§ 2.6 Кристалдық және аморфтық денелердiң құрылысы. Анизотропия
2.7-сурет
Атомдары немесе молекулалары реттелiпорналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiнқатты денелер кристаллдар деп аталады. Кристалдардың қырлары әрқашан жазық және дұрыс геометриялық пiшiндi болып келедi (2.7, 2.8 - суреттер). Бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi кристалдық торлардеп аталады, ал сол торлардың орналасқан орындары түйiндер деп аталады (2.9 - сурет).
2.8-сурет
Кристалдардың сыртқы пiшiнiнiң дұрыстығы - олардың реттелген құрылысының бiр ғана салдары емес. Олардың ең басты ерекшелiгi кристалдың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығында.Кристалдардың бұл қасиетi анизотропия деп аталады.