Сабақтың тақырыбы: Теңдеу шешу (математика) Сабақтың мақсаты: Сабақтың жүру барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі



Дата27.07.2017
өлшемі72,89 Kb.
#22147
түріСабақ
Атырау қаласы

4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Кикимова Айзат Атаниязқызы



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу шешу (математика)

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі

  • Балалар біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане орнымыздан тұрып қонақтармен амандасайық. Енді қолымыздан ұстап бірімізге біріміз сәттілік тілейік


Шаттық шеңбері

Шуақ шашып көңілге

Нұрын төгер өмірге

Сәттіліктер тілеймін

Наурыздың бұл күнінде
Сабағымыздан одан әрі жалғастырайық


  1. Үй тапсырмасы «Кубизм» әдісі арқылы тексеру




  1. Еліміздің Ата заңы қай күні аталып өтеді?

  2. Жеңіс күні қай күн?

  3. Наурыз мейрамы ше?

  4. Халықаралық әйілдер күні?

  5. Қазақтың Жаңа жылы қай айдан басталады?

  6. Көктем айларын ата?



  • Жарайсыңдар, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз дәстүрлі емес экологиялық - ертегі сабағы түрінде өтеді. Сендер, балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіндер ме?

  • Иә, жақсы көреміз.

  • Олай болса, жақсылап тыңдап алыңдар.

  • Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге бізде сөйлесеміз, көмектесеміз. Олай болса, ертегіні тыңдайық.

Автор:

  • Ерте – ерте – ертеде, жапан түзде жалғыз Терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп, 40та кемеліне келіпті де, 50ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп әр жерін тесіпті. Тұла бой қақсап ауырған соң амалы бар ма?

Терек:

  • Ух, жаным –ау! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер, - деп Терек күні түні зарлай береді. Оның дауысын естіп бір күні Ақкөгершін ұшып келеді.

Ақкөгершін

  • Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.

Балалар көгершінмен бірге теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығамыз. Яғни, бүгінгі жолымыз ашық болсын десек, ең алдымен мына тапсырмаға көңіл бөле қояйық. Барлығымыз, тақтаға назар аударайық. Тақтадан не көріп отырсыңдар? Мына өрнек нені білдіреді деп ойлайсыңдар?


  1. Жаңа сабақ

Х+15=25 Х+45=90+7

Х=25-15 Х+45=97

Х=10 Х=97-45

10+15=25 Х=52

25=25 52+45=90+7

97=97


Дәптермен жұмыс.

  1. Тақтамен жұмыс

56+Х=50+20 Х+26=60+4

56+Х=70 Х+26=64

Х=70-56 Х=64-26

Х=14 Х=38

56+14=50+20 38+26=60+4

70=70 70=70




  • Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық енді көгершінмен бірге аттанайық.

Автор:

  • Көгершін ұшып келе жатып, бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды.


Сауысқан:

  • Әркімнің өз жұмысы бар ғой. Менің көмектеуге уақытым жоқ дейді.

М: Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп, мына тапсырманы орындап жіберейік.


  1. Тапсырма. Математикалық диктант

а) Белгісіз қосылғыш пен 10 санының қосындысы 15ке тең

ә) 22 мен белгісіз азайтқыштың айырмасы 11ге тең.



б) белгісіз азайғыш пен 9дың айырмасы 25 саныныа тең.

  • Жақсы балалар, сауысқанға көмектестік. Әрі қарай ертегіні тыңдайық.


Автор:

  • Аккөгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындағанда қырғауылды кездестіреді. (Ақкөгершін қырғауылдан көмек сұрайды)

  • Қырғауыл үшін біз көмектесіп жіберейік.

  • Иә, көмектесеміз. Олай болса, мына тапсырманы орындай қояйық. Барлығымыз тақтаға назар аударамыз. Тақтада қандай тапсырма берілген?

  • Мазмұнды есеп

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Мазмұнды есеп шығарарда нені еске түсіретін едік?

  • Есеп бөліктерін

  • Кім, маған есеп бөліктерін атап өтеді?

  • Шартын құрамыз, сұрақ қоямыз. Шешуін шешіп, жауабын жазамыз.

  • Дұрыс, рахмет. Ал, енді тақтаға кім осы есепті орындайды?

(бір оқушы тақтада орындайды, қалған оқушылар дәптерге жазады)


  1. Тапсырма. Мазмұнды есеп

  1. 8 наурыз аналар мерекесінде гул дүкенінде түске дейін 29 раушан гүлі, және түстен кейін одан 16 раушан артық сатылды. 8 наурыз күні барлығы қанша раушан гүлі сатылды?

  1. Сергіту сәті Балапандар биі

Автор:

  • Көгершін әрі қарай ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған Бұлбұлдың үнін естиді. Ол бұлбұлға да Теректі емде дегенді айтады.

  • Кешір, көгершін! Маған ренжіме, менің өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра, - дейді

  • Қане, балалар, бұлбұл бізден көмек сұрапты. Көмектесеміз бе, бұлбұлға?

  • Иә, көмектесеміз.

  • Жақсы онда бұлбұлдың тілегін орындап, мынадай тапсырма орындайық.

  1. Тапсырма. Тест



Сұрақтар

Жауаптар

Ия немесе жоқ

1

Теңдеу жай және күрделі түрге бөлінеді.




2

5+2+8=15 бұл теңдеу ме?




3

Х+15=28 теңдеуіндегі Х-тің мәні 13-ке тең.




4

Теңдеу латын әріптерімен белгілене ме?




5

5+х=25-5 жай теңдеу ме?




7

Қарама-қарсы қабырғалары тең фигура шаршы ма?




8

Х+2=5+3 теңдеуіндегі х-тің мәні 6-ға тең ба?





Автор:

  • Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдың көлде сыланып жүрген Аққуға келеді. Оған Теректі емдей көр деп өтініш айтады.

Аққу:

  • Мен қасиетті киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды, мен саған ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тапта өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, теректі емдеп қалар, -дейді.

  1. Тапсырма. «Таба қойшы, білгішім» ойыны

50 40 20 = 70

30 3 60 = 93

96 40 6 = 50

20 10 80 = 90

75 4 30 = 49

78 50 10 = 18
Автор:

  • Көгершін Аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, онымен бірге терекке келіп оның құрт ауруын жазған екен.

  • Ол қандай құс деп ойлайсындар?

– Тоқылдақ !!!

  • Дұрыс айтасындар. Бұл тоқылдақ екен.

  • Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?

  • «Тоқылдақ – орман дәрігері»

  • Тоқылдақ туралы не білесіңдер?

Автор:

  • Содан бері әлгі терек жайқалып өсіп тұр екен.

  • Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы солай ма балалар?

  • Жақсы, балалар, бүгінгі сабағымызда біздің көмектескен құстарымыз сіздердің алдарыңызда. Енді соларға сөз берелік. Олардың сіздерге ризашылықтарын білдіргісі келіп тұр.

(құстар рахметін айтып, сыйлықтарын үлестіреді)

Үйге тапсырма:

  1. «Тоқылдақ» сөзіне математикалық сөзжұмбақ жазу.

  2. Әрқайсың бір жай теңдеу, бір күрделі теңдеу құрып, орындап келесіңдер.

Бағалау.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет