Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет9/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр көлең-
ке, қоңыр төбе, қоңырқай көз, т.б.   
 «Қоңыр»  -  түсі    қазақы танымда  «қоңыр  қозы  »,  «Қоңыр 
жел»,  «Қоңыр  дауыс»,  «қоңыр  тіршілік»  т.б.  баласын  «қоңы-
рым»  деп  еркелететін    қазаққа    жылы  естіледі.  Автор-кейіпкер 
сондықтан  да 
қоңыр
  құмырсқаны  «біздің»  деп  жақын  тартады. 
Ал,  ұсақ  қап-қара  құмырсқалар  –  сырттан  келген  бөтен  құ-
мырсқалар.  Жазушы  құмырсқалар  нәсілінің  екі  әулетінің  ара-
сындағы  тіршілік  үшін  күресіне,  жер  дауына  қызықтай  қарап, 
бақылайды.  Әрі  зор,  әрі  қайратты  қоңырлар    көп  болғанымен,  
біріне-бірі  көмек  бергенді  білмейді  екен.  Бар  істе  ұйымшыл 
қоңыр
  құмырсқалар  мына,  негізгі  бөтен  сырттан  келген  жауға 
қарсы күресте берекесіз де екен. Десе де, автор-кейіпкер көңілі 
қоңырларда
, олардың жеңгенін қалайды, көмек те бергісі келеді. 
«Осы жердің ежелгі иесі,  байырғы тұрғыны 
қоңырлар
 неге сон-
ша берекесіз?» деп толғанады. Енді бірде, 
Қоңыр
 құмырсқаның 
бірі үш-төрт қарақшымен қатарынан, жанталаса айқасып жатса, 
екіншісі  таяу  төңіректе  қамсыз  қарап  тұратындығына  ызалана-
ды.  Ана  аталас  туысынан  соң  кезек  өзіне  келерін  ойламайды. 
Бәлкім, бұдан былай ақылдары кіріп, өздерінен саны да аз, қай-
рат-күші  де  кем  отаршылдарды  қуып  шығар  деп  те  үміттенеді. 
Ақыры «Егер біздікілер, яғни байырғы жұрт жеңіліп бара жатса, 
көмекке  келемін.  Бес-он  минут  ішінде  быжылдатып  төгем  де, 
басқыншылардың  екі  ордасын  қатарынан  ойран  қыламын. 
...Жеті  қат  көктің  төріндегі  Ақсақал  жердегі  мына  бізге  қарап, 
дәл  осылай  масаттанып  отырған  шығар.  Кейбір  кездерде  ол 
Кісі...  Кісі  емес,  Тәңірі  тағалам  да  өзі  араласып  кететін  тәрізді 
ғой» деп шешімге келген автор-кейіпкер өзін  адамдар тағдырын  
шешіп  отырған  Тәңірі  тағаламен  теңгеріп,  психологиялық  па-
раллелизммен  қатарластыра  қояды.  Ақыры  автор-кейіпкердің 
ойлағанындай  болмай  шығады.  Дарашыл  құмырсқалар  ұйым-
шыл  қара  құмырсқаларға    жиделі-байсын  бағын  тастап  басқа 
жаққа  көшеді.  Көшкенде  әрқайсысы  ауыздарына  көлем  бидай 
дәніне тақау, бір-бір ақсұр жұмыртқа тістей кетеді. Бұлар  – бо-
лашақ ұрпағын өзімен бірге әкетіп бара жатқан аналық пен ата-
лықтар. Бағыт-бағдары белгісіз, туған илеу, ата-мекен қоныстан 
ауған,  қайырылмас,  қатал  көшті  –  автор  ұзын 
қоңыр
  арқанға 


 
47 
теңейді.  М.Мағауиннің  бұл  әңгімесіндегі  көзге  түсетін,  көңілге 
ұялайтын  ерекше  жәйттар  –  символикалық  пен  философиялық 
сипаттардың  берік  жымдасып,  табиғи  кіріге  түсуі. 
«
Құмырсқа 
қырғындағы»  өзгешеліктің  бір  ұшығы  осында.  Қаламгер  бұл 
шығармасында  тырнақ  ұшындай  көзге  көрінер-көрінбес  құ-
мырсқалар  тіршілігін  адамдар  өмірімен  қатарластыра  алады. 
Құмырсқалар әлеміндегі  жаңа бір қақтығыс – бірі түстік дуалда, 
екіншісі терістік дуал түбіндегі ұсақ  қара шымалдардың өзара-
сында өліспей бітіспес қырғын соғыс басталады. «Тірі жан шо-
шырлық қырғын соғыс басталған. Бәрі біреуге қарсы, біреу бә-
ріне  қарсы.  Бәрі  бәріне  қарсы.  Шын  мәнісінде,  берік  ұйымдас-
қан, әркім өз орнын, өз міндетін білген, және ешкім де жан аяп 
тартынбаған  кенеусіз  қырғын»  деп  өз  әулетінің  болашақ  өрісі 
үшін жан қиған  мың  сан  құмырсқа    өлігі  мен    өліспей бітіспес 
жанкешті ұрыс  мыңдаған жылдық адамзат тарихында біздің са-
налы  деп  аталатын  екі  аяқты  қауым  әрі  қорқынышты,  әрі  ая-
нышты, дәл осындай ғаламат соғыстың талайын бастан өткерді. 
Автор көз алдында жүріп жатқан құмырсқа қырығынын адамзат 
басынан  өткен  қан  майдандармен  шендестіреді.  Тек  құрт-құ-
мырсқа  мына  адамзат  сияқты  жер-көкті,  бүкіл  әлемді  бүлдіріп 
жатқан жоқ, бар күресі – табиғи тіршілік төңірегінде деп түйеді.  
Шығарма өзегі – майталман жазушы шегіне жеткізе сурет-
теген  құмырсқа  өмірі.  «Жекелеген  құмырсқалар    ішке  кіріп, 
тары  дәнінен  сәл  ғана  үлкен,  сопақша  жұмыртқаларды  тістеп 
алып  шыға  бастады.  Мұндағы  ең  үлкен  олжа  –  болашақ  ұрпақ 
өндімек  панасыз  жұмыртқалар.  Өз  илеуіне  апарады.  Шайқап 
шығарады. Содан соң... ата-тегін білмейтін жетімдерді түгел жұ-
мыскер  –  мұндағы  билеуші  жұртқа  тегін  азық-түлік  жинайтын 
құл-құтан, немсе, басқа бір, жат әулетпен соғысқа, тіпті, кешегі 
өз  нәсіліне  қарсы  майданда  алға  салатын  жанкешті  жауынгер 
етіп  шығарады.  О,  құдірет!  Тура  өзіміздің  мәңгүрттер!»  –  деп,  
күні ертең жұмыртқа жарып шықпақ бүкіл болашақ ұрпағы жат 
жұрттың  құл-құтан,  баскесер  жендетіне  айналмағы,  сөйтіп,  бү-
кіл бір әулет жер бетінен жойылмағы мағлұм болды дейді. Құ-
мырсқалардың,  олардың  ұрпағының  тірлік-тынысы,  болашақ 
тағдыры бізге мәлімсіз сырымен көз алдымызға панорама тәріз-
ді жайып салынады. Қаламгер бұл шығармасында құмырсқалар 


 
48 
өмірінен қызықтау ғана емес,  «құмырсқа деген не? Адам деген 
кім?» деген сұрауға  жауап береді. Демек, бұл туынды – адамдар 
туралы  терең  тебіреніске,  толқынысқа  толы  философиялық  әң-
гіме. Құмырсқа – адам. Жазушы ойын тура айтпай, бүркемелеп 
жеткізеді,  тұспалдап,  бүкпелеп,  жұмбақтап,  символмен  ұсына-
