§ 2.2 Ауаның салыстырмалы және абсолюттi ылғалдылығы.Шық нүктесi
Жер атмосферасындағы су буының бар екендiгiн сипаттайтын шама ылғалдылық деп аталады.
2.1-сурет
Берiлген жағдайдағы 1м3 ауа құрамындағы су буларының массасы ауаның абсолюттiк ылғалдылығы f деп аталады (2.1,2.2 - суреттер). Әдетте оны CИ өлшем бiрлiк жүйесiнде емес г/м3 бiрлiгiмен өрнектейдi:
f = ρбу(г/м3) ≈ P(мм. сынап бағанасы бойынша).
2.2-сурет
Бұл жерде су буының қысымы деп оның үлестiк қысымын айтады, яғни атмосфераны құрайтын – азот, оттегi және т.б. компоненттерi жоқ , болғандығы су буының жасайтын қысымы.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ деп ауадағы су буының қысымы p-ның атмосфералық температурадағы судың қаныққан буының қысымы pk – ға қатынасына тең шаманы айтады.
φ = (p/pk)· 100 % (2.1)
pk шамасының мәндерi белгiлi сәйкес кестелерден анықталады. Ауаның температурасы төмендеген сайын оның салыстырмалы ылғалдылығы артады, себебi неғұрлым ауаның температурасы төмен болса, соғұрлым су буы қанығуға жақындай түседi.
Салыстырмалы ылғалдықты өлшеу үшiн арнайы психрометр деп аталатын прибор қолданылады.
Салқындату барысында (процесiнде) бұрын қанықпаған бу қаныққан буға айналатын температура шық нүктесi деп аталады. Шық нүктесiне тең температурада атмосферадағы су буы конденсациялана бастайды. Тұман пайда болып, шық түседi, қатты дене беттерi терлей бастайды.