Газ тарату механизмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен шестернкалар кіреді.
Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті айналдырады. Таратқыш білік рычактар арқылы қозғалысты шығару және кіргізу клапандарына жеткізіп ашылып жабады.
Иінді білік бензин қозғалтқыштарында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үлгереді, немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд қана. Немесе осы аз уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы қажет.
Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті нүк-теге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады (сурет.2).
Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін жабылады.