Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


йқайын  естіп  бір   оянды



Pdf көрінісі
бет38/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
йқайын
 естіп  бір  
оянды
.Ұлынан қашып  келе жатып,  үрейле-
ніп  тағы  
оянды.» -деп 
автор   құдайдан  тілеп  алған  баласынан  
тірідей  жерініп,  иен  таудың  арасына  апарып  тастап    қашып 
келе  жатқан  байқұс  әкенің   көңіл-күйін   психологиялық  тебі-
реніспен  суреттеген. Автор  
айшықты  прозаның
    өрнектерін   
қолданады.  
Мехмед    жазылмас    дертке    ұшыраған      баласын    адам  
аяғы  баспас  тауға  апарып  тастап құтылдым  дегенмен,  өз-өзі-
нен  құтыла  алмады.  Күндіз  түні, көзін-ашса  да, жұмса да  кө-
ретіні – ұлы. Ұлынан  құтылып, өздері  жазылмас ешқандай  ем  
дауасы    жоқ    құсалық    дертіне    ұшырады.  Ақыры    құсалықтан  
әйелі өтті  дүниеден.  Ал,  қыздарын  тұрмысқа  беріп,  «әкенің  
орны жездедей» дегендей араға  екі жыл  салып  ұлына  бармақ-
шы  болып  жолға  шықпақшы. Әрине, әйелі  тірі  болса,  ұлына  
бір  емес  бірнеше  жіберер  еді. Екі  қыз  емес  жеті  қыз  ұзатса  
да,  ара-арасында  адам  деген  діттеген,  ойлаған  ісін  тынды-
рып  алмас па? Бірақ  Мехмедті  шалғайынан  тартып,  кежегесін  
кейінге  тартып  жібермей   жүрген  жайт ол - ұлының иен  тауға  
апарып    тастағанын кешірді    ме  екен    деген    ой     еді.  Ал,  егер  


 
220 
кешірмесеші... Бара  қалсам, мойнын бұрмастан,  жек көрер ме 
екен деген  екі ойлы  күмән еді. Екі  жыл  бойы   ұлына  аттап  
бастырмаған сол   күдік  пен   ұят болатын. Баласын  тағдырдың  
аяусыз  жазалағанына қапаланып, дегбірсіз, өмір  сүріп,  тірлік  
етіп    жатыр    деген    аты   ғана    тірі    өліктің    кебі   еді.  Жазушы  
кейіпкерін  осындай  ситуацияға  салу  арқылы  өзінің    авторлық  
танымын   ақырындап  жарыққа  шығарады. Мехмед ұлын  ғана 
емес, өзін де  шаршатып, жүдеткен,  қажытқан осы  қу  тағдыры  
үшін кімді  айыптарын, кімді қарғарын  білмей,  шақшадай  басы  
шарадай  болып, шарасыздықтан  дағдарған қалпы  бартын. 
Араға  екі    жыл    салып,  басқан  аяғы    артқа    кетіп,    әкесі  
ұлымен  жүздескелі  келе  жатып,  өткені бақыт  пен  қуанышқа, 
мұң  мен  зарға  толы  күндерін  есіне  алып  ботадай  боздап  ке-
леді. 
«...Екеуі құшақтасқан күйі отыра кеткен. Сұлтан да әкесі-
нің  мойнынан құшақтап, кеудесіне маңдайын басты. Мұртынан 
сипады.  Сөйтіп    тұрып    күрсінді.  Және  күрсінгені  қандай  ауыр 
еді... Аузынан дем емес, от шыққандай... әлде бір ащы бір зар... 
....Алақанымен  ұлының  бетін,  мойнын,  шаштарын  сипап 
отырып, Мехмед өз-өзінен босады. Осы бір күйін ұлынан да жа-
сыруға болмаған  сәтте,  қатты  солқылдап жылап  жіберді. Ұлы  
да  жылады. Ең ғажабы, екеуі  қосыла  жылаған  сәтте, енді  бол-
маса  бір-бірінен  айрылып    қалардай...  қатты    құшақтасып,  бет-
терін  түйістіріп алды. Содан  соң сүтті бөліп ішкен сәтте  құмы-
раны алма-кезек бір-біріне ұсынып отырғандары ше? Сонда бұл  
ойлады,    ұлым  көбірек  ішсе    екен    деп...  құдай    біледі,  Сұлтан  
ойлаған  болуы тиіс, әкем  сүттен  көбірек  ішсе  екен  деп...» деп  
автор  баланың әкесіне еркелеуі де сүт  ішіп,  нан  жеу сияқты, 
тіпті  ауа    жұтқаны  сияқты,  керек    нәрсе    екен-ау  деген    ойды 
түйдіреді.  Осылай ету  балаға ғана емес,  әкеге де  қажет  екен-
дігін бәріміз  білгенімізбен, ол  жай  нәрсе  екен. Адам  ол жай-
ды сезіну  үшін  әуел  бастан кешуі  тиіс  екен. Жазушының  бе-
ріп  отырған  бұл  көрінісі ұлының әкесіне еркелеуін  емес, есейе  
бастаған  ұлына Мехмедтің еркелеуі екен... Бір жағынан сезімі-
мен, көз жасымен   түсінісулері де  секілді. Алладан құсалықтан 
құтылудың  амалын  таппай, ұлына  жасаған  опасыздығына ке-
шірім  жоқ  деп  түсінетін  Мехмед өмірінің шындығына автор 


