Г. Т. Ыбраштан дың жылдық есебі



Дата14.07.2020
өлшемі19,61 Kb.
#75206
Байланысты:
есеб


Директордің

Тәрбие ісінің орынбасары

Ж.М. Исамагамбетоваға

Кітапханашы

Г.Т. Ыбраштан


    1. дың жылдық есебі

Кітапхана жұмысының төмендегі есептеу құжаттар жүргізіледі:

1. Кітапхананың жылдық жоспары

2. Кітапхана қорының сомалық есеп кітабы3

3. Кітапхананың жұмыс күнделігі

4. Кіріс құжаттар папкасы

5. Кітаптарды есептен шығару папкасы

6. Кітапхана оқырмандарының формулярлары

7. Оқулықтарды беру дәптері



Кітапхан ішінде өткізілген шаралар

  • Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған кітап көрмесі

  • Қазақ халқының ақындары мен жазушыларының мерейтойларына жыл бойы кітапханада көрмелер ұйымдастырылды.

  • Ақпан айында Мұқағали Мақатаевты еске алумақсатында «Жылдарым менің жылдарым» поэзия сағаты,

  • «Ауған соғысы ұмытылмақ емес» атты слайд,видио-фильм көрсетілді.

  • Наурыз айында Халықаралық әйелдер күніне орай Әйел-ару, әйел-ана, әйел-гул.

  • шаралары: «Мәңгілік елдің ертеңі», «Қарттарым асыл қазынам» «Әбіш әлемі», «Мемлекттік рәміздер-ұлт мақтанышы»

Кітапханада жайлылық сезіну үшін,  жұмыс істеу үшін қолайлы   психологиялық жағдай жасалған.  Безендірілген тақырыптық көрмелер, керекті энциклопедиялар, анықтамалар, ғылыми- әйгілік, әдістемелік, көркем әдебиет,периодикалық баспалармен жабдықталған. Жинақты материал өте мол және тақырып бойынша папкаларға безендірілген.
     Кітапхана ісінің бағыттары әртүрлі–
    - кітап көрмелерін ұйымдастыру,
    - кітапхана сабақтарын,
    - тақырыптық дәрістер,
    - кітап шолу,
    - викториналар өткізу.
        Кітапхана  пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектеп іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада ,  ғылыми конференция ,  пән аптасы , ашық сабақ , семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс,  жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады.
Сонымен қатар реферат, баяндама, шығарма, ғылыми жоба дайындаған кезінде да үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында  керекті әдебиет, газет және журнал мақалалар табуға жетекшілік етеді. Әрбір мектеп іс-шарасына қызығушылық танытып, тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылады және  ұсынатын әдебиет тізімі құрастырылады. Қазақстан, Астана және басқа аймақтар тарихы, өлкетану, мәдениет, ғылым, өнер  тақырыптарына арналған  жинақталған және жүйелген ақпараттық материал өте мол және бай. Жыл сайын педагогикалық отырыста пән мұғалімдермен біріге отырып оқушыларды  оқулықтармен қамтамасыз  ету, кітап  қорын сақтау туралы мәселе қарастырылады.
     Үнемі әртүрлі педагогикалық жаңалықтар, жаңа басылымдырдың шығуын қадағалап, идеи,  экперименттер,  керекті қосымша ақпарат қарастырылып,  сан түрлі анықтамалық материалдар мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады.
     Ақпараттық-библиографиалық жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.   Қалалық басқа кітапханалармен тығыз байланыста.

  • -- Оқырмандар саны – 423

  • -- Келушілер саны – 280

  • -- Берілгені – 177

  • -- Айналымы – 1,3

Оқу жылы соңында оқушылардың оқулықтарын тексеріп,қабылдап алу,кітаптарды реттеу,кітапхана ішін жөнге келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қорытынды



Алдымыздағы оқу жылында жұмысымыздың бір саласы – әр кезде жарық көрген жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс жүргізу, оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру.

Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу –тәрбие жұмысына ықпал етуге еңбек ету. Оқу жылының басында оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру.Кітапханалық библиографиялық ілімнің негіздерімен балаларға арнайы кітапхана сабақтарын жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет