«Рэп» сөзі ағылшынша rap – "тарсыл", "дыбыс" деген сөздерді білдіреді
Рэп – 1970 жылдары афроамерикандықтардың ортасында пайда болған жанр. Рэп – тілге жеңіл әрі айтуға оңай, тыңдаушы құлаққа белгілі ритм арқылы жететін музыканың ерекше түрі, хип-хоп жанрының негізінде пайда болған. Алғашында ауызбен-ауыз айтылатын бұл өнер түрі жай ғана қарапайым шумақтардан ғана құралатын. Оны ең алғаш Бронкстегі ямайкалық диджейлер орындады. Ең алғашқы өкілі ретінде Джек Гибсонды атайды. Лақап аты – «Джек-рэпер». Уақыт өте келе рэптің өзіне тән батлдары пайда болды. Яғни сол жерде ритмнің ырғағына түсіп, сөз құрау, қарсыласына жауап беру, сұрақ қою сынды ұғымдармен ерекшелене бастады.
Бүгінгі «қазақ жыраулары» деп кімдерді айтамыз? Әлемдік деңгейде ұлықталып кеткен рэптің айналасына қазақ рэперлері де келіп қосылды. Бірақ олар «жұлдыз» деңгейіне жетпесе де Қазақстанға танымал болып үлгерді.
Олардың қатарында: «Жақау», «Шыңғыс», Жан Ахмадиев, «Домалақ», «G-Staz» атауымен таныс Нұржан Жөкенов, «Тайфун», «Smitty» сынды көптеген жастар мен орта буын өкілдері бар. Әрбірінің өзіне тән рэп оқу стилі қалыптасқан. Сонымен қатар Ресейде өнерімен танылып, аты алты құрлыққа жете бастаған "Скриптонит" те қазақстандық рэпер.
Оның деңгейі керемет немесе жаман деуге келмейді. Өйткені бірінің стилі нашар болса, бірінің сөзі нашар. Ұтылып та, ұтып та жататын тұстары бар. Мәселен ең ақсап тұрған жері – рэптің ритмге келмейтін сөз буындары мен сөздің мағынасы. Шет тіліндегі рэптің орамға тез түсуі олардың буын сандары мен әрбір сөзінің мағынасы бар. Қазақ тілінің сөйлеу тілі бұл жағынан келгенде өте көркем, тек буынның ыңғайына тез көне бермейді. Сондықтан ритмге мән беріп, соған сай сөздерді, синонимдерді пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |