Лечение (амбулатория)
АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ:
Емдеу тактикасы дәрі-дәрмексіз әдістер және фармакотерапияны көздейді.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Дәрі-дәрмексіз емдеу өмір салтын өзгерту және диета бойынша нұсқаулықтарды орындау(антирефлюксті іс-шаралар) болып табылады, оларды орындауда ГЭРА терапиясына ерекше мән берген жөн (4-кесте).
5-кесте. ГЭРА бар науқастарға ұсыныстар
Ұсыныстар
|
Пікірлер
|
1.Төсектің көтерулі бас бөлігімен кемінде 15 см ұйықтау.
[1,5,6,9,12,16].
|
Өңештің қышқылдану ұзақтығын азайтады.
|
2. Диеталық шектеулер:
- майлар құрамын төмендету (кілегейлер, сары май, майлы балық,
шошқа, қаз, үйрек, қой, торттар);
- ақуыз құрамын арттыру:
- тағам көлемін азайту;
- тітіркендіргіш өнімдерді пайдаланбау
(ішімдік, цитрус шырындар,
қызанақтар, кофе, шоколад, қою шай,
пияз, сарымсақ және т.б.) [1,5,6,9,12,16].
3. Майлануда тамақты төмендету [1,5,6,9,12,16].
4. Ұйықтар алдында жемеу, тамақтан кейін бірден жатпау [1,5,6,9,12,16].
|
• майлар ТӨС қысымын төмендетеді;
• ақуыздар ТӨС қысымын арттырады;
• асқазан ішіндегісінің көлемі және рефлюкстер азаяды;
• тік зақымдаушы әсер.
• кофе, шоколад, ішімдік, қызанақтар сондай-ақ ТӨС қысымын төмендетеді.
Артық салмақ рефлюкстің күшеюіне жағдай жасайды.
Асқазан ішіндегісінің көлемі көлденең жағдайда азаяды.
|
5. Тар киім кимеу және қатты белбеу тақпау [1,5,6,12,16].
|
Құрсақ ішілік қысымды арттырады, рефлюксті күшейтеді
|
6. Қатты еңкеюлер, бүгілген жағдайда көп болуды («бағбан» жағдайы),
5-10 кг.-нан артық ауырлықты көтеруді, құрсақ қуысының бұлшықеттерінің қатты ширығуымен дене жаттығуларын
болдырмау [1,5,12,16].
|
Құрсақішілік қысымды арттырады, рефлюксті күшейтеді
|
7. Дәрілік заттарды қабылдауды болдырмау: седативтік, ұйықтататын,
транквилизаторлар, кальций антагонистері, холинолитиктер [1,5, 6,9,12,16].
|
ТӨС қысымын төмендетеді және/немесе перистальтиканы бауялатады.
|
8. Шылым шегуді тоқтату
[1,5,6,9,16].
|
Шылым шегу ТӨС қысымын маңызды азайтады және өңеш клиренсін төмендетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |