Eсеп 1. Бөлмедегi ауаның температурасы 20oС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%. Терезе сыртындағы ауаның температурасы қандай болғанда, терезе әйнектерi терлей бастайды?
Шешуi. Өздерiңiз бiлетiндей, салыстырмалы ылғалдылық мына формула бойынша есептеледi:
,
мұндағы p – ауаның құрамында болатын су буының қысымы, рн – берiлген температурада кеңiстiктi қанықтырушы су буының қысымы.
Температурасы 20oС болғанда қанықтырушы будың қысымы рн = 17,5 мм сынап бағаны (таблица бойынша). Қысым р = рн·φ, немесе р = 17,5·0,6 = 10,5 мм сынап бағаны.
р қысымы кеңiстiктi қанықтырушы будың қысымына сәйкес болған кездегi ауаның температурасында бу конденсациясы басталады. Таблицадан қысымның мына мәнiне р = 10,5 мм сынап бағаны бойынша, 12oС -температура сәйкес екендiгiн табамыз.