Түрі: Мәнерлеп оқу сайысы.
Типі: сайыс.
Көркемдігі: слайдтар, Абай туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер.
Өтілу барысы:
Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!
Ақыл-ой ақындықтың киесі - Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі - Абай!
Адалдық, ар ұяттың данышпаны
Мәнерлеп оқу сайысы 4 кезеңнен тұрады
1-кезең «Абай әлемі» Яғни, бұл кезеңде ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап береді.
2-кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып,жатқа орындауы тиіс.
3-кезең «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» шығармашылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар өлең шығарып келуі керек болатын. Өлеңдерін оқиды.
4-кезең «Абай айтқан - асыл сөз» бұл кезеңде сайыскерлер берілген нақыл сөздердің жалғасын табады.
Сайыс белгіленген кезеңдері бойынша өз мәресіне жетті. Сайыс жеңімпазын анықталып, марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |