ГЭРА-ның эрозиялық емес нысаны және І-ІІ сыныпты эзофагиттер:
1-желі препараттары:
· Н2 гистаминді рецепторлар блокаторлары (фамотидин, ранитидин)
2-желі препараттары:
Терапия тиімсіздігінде/жеке қабылдамаушылықта протонды помпа ингибаторлары қолданылады (ППИ)
ГЭРА эрозиялы нысандары:
1-желі препараттары:
· ППИ (омепразол, пантопразол, эзомепразол, рабепразол, лансопразол)
2-желі препараттары:
· Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары (фамотидин, ранитидин) цитохром Р450 (5-кестені қарау) жүйесіне әсер ететін препараттармен қолдану қажеттілігінде.
ППИ қуатты антисекреторлық препараттар болып табылады және оларды тек ГЭРА диагнозы объективті құжаттанған жағдайларда ғана пайдаланған жөн [22,23]. Н2 блокаторларымен қосымша терапия, ППИ қолданумен қатар түнгі қышқылдық кемшілік анықталған ГЭРА ауыр деңгейлі пациенттері үшін де пайдалы екені хабарланды (әсіресе Барретт өңеші бар пациенттерде). Антисекреторлық препараттардың нысандары және шығарылымы, орта мөлшерлері және мөлшерлеу режимдері 6-кестеде ұсынылған.
ГЭРА-да антисекреторлық препараттарды қолдану ұзақтығы ауру кезеңіне байланысты болады:
ГЭРА эрозиясыз нысандары – ұзақтығы 3-4 апта
ГЭРА эрозиялы нысандары:
1-кезең – ұзақтығы 4 апта жалғыз эрозиялар
2-3-кезең – ұзақтығы 8 апта көптеген эрозиялар.
Сонымен қатар, көптеген жағдайларда неғұрлым ұзақ қолдану талап етіледі, с.і. демеуші ем. Препараттардың көрсетілген топтарын жеткілікті ұзақ қолдануды ескерумен тәуекелді бағалау/оларды тағайындауды тұрақты қайта бағалау және пайдалар, соның ішінде қолданудың мөлшерлік режимдері.
Антисекреторлық препараттарды пайдалануда Н2 гистаминді рецепторларының блокаторларын қолдануда даму мүмкін екенін ескеру қажет:
- фармакологиялық толерантттылық
- психомоторлық реакциялар жылдамдығын және назардың жоғары концентрациясын талап ететін қызметтің ықтимал қауіпті түрлерімен айналасуда сақтық талап етіледі, себебі бас айналу мүмкін, әсіресе бастапқы мөлшерді қабылдағаннан кейін.
ППИ қауіпсіздігінің жалпы жақсы профилінде:
- кальций гомеостазын бұзуы
- жүрек ритмінің бұзылуларын ауырлатуы
- гипомагниемияны туындатуы мүмкін.
ППИ ұзақ қолдану және менопаузадан кейін әйелдерде санның сынуы арасында байланыс бар [22,23]. Осыған байланысты аталмыш препараттар тобын қарт адамдарда 8 аптадан артық пайдалану ұсынылмаған [24]. А классы дәлелдерінің негізінде денсаулық сақтау сапасы зерттеу жөніндегі агенттік өткізген зерттеулер нәтижесінде (AHRQ), ППИ тиімділігі ГЭРА белгілерін 4 аптадан кейін және эзофагиттің 8 аптадан кейін жазылуын шешу үшін Н2 гистаминді рецепторларының блокаторларына қарағанда жоғары. Бұдан басқа, AHRQ 8 аптадан кейін белгілерді жеңілдету үшін жекелеген ППИ арасындағы айырмашылықтарды анықтамады [22,23,25].
Базалық ППИ оның жақсы зерттелуі және төмен құнына байланысты омепразол болып табылады. Ресми нұсқаулыққа сәйкес эзомепразол, пантопразолды қолдануда әсер неғұрлым тез орын алғанда аз дәрежеде Р450 цитохром жүйесіне әсер ететіні туралы деректер бар, сол себепті аталмыш жүйемен метаболаланатын препараттармен үйлестірілген қолдануда неғұрлым қауіпсіз болып табылады [21].
Басқа дәрілік заттармен антисекреторлық препараттардың өзара әрекетін бағалауда барлық ППИ Р450 (CYP) цитохром жүйесімен метаболаланатынын және метаболизмі аталмыш жүйемен байланысты басқа заттар арасында метаболалық өзара әрекет қаупі бар екенін ескеру қажет (6-кестені қараңыз). Неғұрлым толық ақпарат қолдануға нұсқаулықтарда және дәрілік заттардың халықаралық қорларында ұсынылған [20,21].
Достарыңызбен бөлісу: |