Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынты ғы болатын сперматидалар пайда болады.
Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
СПЕРМОТОГЕНЕЗ (грек. SPERMA, spermatos – ұрық, zoon – тіршілік иесі және eidos - түр ) – адамның жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. 1677 жылы сперматозоидты Антони ван Левенгук тапты. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К.М. Бэр енгізді. Спермотозоид спермотогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың) түзілуі нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады. Жануарлардағы сперматозоидтың ұзындығы әр түрлі болады. Мысалы, омыртқалы жануарларда 10-100 мкм, жәндіктерде бірнеше мм-дей болады. Ал сперматозоидтың орталық көлемі 16-19 мкм3.