Патогенезі: Өмірдің алғашқы күндерінің дернәсілдері қоздырғыштарға төзімді, өйткені медбике аралар оларды бактерицидтік қасиеті бар бездерінің секрециясымен қоректендіреді. Өмірдің 3-ші күнінен бастап личинкалар бал мен ара нанын қосымша ала бастайды. Мұндай дернәсілдер ағзаға түскенде M. plutonius тұйық шығарылатын қапшық тәрізді ішектің ішіндегі қоректік массаларда қарқынды түрде көбейе бастайды.
Қоздырғыш ішек қабырғасынан гемолимфаға еніп, бүкіл денеге таралады, содан кейін оның көбею жылдамдығы баяулайды. Личинканың өлуі сепсис пен интоксикациядан, жұқтыратын дозаға байланысты, 3-4-ші күні болады.
M. plutonius иесі ағзасында көбею қарқындылығы басқа микроорганизмдерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Шынында да, ауру дернәсіл жұқтырғаннан кейінгі бірінші күннен бастап аралар арқылы жасушадан шығарылған кезде қоздырғыштың таралуы тұрғысынан қауіп төндіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Ауру қоздырушысы бал арасы мен жабайы ара үшін зардапты, адам мен жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан ара үясы. Қоздырушының таралуына сумақы аралар, адасқан аралар, ара үйірінің үшып кетуі мен орын ауыстыруы себеп болады. Аурудың шығуына ара үясының суыққа үрынуы, бал жинағандағы ұзақ үзіліс, жақын туыстық үрықтандыру ықпал етеді. Керісінше ауа райы қолайлы, бал жинау жағдайлы болса араның балапан құрттарының ауруға шалдығуы азайып, кәрезді ауру балапан қүрттардан тез тазалап алатын күшті ұялар сауығып кетеді. Ауру көктемнің соңғы немесе жаздың басында айқалып, ашық өсіні бар бүкіл маусымды қамтуы мүмкін.
Дерттенуі. Ауру қоздырушысы 3 күндік балапан қүртқа, оның азығына аралар бал мен гүл тозаңын қоса бастаған кезде енеді. 4-6-шы күндері қоздырушы ортаңғы ішектің эпителиіне өтіп, балапан қүрт шіри бастайды. Қоздырушымен қатар балапан қүрттың денесіне қосалқы микробтар енеді.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1,5-3 күн. Ара ұясының ауруға шалдығуы жеңіл болғанда ұядағы барлық балапан қүрттарының 3-5% зақымданады, ал ауру ауыр өткенде бұл көрсеткіш 10-25% -ға жетіп, жабық ұяшықтарда да өлген балапан құрттар кездеседі. Ауру шыққан үяда кәрезді тексергенде зақымданған балапан құрттардың түсі сарғыш келеді. Олар ұяшықтың түбінде, қабырғасында немесе ауызында жатуы мүмкін. Бара-бара өлгея балапан құрттар қоңыр түсті шіріген немесе ашыған созылмайтын массаға айналады.
Балау. Европалық шірімеге тән белгілер: өсін ала-қүла болады, ашық балапан құрттар өледі, жаңадан зақымданған балапан құрттардың түсі сары, шіріген иісі шығады, жабысып созылмайды, өлген балапан құрттардың денесі ұяшыққа жабыспай, әр түрлі жерінде (түбінде, қабырғасында, бетінде) орналасады. Диагнозды анықтау үшін зертханаға зақымданған кәрездің бір кесегін жібереді. Зертханада кірездің бетін жалынмен шарпып, ішіндегі өлген балапан қүртты алады. Стерильді төсеніш шыныға салып, ортаңғы ішегінен бактериологиялық түзақпен материал алып, жағынды даярлайды және қоректік ортаға егеді. Ұяшықта шіріген масса болса, одан да жағынды даярлайды. Егер балапан қүрт кеуіп кеткен болса, оны ұяшықтың ішінде дезинфекциялайды да, стерильді физиологиялық ерітіндіге салып, жағынды даярлап, егеді. Жағындыны микроскоппен тексергенде Str. pluton табылады, сонымен қатар басқа да қосалқы микробтар кездеседі. Бактериологиялық тексеру диагнозды түпкілікті анықтайды. Ауруды америкалық шірімеден және қосалқы шірімеден (парагнилец) ажырату қажет. Соңғы аурудың қоздырушысы - Вас.paraa.lvеі, грамоң, спора түзеді. Споралары америкалық шіріменің спораларынан ірі.
Дауалау және күресу шаралары. Сау омартаны ауру қоздырушысың әкелуден қорғайды. Араларды жақын туыстық ұрықтандыруга, әлсіз ұяны ұстауға, қорегінің жетімсіз болуына, суыққа ұрынуына жол бермейді. Ескірген, қарайған кәрездерді балауызға ерітеді. Егер бір ұядан ауру шықса омартадағы барлық ара ұяларын мұқият тексереді. Ауырған ұяны :оқшаулап, омартадан 3-5 км алып кетіп, америкалық шіріме кезіндегідей емдіқ және сауықтьіру шараларын қолданады.