Жұлдызаралық тозаң және газ
Жұлдызаралық орта – біздің Галактика мен басқа Галактикалардың құрамындағы жұлдыздар арасындағы кеңістікті толтыратын сиретілген зат, жұлдызаралық газ және тозаң бөлшектері. Жұлдызаралық ортаның құрамына бұлардан басқа, ғарыштық сәулелер, жұлдызаралық магнит өрісі, сондай-ақ әр түрлі ұзындықтағы электрмагниттік сәулелер де енеді. Күн (басқа жұлдыздардың да) маңындағы Жұлдызаралық орта планетааралық ортаға ауысады. Галактикалар арасындағы кеңістікті галактикалық орта толтырады. Жұлдызаралық ортаның болатындығы туралы қорытындыны алғаш рет орыс астрономы В.Я. Струве (1793 – 1864) жасаған (1847). Бірақ оның болатындығы 20 ғасырдың 30-жылдары дәлелденді (америкалық астроном Р.Трамплер, орыс астрономы, Б.А. Воронцов-Вельяминов). Жұлдызаралық газ бейтарап және иондалған атомдар мен молекулалардан құралған. Оның негізгі массасын сутек (шамамен 90% пен гелий (шамамен 10%), сондай-ақ оттек, көміртек, неон және азот (әрқайсысы шамамен 0,01%) атомдары құрайды. Жұлдызаралық газ бен тозаң галактика жазықтығында өте күшті жинақталып, жұлдызаралық бұлтты түзеді.
Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді. Эклиптика зодиак шоқжулдыздары (гр. зодиакос куклос - жан-жануарлар дөңгелегі) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны 'зодиак белдеуі деп аталады.
Күн зодиак шоқжұлдыздарының әрқайсысында бір ай шамасында болады. Сөйтіп, Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы эклиптика деп аталады дедік. Күн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын 21 наурыз және 23 кыркүйекке сейкес келетін, күн мен түннің теңелу деп аталатын нүктелерде екі рет қиып өтеді. Күн мен түннің көктемдегі теңелуі нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады. Бұл күндерде Күн аспан экваторын басып өтеді, ал аспан экваторын аспан көкжиегі как бөледі. Ендеше көкжиек үстіндегі және астындағы Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей. 22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашык орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғы күн тоқырауы. 22 желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн - қыскы Күн тоқырау күні.
Ерте кезде Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Күн бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда мұндай түсіндіру сол кездегі кейбір философтарды канағаттандырмады. Мәселен, атақты Пифагордың (б.з.б. V I - V F F . ) оқушылары Күннін жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осінен айналатыны сиякты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сөйтіп, мың жылдан астам уақыт бойы, Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің қозғалатыны жайында сөз етпеді. Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақылаған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан болады. Күннің бетінде көптеген коңыр дактар болатыны белгілі. Мінеки, осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.
Ғаламның қазіргі заманғы астрономиялық бақылаулар тәсілімен қамтылған бөлігін Метагалактика - деп атайды. Метагалактикада галактикалар аралығы ғарыш сәулелері өтіп жататын өте сиретілген галактикааралық газдармен толтырылған, онда гравитациялық және электрмагниттік өрістер, сол сияқты көрінбейтін зат массалары болуы мүмкін.
Сонымен, біз ұлғаюшы Метагалактикада өмір сүреміз. Бұл құбылыстың өзінше ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Күн жүйемізге, жұлдыздардың еселі топтарына немесе тіпті жеке галактикаларға ұқсас жүйелер Метагалактика ұлғаюына қатыспайды. Демек, Метагалактиканың ұлғаюы тек шоғырлар және галактикалардың аса шоғырлары, яғни құраушылары галактикалар болатын жүйелер деңгейінде ғана байқалады.
Метагалактиканы бүкіл Ғаламмен тең қойып, Метагалактиканың ұлғаюы. Бірақ Ғаламда өткен заманда бақыланған үлғаюға себеп боларлық табиғи процестер белгілі. Ең ықтимал процесс бұл қопарылыстар. Олардың ауқымы галактикалардың кейбір түрлерін оқыған кезде бізді таңдандырған болатын. Былайша пайымдауға болады: Метагалактиканың ұлғаюы да орасан зор температурасы мен тығыздығы бар заттың керемет қопарылысын елестететін құбылыстан басталған.
Бақылау сұрақтары:
Галактика дегеніміз не?
Галактикалардың түрлері қандай?
Үйге тапсырма: §10.2. Мазмұндау. №10.2.4, №10.5, №10.2.6.
Достарыңызбен бөлісу: |