Жоғарғы жақ қуысы мұрын қуысымен байланысуы және созылмалы ,іріңді гаймориттің дамуы.
Созылмалы гаймориттің симптомдары.
Созылмалы гайморит әдетте жедел гамориттің нәтижесі болып табылады.Ремиссия кезеңінде аурудың жалпы жағдайы қалыпты.Өршу кезінде жалпы интоксикация симптомдары (әлсіздік ,бас ауру ,шаршағыштық ),дене қызуы фебрильді немесе субфебрильді деңгейге дейін жоғарылауы мүмкін.
Экссудативті созылмалы гайморитге өршу кезінде бөлінді анықталады және науқастың жағдайы біршама жақсара түседі.Катаральды гайморит кезінде бөлінді сұйық ,серозды және жағымсыз иісті болады.Іріңді формасында қою, сары жасыл көп созымтал шырышты бөлінді бөлінеді,олар мұрын қусында қабыршақтар түзіледі.
Бас ауру созылмалы гаймориттің өршу кезінде немесе жоғары жақ қуысынан сұйықтық ағу бұзылған кезінде болады.
Созылмалы гайморитпен зардап шегушілер жай емге берілмейтін түнгі жөтелге шағымданады.Бұл жағдайда жөтелдің себебі ірің болып ,ол гаймор қуысынан жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі.
Созылмалы гаймориті бар науқастардың мұрын кіреберісінде жарақаттанулар көрінеді.Көп ауруларда коньюктивит және кератит дамиды.
Гаймориттің диагностикасы
Диагноз аурудың шағымдарына ,қарап тексеруге мұрын қуысы шырышын қарау ( қабыну ,ісіну , қуыс тесігінен іріңді бөлініс ).Рентгенограммада гаймор қуысы қараяды.Мәлімет жетіспеген кезде басқа әдістерден гаймор қуысының пункциясы жасалады.
Рентгенограмма ППН: оң гаймор қуысының тотальді қараюы.
Рентгенограмма ППН: екі жақты гаймор қуысының тотальді қараюы
Рентгенограммы ППН: сол жақты гаймор қуысының қараюы
Жедел гаймориттің емі
Шырышты қабаттың ісіну азайту үшін және қуыстардың қалыпты вентильяциясын қалыптастыру үшін жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер қолданылады ( санорин ,галазолин,нафтизин ,отилин,називин) 5 күннен артық емес.Ерекше гипертермия кезінде қызу төмендеткіш дәрілер ,айқын интоксикацияда антибиотиктер тағайындалады.Қолайсыз әсерді болдырмау және жоғарғы консентрацияда антибиотиктерді жергілікті қабыну ошағына енгізу ( зофра,биопарокс).Дене қызу қалыптыға түскенде физиоем тағайындалады.( соллюкс,УВЧ)