ды.  Назар  салып,  байыппен  қарасаңыз  –  суреткер адамдар  өмі-
рін, құмырсқалар күнкөрісін, табиғат  тылсымын қатар алады да
ешбір  заманда,    адамзаттың  ешбір  соғысында  болмаған  жан-
қияр, жаппай ерлік, жаппай қаза, жаппай қаражүрек қаныпезер-
лік айқын танылғандығын көрер едіңіз. Автор мақсаты, мүддесі 
– осы жайды парықтау, болашақ ұрпақ үшін, бүгінгі ұрпақ үшін, 
ұлт тағдыры үшін адамдық, биіктік, тазалық тілер жүрек үні. Әр 
адам  осы  құмырсқалардай  ұрпағы,  ұрпағының  өсіп-өнер  жері 
үшін  жанын пида етер болса, онда арман не! –  деп аяқталатын 
бұл  әңгіменің  көлеміне  автордың  барлық  өміршеңдік,  филосо-
фиялық  тың  идеясы,  тақырып  даралығы  сыйып  кеткендей.  Қа-
ламгер  бұл  шағын  әңгімесінде  ел-жер,  ұрпақ  алдындағы  әрбір 
адамның жауапкершілігі, оның болашағы үшін жанымен жауап 
берушілігі жайындағы керемет идеяны еш нәрседен тайсалмай, 
тайынбай,  батыл  қойып  отыр.  Шынында  да  ұрпақ  алдындағы 
ұлы  жауапкершілікті  сезінуден,  ұрпақ  мүддесі  үшін  бар  жан-
тәнімен қызмет етуден, қажет жағдайда өзіңді құрбандыққа ша-
ла  білуден артық абырой  жоқ деген Мағауин  тұжырымдамасы-
на кім қарсы болар екен? Өзіме болмаған ұрпағыма болса екен, 
өзім  шықпаған  биікке  ұрпағым  шықса  екен  деген  адамзаттың 
ізгі  мақсатын  дәл  көрсеткен.  «Құмырсқа  қырғын»  өлең  сияқты 
тез-ақ  оқылатын  көлемі  шағын  кішігірім  әңгіме.  Осы  ықшам 
шығарманың өзінде жалпақ дүниенің суреті, жарық жалғанның 
жұмбағы бар. Тіршілік поэзиясының суреттері адам баласының 
бойындағы  кіршіксіз  тұнық  сезімдердің  көзін  ашқандай,  өмір 
мәнін ұқтырғандай. Осы бір үзік әңгімеде қаншама өмірдің өткір 
философиясы, ащы шындығы бар. Бұл шығармада негізгі арқау 
болатын  нәрсе – өмірге құштарлық, өмір сүру үшін күрес мәсе-
лесі. Тіршіліктің сұлулығы мен  мән-мақсаты, жарасымдылығы 
күресте екендігін автор негізгі идея етіп алған.  
Сондай-ақ  М.Мағауиннің  «Құмырсқа  қырғын»  әңгімесін-
дегі  терең    философиялық  тұжырымның  да  мәні  ашылды.  Дү-


 
49 
ниедегі ең кішкентай жәндіктер тіршілігіндегі әділетсіздік, тең-
сіздік  арқылы  адам  баласына  ой  салу,  мәңгүрттік  сананың  та-
мыр-тегін  ұқтырудағы  авторлық  қолтаңба    дарлығы  да  бүгінгі 
прозаның ерекше бітімі ретінде зерделенді. Қазақ  халқының ға-
сырлар бойғы жаратқан ең  аяулы қасиеті – өзара  ауызбіршілік  
пен  өзін-өзі    құрметтеу,  жатқа  берілмеу,  ұрпақ  болашағын  ой-
лау мұраты тұспалданғандығы талданды. 
Қорыта  келгенде, М.Мағауиннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет