Газ тектес, сұйық және қатты денелердiң қасиеттерi



бет16/16
Дата07.02.2022
өлшемі329,5 Kb.
#85481
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
897 gaz-testent

Түсiнiктеме сөздiк


Газ тектес, сұйық және қатты денелердiң қасиеттерi

Ауаның абсолюттiк ылғалдылығы - берiлген жағдайдағы 1 м3 ауа құрамындағы су буларының массасы.


Аморфтық денелер – стуктурасының сол фрагментiнде барлық бағыттар бойынша қайталанушылығы жоқ қатты денелер.
Анизатропия - кристалдардың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығы.
Балқу - заттың қатты кристалдық күйден сұйық күйге өтуi.
Беттiк керiлу коэффициентi - беттiк керiлу күштерiн сандық жағынан бағалау.
Беттiк керiлу күштерi - сұйық бетiне жанама жазықтықта жатқан және сұйық бетiнiң ауданын мейлiнше кiшiрейтуге бағытталған (негiзделген) күш.
Беттiк энергия - сұйықтың ашық бетiндегi молекулалардың артық потенциалдық энергиясы
Бу – буланудың әсерiнен пайда болатын газ
Буға айналу - Заттың сұйық күйден газ күйiне өту процесi
Деформация - сыртқы күштердiң әсерiнiң нәтижесiнде дененiң сыртқы пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi
Динамикалық тепе-теңдiк - булану процесi мен конденсация процесi бiрiн-бiрi толықтыратын (компенсациялайтын) жағдай(күй).
Изотропия - заттардың физикалық қасиеттерiнiң барлық бағытта бiрдейлiгi.
Жұғатын сұйық - қатты дене бетiмен үлдiр(пленка) секiлдi ағып-жайылатын сұйық.
Жұғылу периметрi - сұйықтың ашық бетiн шектейтiн тұйық сызық.
Жұқпайтын сұйық - тамшыға айналып, жиылып тұратын сұйық.
Жылжу деформациясы - тiк қабаттар белгiлi бiр бұрышқа бұрылғанда, жазық қабаттардың өзара бiр-бiрiмен параллель күйде жылжуы.
Конденсация - бұл заттың салқындау немесе сығылуының салдарынан газ тектес күйден конденсацияланған күйге(сұйық немесе қатты) айналуы .
Кристалдар - атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер
Кристалдық тор - бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi.
Кристалдық торлардың түйiндерi - кристалдық торлардың орналасқан орындары.
Қанықпаған бу - сұйықтың булануы конденсациядан басым болған жағдайдағы немесе сұйық толық буланып кеткен жағдайдағы, сұйық бетiндегi бу.
Қаныққан бу - өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдiкте болатын бу.
Қайнау - ашық беттегi және бу көпiршiктерiн түзетiн қуыс көлемiндегi сұйықтың интенсивтi булануы.
Қайнау нүктесi - атмосфералық қысымның қалыпты жағдайындағы сұйықтың қайнау температурасы
Қайнау температурасы - сұйықтың қаныққан буының қысымы сыртқы қысымға тең болған кездегi сұйықтың темпреатурасы
Меншiктi беттiк энергия - бiрлiк ауданның беттiк энергиясы
Мениск - қыл түтiктердiң iшiндегi қисайған сұйық беттерi.
Молекулалық қысым – сұйықтың қисайған беттiк қабатының, сол сұйыққа түсiрген қосымша қысымы.
Монокристалдар - жекеленген кристалдар.
Пластикалық деформациялар - сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн де жоғалмайтын деформациялар.
Поликристалдық денелер - көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене.
Психрометр - салыстырмалы ылғалдылықты өлшеу үшiн қолданылатын арнайы аспап.
Серпiмдi деформациялар - сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн жоғалып кететiн деформациялар.
Созылу деформациясы - шамасы жағынан тең, бағыттары жағынан қарама - қарсы күштердiң әсерiнен болатын деформация.
Сығылу деформациясы - бiр–бiрiне бетпе-бет бағытталған күштердiң әсерiнен болатын деформация.
Үлестiк қысым – құрамында атмосфераны құрайтын – азот, оттегi және т.б. компоненттер жоқ болғандағы су буының жасайтын қысымы.
Шық нүктесi - салқындату барысында бұрын қанықпаған бу қаныққан буға айналатын температура.
Ылғалдылық - жер атмосферасындағы су буының бар екендiгiн сипаттайтын шама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет