  метакатегориялар  түрінде 
келтіріледі. Қазіргі заманғы орыс прозасында гротесктік-күлкілі 
мәдениеттегі реликтік нысандар үш негізгі тақырыптық бағытта 
жүзеге асырылады: біріншіден, тілдік мифологияның мотивтері 
мен кейіпкерлерін қайта қалыптастыруда немесе жаңадан туды-
руда  (мысалы,  М.Вишневецкаяның  «Кощей  и  Ягда  и  небесные 
яблоки»,  «Небесный  меч»  романдары);  екіншіден,  өліп  бара 
жатқан немесе қайта тірілген құдай туралы мифті демифологи-
зациялауда,  көркем  эсхатологияда  (А.Слаповскийдің  «Первое 
второе пришествие», Ю.Буйдтың «Седьмой холм», В.Поповтың 
«Лучший  из  худших»,  О.Павловтың  «Конец  века.  Соборный 
рассказ»).  Қазіргі  заманғы  тарихи-мәдени  және көркем жағдай-
ларда гротесктің архаикалық түрлері жаңа мәнге ие болып отыр. 
Сонымен бір уақытта гротесктік-күлкілі құбылыс олардың бай-


 
209 
ланысында  қазіргі  заманғы  құндылықтар  жаңаша  көрініске  ие 
болатын өзіндік архетиптік мәдени ұяшық болып табылады.  
Осылайша,  ежелгі  заманғы  славяндардың  тілдік  мифтік 
әлемінің  қазіргі  заманғы  көркем  құрылысындағы  гротеск  пен 
салт-жоралғылы  күлкі  «адамдар  әлемі»  мен  «құдайлар  әлемі» 
арасындағы  қатынасты  айқындайтын  поэтикалық  құрал  болып 
табылады.  Күлкілі  бастама  жоғарғы  құдайлардың  пантеондық 
батырлары  үшін  киелі  бейнелеріндегі  саркальды  поэтикалық 
сыңары болып табылады. Комикалық коннотациялармен жарты-
лай құдайлардың гротесктік бейнелері қатар жүреді. Гротесктің 
құрылымындағы трагикалық жағдай басты кейіпкерлердің руха-
ни  өлімін,  олардың  жердегі  және  аспан  әлеміндегі  орнын  жо-
ғалтуын  бейнелейді.  Күлкінің  реликтік  формалары  мен  оларды 
бейнелейтін архаикалық гротеесктің рецепциясы тілдің әлсіреуі 
кезіндегі праславяндық қайта құрылу қызметін атқарады. Қазіргі 
заманғы  прозаның  ритуалды  күлкіге  қатынасы  үшінші  мың 
жылдық  ширегіндегі  көркемдік  және  қоғамдық  сананың  өзекті 
аспектілерін бейнелейді.       
  Т.Шапайдың  «Үйдің  иесі»  атты  туындысы  −  гротескілік 
әңгіме. Бұл әңгіме ә дегенде ұсақ-түйек оқиғаға құрылғандай кө-
рінеді. Кейіпкер өзі туралы айтқанда «орташа» деген ұғымға ек-
пін түсіреді. Ол қаланың пәтерін қоныстанған, басқамен қарым-
қатынасы  шектеулі  кеңістігі  тар  адам.  Автор  неге  бұған  екпін 
түсіреді?  Әуелгіде  ол  қатардағы  көптің  бірі  сияқты  көрінеді. 
Орташа  қызметі  бар,  орта  дәулетті,  ортаңқол  адаммын  деп  қа-
рапайым  дүниетанымды  уағыздағандай  әсер  етеді.  Бұл  ойдың 
астарында  иллюзия  бар.  Т.Шапай  прозасы  қазақ  әдебиетіндегі 
саяси гротескінің ерекше үлгісі.  Үйдің иесі – бұл қожайын емес, 
біздің қоғамның аллегориялық бейнесі. Ал біздің қоғам қандай?  
«Көркемдік  деталь  тұрмыстық,  заттық,  этнографиялық 
портреттік, пейзаждық деталь арқылы   кейіпкердің рухани әле-
міне  тереңдей  үңіліп,  адам  психологиясын  ашады.»    деп  
Г.Пірәлиева   ой  түйіндейді. 
 «Бұл  пәтер  бүгінде  –  сайтанның  сауық  үйі.  Өзгелер  бұл 
үйді Сайтан – клуб дейтін көрінеді». Сол сәт сөрелер қайғыдан 
опырылып түсті. Бұл күшті деталь. Қоғамның дерті күшті, іші-
нен  іріп  жатыр.  Ал  бұл  қоғамның  рухани  азғындап,  іріп-шіруі 


 
210 
қашан  басталған?!  «Сіз  кітап  оқуды  қойғалы  бері  (  яғни  не  за-
маннан  бері)  –  осы  үйді  жын  иектеді...»  дейді  үй  иесіне  қарсы 
сотта  кітап  шкафы.  Жазушы  заттарға  адами  кескін  береді.  Сы-
лаңдаған  сұлу  қасық,  күлімкөз  рюмкалар  –  сайтанша  арбайтын 
сұлудың  өзі.  «Алтын  қасық  аузыма  кіріп  шыққан  сайын  мадақ 
айтады,  күміс  қасық  құлағыма  жағымды  тәтті  өсектермен  сың-
ғырлайды»  –  бұл  ер-азаматтың  асыл  қалыбына  көлеңке  түсіре-
тін,  қазақ  қоғамын  өрмекшінің  торындай  торлап  алған  жағым-
паздықтың  персонификациясы,  яғни  тұлғалануы.  Өзі  тұтынған 
заттар үй иесін жан-жағынан қаумалап, қарғыс айтады. Сол сәт 
тәубесіне түскендей болған ол «қайран алтын күндерім» деп кө-
кірегі  қарс  айрылады.  Бұл  өкініштен  Шәкерім  қажының  тура 
осылай зарлағаны, жастық шағын сағына, алаңсыз күндерін аң-
сап  құса  шеккені  еске  оралады.  Абайда  бұл  өкініш  ұлттың,  эт-
ностың ащы өкініші: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», қа-
зақтың көп игіліктен кенже қалуы.  
Бұл  әңгімеде  заттар  адамдардың  мінез-құлқын  қабылдап 
алған.  Оқиға  үй  ішінде  өтеді,  пәтер  мемлекеттің  символы. 
Қазақтың  қазіргі  мінезі  заттарға  көшкен:  «Мен  қонақ  шақыр-
ғанды,  той-домалақты  сүйетін  адаммын».  «Өзім  жетелеп  әкеп, 
кәделі  мүлік  қатарына  қосқан  орындықтарым  опасыз  болып 
шыққанда,  қалғаны  мені  жұлып  жер,  сірә»  –  бұл  да  қоғамдағы 
сыбайлас  жемқорлықтың  аллегориясы.  Енді  пәтердегі  зат  атау-
лы  бұрынғы  құлдық,  құлшылық  мінездерінен  жаңылып,  қо-
жайынды  соттайды.  Гротеск,  сарказм  әдісі  Рабле  прозасының 
ықпалы байқалады. 
Осы  орайда  орыс  әдебиеттанушысы,  ғалым  А.Чудаков: 
«Жеке  жазушының  шығармашылық  поэтикасын  айқындайтын 
көркемдік  компоненттер  –  заттар  әлемі,  кейіпкер,  оқиға  деп 
ерек-ше  атап кетуі тегін болмаса керек». А.Чудаков айтқандай 
көркем  шығармадағы  көркемдік  құндылықтардың    бірі  –  осы 
заттар әлемі екендігі сөзсіз.  
 «Сенің  бар  мәдениетің  осылар  –дейді  кітап  шкафы,  яғни 
руханияттың  тұлғалануы  үй  иесіне  ыдыс-аяқтарды  нұсқап, 
жемір  қоғамда  қарын  мен  қарабастың  қамы  мемлекеттік,  отан-
шылдық мүддеден биік тұрады.  – Сенің аузыңа, құлағыңа, қар-
ныңа қызмет ететіндер ғана бағалы, сыйлы, қоңды-күйлі. Сенің 