 
221 
кейіпкерінің ішкі  жан дүниесін   қазбалай  отырып  ден қойғыза-
ды.  Кейіпкерінің  жан  дүниесіндегі  арпалысын,  сезім  сергелде-
ңін,  көңіл-күй  пернелерін,  өз  қимыл-қаракетін  өзі    қарауылдап  
отырар жағдайын бейнелей келе жазушы өмір шындығына, тағ-
дырлардың  ащы  ақиқатына  шығады.Мехмедтің  жан    дауасын  
ұлымен    кездесуден    іздеуі  де  –  аласұрған  өркөкірек  те    кінәлі 
көңілдің бір сәттік  алданышы ғана,  өз  қателігін іштей мойын-
дай отырып, өзін-өзі ақтауға ұмтылған соңғы  қаракетіндей. 
Оқырманын  бей-жай  қалдырмайтын   шығармадағы  тағы  
бір  тұсы : Ертіп  келе жатқан итінен ұясынан үш-төрт қадамдай 
жерде    соңынан  ерген  алты  балапанын  қорғаштап  тызақтап  
жүрген бозала  торғайды  суреттеген  жері  мен  қып-қызыл  қа-
лың   қызғадақтың арасында  өздері  де  гүлден  ажырағысыз  бо-
лып  қаздай  тізіліп,  ұлы мен  қыздарын ертіп Мехмедтің  әйелі-
нің  психологиялық  паралелльмен қатарластыра берілді. Автор-
дың  айтпағы  осының  бәрі  алыста  қалған  арман ба әлде  әдемі  
бір  түстің үзігі ме не екені  белгісіз. Бақыт дегенің гүл  болып  
өсіп, солатын, құс болып  қонып, ұшып  кететін... әлде су  болып  
ағып  келіп... сосын  ағып кететін бір  сиқырлы  күш  емес  пе 
өзі?  Болмаса,  сол    бақытты  күндері    қайда    кетті    Мехмедтің? 
Мына    қалпында,  осы    сапарында  мұны    кім    бақытты    жанға  
балар?  Әлде    Мехмедтің    бақыты  көңіл    алдар    сағым    ба  еді? 
Жазушы   алты  балапанын  шырқырап  қорғаштаған жұдырық-
тай    торғай   құрлы болмай,  Мехмед   жалғыз   ұлын  неге  Жала-
ңаштауға апарып тастап  қашып кетті? Адамзат  пендесінің   тор-
ғай екеш,  торғай да  балапандары үшін  құрбан  болуға  даяр, ал  
адам  ше?  Бір  амалын  таппады ма?  Жалғызын  қаң-ғытпай? 
«...Ұлының дауысы  үшінші  рет  естілді. 
-
 
Ата-аа-а-аа! 
-
 
Сұлтанның  дауысы  қандай  зор еді! Ол шын ержетіп  
қалған  екен.  Оның    соншалық  қуатты  әрі  қайратты  дауысынан 
тау-тас, алқап  түгел күңіреніп  кетті. Ана  тұс та, мына  тұс та  
«Ата-аа-а-аа!»  Көк  те,  жерде  «Ата-аа-а-аа!»  деп,  жер-дүниенің  
барлығы   «аталап»  айқайлап  тұрғандай, Мехмед далбақтап  әлі  
жүгіріп,    қашып    келеді.  Кісінің  ұяттан    өлері    рас  дегендей, 
«...О,  тәңірі,  намыстан  кірер  жер  сұраған  менен  өңге  пендең  
болмаған  да  шығар.  Тілегімді  бере  көр...  пақырыңды  мүсіркей 


 
222 
гөр, о тәңірі?!» деп кері  бұрылып, ұлына қарай жүгіруге жібер-
меген  намыс па, жігерсіздік пе, жасықтық па, әлде  ұят па – оны  
қаламгер  ашып  бірден  көрсетпей,  кейіпкерін қатты  күйзелтіп, 
психологиялық  толғанысқа  салып   әбден  азаптап  алады. Бір 
кездегі    түрік    жауынгері    бола  тұрып,    осындай    опасыздыққа 
баруға  бола ма? Өз баласына жанын ашыртып, бауырына  тар-
тып көрмеген,  әрқашанда, қай  жерде де   қайда  болса да  өзінің  
жеңісіне  кәміл  сенетін түрік  жауынгерінің  бірі тағдыр тауқы-
метін тартып,  құдайдан  жазасын алып жатыр.Опасыздықты жа-
сап тұрып, менің  бұл  ісім  опасыздық  емес  деп  өзін-өзі  жұ-
батып, алдап  келген  Мехмедтің  көзін  қасына  ерген  иті  жет-
кізеді. Сұлтанды  танып,  бір-ақ  қарғып, ыршыған ит  екеш  ит-
тің  мейіріміне қарағанда адамның,  жай  адамның  емес  әкенің  
мейірімі  түкке    тұрғысыз    екенін    көзге    шұқып    көрсеткендей  
болады. Опасыздықтың  ең үлкені  сол опасыздығыңды да  жа-
мандыққа баламаған тырақылық пен  итжандылық  екен  деп  ой  
түйдіреді. Кірерге  тесік  іздеп, тәңіріден  араша сұрап,  жан  де-
генде  жалғызы  ұлы  Сұлтанның  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет