Қозғалтқышты пайдаланған кезде газ тарату механизмі деталь-дарының үйкелетін беттері тозып олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен клапандардың ершікке орнығуы бұзылады.
Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары мыналар: клапан фаскасының және оның бағыттауыш втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасының, штанга мен түрткіш ұштығының, таратқыш біліктің жұдырықшасы мен мойынының, таратқыш біліктің тірек втулкасы мен таратқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойылуы. Бұл аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді.
Газ тарату механизмінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін цилиндрлер қалпақшасын, күйенте білікшесі тірегін және басқа бөлшектерді тексеріп, бекітілген түстарын қатайтып бүрау, клапандар мен күйентелердің механизмінің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру қажет.
Автомобиль қозғалтқыштарының клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау өзгерсе, қуатты кемітіп, отынның меншікті шығынын арттырады.