 
211 
миың  мен  жаның  ұйықтағалы,  біз  азып-тозып,  бітіп  барамыз! 
Сен көресің бе, осыны... Ұғасың ба... нағылет?!». Бұл енді памф-
летке  ұқсайды.  Сатиралық  проза  осындай  пафосты  сүйеді.  Ол, 
ол ма, осы үйдің еденін шаршылап бөліп, сатып жібере жаздап-
пын! Әлі де ол ойдан қайта қоймасам керек. Шешен шәйнек қан-
ша дүние шашқанымды, қанша затты жалға бергенін қылға тізіп 
айтады.  Бұл  жердің  сатылуы  мен  ұзақ  мерзімге  шетелдіктерге 
жалға  берілгеніне  тұспал.  Үйдің  төбесін  өрмекшінің  торы  бас-
қан. Біздің қоғамда сол сияқты. Былық пен шылық. Үйді ол қа-
раусыз қалдырғандықтан қоғамнан аласталады – енді жаңа үй із-
деуге
 
мәжбүр.
 
Қоғам тазару мен
 
жаңаруды күтеді.
 
Әңгімедегі гро-
теск
 
ащы
 
әжуадан
 
туады.Аристотельдің
 
катарсис
 
идеясы айқын. 
Әңгіме:  «Бүгінгі  күн  –  біздің  күн!  Қиянатқа,  дандайсуға, 
дарақылыққа енді жол жоқ! 
- Жол жоқ! – деп, піл сирақты, жайын жоталы алып қонақ 
үстелді жөңкеліре қозғалып, қойқалаң етіп басылды. 
Мен  не  болғанымды  білмей,  салбырап  есікке  беттегенде, 
піл сирақты жуан үстел еңіретіп тұрып құйрықтан бір тепті. 
Осы  тепкі  мені  сопаң  еткізіп  жарық  дүниеден,  мына  кең 
көшенің  бойынан  бір-ақ  шығарды...Мен  енді,  өзіңіз  білесіз,  үй 
іздеп жүрмін... 
Қайталап айтам: мен бүгін жаңа үй іздеп жүрмін... 
«Бұл  қалай  болды?!»  дейсіз...  Әрине,  таң  қаларлық.  Бірақ 
мен жетіскеннен үй таңдап жүрмін бе?..» − деп аяқталады.     
Қ.Әбілқайырдың «Қағаз қаласы» әңгімесіндегі Әлеуметтік 
сатира  айқын.  Баспанасыздық  дерті  қазақ  қоғамын  шырмауық-
тай  шырмап  алды.  Жастар  үшін  бұл  үлкен  кедергіге  айналды. 
Өзіне-өзі сенбеу, келешегіне күмәндану содан басталады. Қазақ 
халқы, өсіп келе жатқан ұрпаққа ие болатын бөлігі мұның зарын 
сұмдық  тартты.  Бұл  қоғамда  тамыр-таныстық,  жағымпаздық 
дертін  тудырды.  Өзін-өзі  кемшіл  сезіну  енді  нәсілдік,  ұлттық 
ерекшелікке  айналып  үлгеруге  шақ  тұр,  талайлардың    тауын 
шақты. Кәрі қыздар мен сүрбойдақтардың санын қауіпті кезең-
нен асырып жіберді. Қазақ халқының ұлттық қайғысына айнал-
ған демогарфиялық дерттен қазақ жұрты ойсырап отыр деген ой 
айтады автор.  


 
212 
Әңгіме бірінші жақтан баяндалады. Гротеск пен гипербола 
мол,  әңгіменің  көркемдік  құнын  арттыратын  да  сол.  Әңгіме 
шындықтан  басталады:  21  жасында  сұраған  пәтерді  қазақ                  
47 жасында алады. Бір бөлмелі. Енді оған бір рулы адам қоныс-
танды.  Қыста  сонда  керемет  жылы  жатамыз  деп  мысқылдайды 
автор. 
«...Негізі,  қалалықтар  бір  үйде  бірнеше  адам  тұрғанын 
жақтыра  бермейді  ғой.  Ал,  біз  үшін  сонша  адамның  қуықтай 
ғана  бір  бөлмеде  өмір  сүріп  жатқаны,  әсіресе,  осы  қыста  өте 
жақсы болды. Бірімізге біріміз тығылып, бір қырындап, ел түнде 
шешініп жататын болса, біз керісінше үйдегі бар киімді киініп, 
көрпе ғана емес, кілем-паласқа дейін жамылып алып бір-ақ күн-
де ұйықтаймыз...» - деп  автордың алып отырған суығы, жылуы 
жоқ үй, әлеуметтік жағдайы жоқ суықтық. 
Қаңғыбас кім? Жазушы даладан келіп, қаладан ұядай орын 
таппаған сансыз қазақтың мұңын көрсетіп отыр. Баспанасыздық 
зарын  тартқан  қазақ    ұлттық  болмысына  тиетін  зиян  мен  зар-
дапты шегіне жеткізе суреттейді. 
«Автор умышленно перемешивает перемешивает смешное 
и трагичное, тоже самое происходит и в его новеллах, где сати-
ра, пародия соседствуют с подлинным трагизмом и кошмарами 
бытия.»  деп  Н.Валгина  пайымдаса,  Г.Пірәлиева  «Кейіпкер  бей-
несін  сомдауға  сүбелі  үлес  қосқан  бұл  үстел  –  шығарма  сюже-
тінің дамуына да өзіндік әсерін тигізбей қалған жоқ. Әңгімедегі 
әрбір зат, тұрмыстық деталь оқиғаға деген автордың көзқарасын 
білдіріп отыр.» деп саралайды. Бұл пәтер неге аспанда? Ритори-
калық сауал емес, пәлсапалық нышан. Пәтер құны аспандап кет-
кен  заман,  қазақ  үшін  ұсынса  қолы  жетпейді.  Бұл  тақырыптық 
жағынан  Қ.Мүбарактың  «Пәтер»  атты  әңгімесімен  үндес.  Тіпті 
бір  гротеск  тәсілді  екі  жас  жазушы  қатар  қолданады.  Екеуі  де 
жер бетіндегі пәтер емес, көктегі пәтерді яғни, қиялда ғана, тір-
шілікте  болмайтын  байлықты  көксейді.  Ел  болу  үшін  мұндай 
әлеуметтік  теңсіздіктің  жегі  құрттай  зияндығын  ашады.  Яғни, 
шығармада  бүгінгі  әлеуметтік  шындық,  қазақ  тағдырындағы 
шешуін күткен түйінді мәселе – баспана мәселесі негіз болады.    
Әңгімедегі  аллегория  пәтерсіздікті  ишаралау  үшін  алын-
ған. Пәтерлер пәтер сияғы жоқ, бұл да фантастикалық детальдар 


 
213 
арқылы  әсіре  суреттеледі.  Бұл  да  ишара,  қазаққа  жақсы,  құны 
жоғары  үй  бұйырмайды  деген  түңілісті  сарыннан  туған.  Бала-
лардың тілі құбырға жабысып қалғаны қала атаулыдағы ана тілі-
нің  ауыр  халі.  Өрт  сөндірушінің  бастығы  қымбат  машинаны 
қара  бұқараның  игілігіне  қолдануға  қимайды.  Бұл  рас.  Басшы-
лар  төменді  менсінбейді,  жоғарыны  ғана  көреді.  Мәтінде  «жа-
ғымпаз үкімет, көз жұмған депутат» деген тіркестер бар. Жазу-
шының қаламы солай жазуға тиісті. «Ауа райы ешбір министр-
лікке бағынбайды екен деп таң қалысады»  – бұл да жалдамалы 
құлдық психологиясы құрсаған бүгінгі қазақ қоғамының сиқы. 
В.Одинцов  «Стремление  к  гротеску,  вообще  к  фантасти-
ческому,  подчеркнутая  ирреальность,  нарушение  жизненных 
пропорции,  присущие  экспрессионизму,  нужны  писателю  для 
выражения авторской мысли – неприятия господствующих офи-
циальных построений.» айтқанындай «Пәтер» атты әңгімесі гро-
тескмен берілген. Тақырыбы қазіргі қазақ жастарының әлеумет-
тік  жағдайы  Әңгіме  қызықты  оқылып,  оқырманды    тең  баурап 
алады.  Себебі  бұл  ауылдан,  кең  даладан  қым-қуат  тіршіліктегі 
қалаға келген қаракөз қазақ баласының  бір баспанаға зар ауыр 
халі. Әңгіме кейіпкер атынан берілген. Диалогқа құрылған. Жас 
отбасының асыраушысы  16 жыл бір мекемеде істейді. Өзі пәтер 
жалдап  тұрады.  Жаңа  бастығы  бұған  кезегің  келді  деп  пәтер 
бергізеді, кілтін ұстатады. Ол үш баласы мен әйелін ертіп құстай 
ұшып әлгі мекенге жетпей ме?! Қараса: «Масқара! Біздің үй ас-
панда аспақталып тұр екен. Тура он жетінші қабаттан ары қарай 
басталып ары қарай көрінер емес. Аспанның арғы жағына дейін 
биіктеп кетіпті. 
Қалай шығамыз? Біз үй ішімізбен еш амал таппай аңтары-
лып  тұрғанда,  тура  біздің  үйдің  үстіңгі қабатынан,  яки  он  сегі-
зінші қабаттан біреу басын шығарып:  
– Ау, неге аңырап тұрсыңдар? – деп айқайлады. 
– Қалай шығамыз? – деп айқайладық біз. 
– Ұшып... 
– Қалай... 
– Солай...»  
Қазақ жастарына мынау нарық заманында үлкен, кіші қа-
лалардаң жайлы пәтер алу – арманнан ары, жеті қат көктегідей 


 
214 
қол жетпес қиял деген сөз. Мақалда: «Кісідегінің кілті аспанда» 
дейді. Жас автор осы мақалдан өз әңгімесінде метафора жасай-
ды. Үй бағасы шырқап тұр, оған қарапайым халықтың қолында 
қаржысы өлсе жетпес. 
«Күнге  шағылысып  жарқ-жұрқ  еткен  металл  есікті  ашқан 
ел  лып  етіп  жерге  түсе  қалды.  Түсім  шығар  деп  ойладым  мен. 
Оянайын деп астыңғы ернімді қыршып тұрып тістедім. Аузым-
нан қан бұрқ ете түсті, ояна алмадым. 
–  Ақымақ,  –  дейді  көршім.  –Ақымақ,  үйдін  кілтін  алудан 
бұрын ұшуды үйренуін керек, – деп қайтадан лып етіп көкке кө-
терілді де кетті». 
Әңгіме  осылай  аяқталады.  Гротескілік  сипат  әңгіменің 
негізгі  идеясын  ұқтыру  үшін  рөл  атқарады.  Шындық  өмір  мен 
қиял  шектесе  алмай  қиналады.  Ащы  әжуа  авторға  қоғамдық 
үкімді,  қарғысты  астарлап,  айту  үшін  қажет  болған.  Және  ол 
ниетіне  жеткен.  Әңгіме  соңындағы  өз  ернін  өзі  қыршып,  қаны 
бұрқ  еткен  кейіпкердің  көңіл-күйі  −  Қазақстандағы  талайларға 
етене таныс ауыр әлеуметтік зардап суреті.  
Т.Нұрмағамбетовтің «Ұлттың дерті» әңгімесінде де қазіргі 
заманғы  демократия  мен  демогогияны  әшкерелеу  үшін  автор 
гротескіні  таңдайды.  Мылжыңдық,  құр  сөзді  сапыру,  теңіздей 
тасыған  бос  сөздер,  мұның  бәрі  өтірікті  пір  тұтып,  көз  бояуды 
амал  қылып  алған  кез  келген  қоғамның  малданары.  Әңгіме 
кейіпкері  зейнет  жасына  шыққан  соң  осы  көк  мылжың  дертке 
ұшырады. Ұзамай дерт асқынып,  ұлына, одан немересіне жұға-
ды. Ақыры ұлттың өзегіне түскен жегі құртқа айналады. Біз әсі-
ре дақпыртшыл халықпыз. Оған көңіл жықпастық тағы қосыла-
ды,  жағымпаздық  мүлдем  буып  тастайды.  Өтірікті  пір  тұту  ру-
хани құндылықтары азайған қоғамды меңдуанадай шырмап тас-
тайды. Автор әңгіменің соңына шейін үміт қалдырмайды. Бірақ 
бір  көріпкел  арқылы  бұл  дерттен  арылудың  жолын  нұсқайды. 
Әлеуметтік  сауалдар  қазақ  қоғамын  сансыз  сұрақтармен    шыр-
мап  отырғаны  рас.  Автор  бұл  әңгімені  асқан  отансүйгіштікпен 
жазады. Асыра сілтеп кететіні содан. Мына әңгіме түңілдіріп жі-
береді. Ал ұлт туралы олай қара бояуға мала беру аса қатерлі құ-
былыс екенін ұмытпауымыз керек. 
Сонымен қатар, Т.Шапайдың «Ауыз бен құлақ» әңгімесі: 


 
215 
«Әркім өз бетінше сөйлеп жүр... Ешкімді ешкім естімейді, 
ешкімді  ешкім  түсінбейді.  Өйткені  ешқайсысының  аузы  бос 
емес!».  «Ауыз  осынша  жыл  босқа  айқайлағанын  ұқты,  тыңдай-
тын құлақ жоқ екен!» − деп басталады. 
Әңгіме  идеясы  әлеуметтік  жағдайды  гиперболамен  беру. 
Бір мемлекет көке мылжың, ақпа құлақ. Бұл енді демократия де-
ген атаумен беріледі. Ертегі түрі дұрыс таңдалған, бірақ мысалға 
келеді.  Аңыздағы  Вавилон  мұнарасы  еске  түседі.  Онда  ығы-
жығы,  абыржыған,  у-шу  халық  бір-бірін  түсінбей  қор  болады. 
Егемендік алған еліміздің кейбір кемшіліктерін көркем проза тү-
рінде автор осылай ашады. 
Мұндағы Ауыз – қалың ел. Құлақ – билік. Құлақтың туған 
айдай шеті қылтиды. «Сонда көрді: Құлақ бітеу екен!».  «Құлақ 
өлі туған екен!». Автор ертегілік, эпостық тәсілді еркін қолдана-
ды.  Рухы  төңкерісшіл,  айбат  көрсетеді.  Жасу  жоқ.  Ал 
Ә.Кекілбаевтың «Ауыз» атты әңгімеде керісінше. Рухы тым тө-
мен,  жасық.  Экзистенцианальды,  түңілісті  сарында  жазылған. 
Өмір сүйгіш рухтан ада. Екі әңгіме де санасы сарғайған, құлдық 
психология мен коррупция дерті меңдеткен ортақ қоғам туралы 
жазғанмен, арасы жер мен көктей. Рухани құндылықтар әлсіреп, 
материалдық  құндылықтар  шырқап  кеткен  қоғам  түбі  азып  құ-
риды. Бұл – аксиома.  
  «Алдымен    адам  деген  мұның  еш  жерде  көрмеген  мақұ-
лығы  сияқты»  –  көне  дүние  философының  күндіз  қолына  шам 
ұстап адам іздеп жүргені туралы әпсананы еске салады. Ол бөш-
кедегі Диоген болса керек. 
«...еш түсінгісі келмейтін «адам», «ой», «пікір» деген пәле-
лерді  бейшара  бала  білмесе  білмей-ақ  қойсын  деп  ойлады»  – 
Ә.Кекілбаевтың  «Ауызында»  мүлдем  саңылау  жоқ.  «Ауыз  бен 
құлақта» жарық мол. Үміт күшті. Авторлардың өмірлік позиция-
сы бір кішкентай ракурста болсын көрініс табады. Бірі күрескер, 
қайсар,  ұлтжанды.  Бірі  әлсіздік,  салғырттық  танытады.  Адамға 
сенбейді.  
Сөздің  жаны  кіріп,  материялануы  бар.  Әңгіме  көп  сөзді, 
шұбалыңқы. Артық кететін, көлемі жалпақ кететін тұстары бар. 
Кейіпкердің  болмысында  бір  дерексіздік  бар.  Бұл  да  авторға 
сын. 


 
216 
Тегінде  осы  тектес  гротеск  басқа  әдебиетте  бар.  Әлі  де 
жетілдіре түсетін тұстары болса да көркемдік әдіс қазақ прозасы 
үшін тың қолданыс.  Автордың туындылар сонысымен бағалы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет