Монокристалдар мен поликристалдар. Қатты денелердiң негiзгi түрiне металдар жатады. Олардың да кристалдық структурасы бар. Бiрақ , бiр қарағанда, олардың кристалдық құрылымы не сырт пiшiнiнен, не физикалық қасиеттерiнен байқалмайды. Металдар кәдiмгi күйде анизотропияны анықтай алмайды. Себебi металл көптеген өзара бiтiсiп кеткен кiшкентай кристаликтерден тұрады. Олардың әр қайсысының қасиеттерi бағытына байланысты, бiрақ олар бiр-бiрiне қарағанда ретсiз бағытталған. Сондықтан, көлемi жекелеген кристаликтердiң көлемiнен анағұрлым үлкен металл iшiндегi барлық бағыттар тең және оның қасиеттерi барлық бағытта бiрдей болады.
Көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене поликристалдықдене деп аталады, ал монокристалдар деп аталады.