. - Әлем бойынша таралуы: Гашишизм алкоголизмнен кейін дүние жүзі бойынша 2 ші орын алады.
- Гашишпен улану: алғашында 2-5 мин ұзақтығы – жеңіл бас айналу сезімі, көз алдында бәрі шомылып жүргендей. Кейін жылулық, қолдағы аяқтағы ауырлық сезімі, ақымақтану ( одурение). 10-20 мин өткен соң қоршаған ортаға, түске , дыбысқа, өз денесіне деген сезім бұзылыстары байқалады.
- Гашишпен уланудың ерекшеліктері: Адам өзін сырттан бақылай алатындай және өз-өзімен болып жатқандай бағалай алады.
Гашишпен уланудың патогенезі: Каннабиоидты шегу кезінде қан ағымына тетрагидроканнабинол шамамен 50 % түседі. Сарысуда тетрагидроканнабинолдың концентрациясы шыңына 70 минут ішінде жетеді. Кейін психоактивті заттардың концентрациясы 1 сағат ішінде төмендейді, ал әсер етудің субьективті әсері 6-8 сағ ішінде редуцирлейді. Каннабинолды ішке қабылдау, шегуге қарағанда, қанға тетрагидроканнабинолдың 1/3 бөлігіне аз түседі. Гашишты улану кезінде симптомдардың ауысуы: - Моторлы қозу- субьект қозғалысы, секіргісі, билегісі келеді.
- Тәртібін бақылаудың әлсіреуі- таныс емес идеяларға тұрақты көңіл аударуға тырысады. Кенеттен күлкілі емес қандайда бір эпизо оның адекватты емес, тоқтаусыз күлкісін шақырады.
- « Состояние дурмана»- бұл жағдайда адамдар жиі өзінің ессіз қозғалыстарында, айтқан сөздерінде, істерінде, сағымдарында, галлюцинацияларда көрінетін бағалы ойларын айтады.
- Ойлар диссоцияциясы- сөйлеуге және өз ойын айтуға қажеттілігі басқаша келеді. Бұл кезде сөйлесулер басқаша болады, сөйлесуші адамды субьектің ойға сыймайтын сөздері таң қалдырады, олар оны түсінбеушілікке апарады. Бұған субьект мағынасыз күлкімен жауап береді. Субьект толқып сөйлейді, ұсақ нәрселерге бола қатты дауласады және айналасындағы адамдар ол сезетін толқуларды түсінбегеніне таң қалады.
- Өзіндік « мен» гипертрофиясы- субьект өзін жоғары адамзат деп есептейді. Өзінің жолдастарын барлық жағынан төмен санайды.
- Сандырақтап қозу- сыртқы қорғаныш адамдар немесе заттарды дұрыс, нақты емес қабылдау. Бұл жағдайда сезімдердің ерекше өршуімен, ойлардың гипертрофиясымен саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |