Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

ISBN 978-601-224-388-8                     
УДК 821.512.122.0(075) 
                                                                     ББК 83.3 (5 қаз)я 7 
 
 
 
                                                                  © Балтабаева Г.С. 2012 
                                                   © ҚазМемҚызПУ, 2012
 
 


 

КІРІСПЕ 
 
Соңғы  жиырма  жыл  ішінде  қазақ  қоғамында  болып  жат-
қан  түбегейлі  өзгерістер  әлеуметтік  рухани  өмірімізді  жаңа  бе-
леске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси тепкіден, социалистік реа-
лизм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап 
қалғаны  рас.  Мұның  өзі  қоғамда  «қазақ  әдебиеті  тоқырауға 
ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай 
қалды»  деген  пікірлер  тудырды.  Алайда  көркем  өнер  тез  күш 
жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріс-
кенін  зерттеу  нәтижелері  көрсетіп  отыр.  Ұшқыр  да  оңтайлы 
жанр  –  поэзияны  былай  қойғанда,  шығармашылық  толғанысы 
ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігі-
нен  қарап  жазылған  бірқатар  үлкенді-кішілі  шығармалар  жаңа 
тақырып, тың сюжеттерді алып келді. 
Қазақтың жаңа прозасындағы  көркемдік үлгі-өнегелер өте 
күрделі.  Ол  қаламгерлердің  ұлттық  ауқымындағы  шеберлік  на-
қыштарымен ғана шектелмей, әлем әдебиетіндегі көркемдік үр-
дістерді  қазақ  топырағында  жаңғырта,  түлете  білгендігімен  кө-
ңіл аудартады. «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы» атты оқу 
құралының өзегі – бүгінгі қазақ прозасындағы өзгеше өрнек пен 
өрелі ойдың мән-мазмұнын ашуға, бүгінгі заманның көкейкесті 
проблемаларының қандай көркемдік шешім тапқанын анықтауға 
бағытталып отыр. 
Сөз өнерінің мақсаты – адамның жан дүниесіне ізгілік нұ-
рын сеуіп, жақсылыққа, адамгершілік мұраттарға тәрбиелеу. Ал, 
соңғы уақыттарда жаһандану үрдісі басымдық алып, ұлттың сан 
ғасырлық құндылықтарын батыстық сананың көлегейлей баста-
ғаны  жасырын  емес.  Ұзақ  уақыт  бойына  белгілі  бір  идеяларды 
азық  еткен  қазақ  оқырманы  өзінің  рухани  сұранысын  қанағат-
тандыратын туындыларға ділгір. Қазіргі қазақ прозасындағы сол 
жаңалықтарды, соны қасиеттерді ашатын оқу құралының өзекті 
болатындығының себебі де осында. 
Оқу  құралының  өзекті  тақырыптарының  елеулісі  бұрын 
көп  қалам  тартылмаған  Желтоқсан  оқиғасы  мен  діни  тақырып-
тарға  жазылған  туындылардағы  ізденіс  иірімдерін  ғылыми  зер-
делеуде  болып  отыр.  Дүниені  дүр  сілкіндірген  қазақ  рухының 


 

құрсаулы империяға қарсы азаттық аңсарын көрсеткен Желтоқ-
сан  оқиғасын  көркем  бейнелейтін  бірен-саран  болса  да  бар 
туындылар арқылы қаламгерлер заман өзгерісінің адамға әсерін 
аша білгендігі анықталып отыр. 
Оқу құралында жазушылардың «Қасқыр-бөрі» образының 
көркемдігі  әр  салада  түрліше  жаңғыртуына  ортақ  нәрсе  –  бала 
тағдыры  арнайы  талданды.  Сондай-ақ  осы  бөлімде    әлеуметтік 
символика ретінде пайдаланылған ағаш образының да түрлі мы-
салдары ашылды. Ол әлемдік құрылым, дүние тірегі мағынасы-
нан  бөлек,  заман,  қоғам  қайшылығын  көрсету  мақсатында  түр-
ленгендігі талданды. Еңбектің өзекті бір арнасы – бүгінгі қалам-
герлер тарапынан тың тұрғыда түлеген мұсылмандық ұғымдар-
дың,  исламдық қағидалардың  көркемдік  сипаты болып  табыла-
ды. Ой-сана еркіндігі, тәуелсіз рух қаламгерлердің тың тынысын 
ашты.  Бұл  исламдық  тақырыпқа  қалам  тербеген  туындылардан 
анық  байқалады  және  бұл  көкейкесті  мәселені  көркем  бейне-
леудегі қаламгерлердің түрлі шеберлік қырлары ашылды.   
Қазақ  прозасындағы  көркем  антропологияның  сипатын, 
орнаментальді,  виртуальды,  мистикалық  прозаның,  фольклор-
лық  ой-сананың  жаңаша формасын қабылдау кез-келген  оқыр-
манға оңай болмасы анық. Ал, әрбір  жаңа образ бен  көркемдік 
амал-әдістің  тереңіне  бойлап,  сараптау  оның  көркем  шығарма 
мәтініндегі, мәтіннен тыс тұрған  құпияларына бойлау –  оқу құ-
ралының ең өзекті  мәселесі. Қазіргі қазақ прозасындағы басым 
үрдістердің бірі ретінде   адамның ішкі қасиеттерін жандандыру, 
жеке образдарға дейін әсірелеу  арқылы   көркем  шарттылық  із-
дерін айқындау  да  маңызды  мәселе  болып  табылады. 
Соңғы уақыттағы қазақ қоғамындағы түбегейлі өзгерістер 
рухани  көкжиегімізді  кеңейтіп,  көркем  өнердің  де  жаңа  бағыт-
тарына жол ашты. Әрине, бұған дейін де тәуелсіздік тұсындағы 
әдеби процесс әртүрлі тұрғыдан сөз болды. Алайда осы  тұстары 
әңгімелер  мен  повестерді  арнайы  зерттеу  нысаны  ете  отырып, 
оңдағы  әлемдік  әдебиет  тәжірбиесінен  туындап  жатқан  жаңа 
шығармашылық  ізденістер  зерттелген  жоқ.  Әсіресе  антрополо-
гиялық  (көркем  және  фантастикалық)  прозаның, орнаментальді 
прозаның қазақ прозасына ықпалы  мен виртуальдық және мис-
тикалық прозаның элементтері мен  бүгінгі прозадағы  жалғыз-


 

дық,  айқай,  айна  сарындарының  қазақ  қаламгерінің  тарапынан 
қалай көрініс тапты дейтін мәселе жайлы ғылыми тұжырымдар-
ға арналған  оқу құралы жоқтың қасы. Мұның өзі жаңа әдеби үр-
дістің пайда болу,  қалыптасу, даму үстінде  екенін   көрсетеді. 
Ұсынылып отырған  еңбек тәуелсіздікке дейінгі қазақ про-
засындағы  саясаттан  тысқары  тұрған  тосын  туындыларды  есте 
ұстай отырып, негізінен шығармашылық дәстүрдің жаңаша қыр-
ларын    тақырыптық,  образдық,  тілдік,  көркемдік  тұрғыда  жаңа 
сараптауларға  бағыттайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет