Автор: Арыстанова Даурия Жумекеновна
Пән: Физика
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Заттың агрегаттық күйлері
Тақырып: Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
8.3.1.4 – молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау; 8.3.2.10 – балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану; 8.3.2.11 – заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Қатты денелердің балқуы және қатаюы кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшері туралы мәліметтер және формуласын біледі, . Көптеген оқушылар: Қатты денелердің балқуы және қатаюы кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдана алады. Кейбір оқушылар: Температураның уақытқа тәуелділік графигін тәжіриебе жасай отырып талдай алады
Бағалау критерийлері:
• Қатаю және балқу процесін ажырата алады
• Меншікті балқу жылуынының мағынасын түсінеді
• Тәжіриебе жасай отырып температураның уақытқа тәуелділік графигін салып, есеп шығара алады.
Тілдік мақсаттар:
Диалог сөздер: Температура, энергия, молекула, кинетикалық және потенциалық энергия терминдерің дұрыс әрі сенімді пайдалана отырып молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сынып талқылауын жүргізуге ықпал ете алады.
Пәндік лексика және терминология:
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Жылу
Тепло
Heat
Температура
Температура
Temperature
Балқу
Плавление
Melting
Қатаю
Замерзание
Freezing
Құндылықтарды дарыту:
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу (оқушылар өндірістік салаларда металдардың пайдаланатын орындарын біледі) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы (оқушылар шығармашылық жұмыс жасата отырып еңбекке баулу )