Химияның стехиометриялық заңдары Зат массасының сақталу заңы



Дата07.02.2022
өлшемі12,81 Kb.
#96635
Байланысты:
химияның стехиометриялық заңдары


Химияның стехиометриялық заңдары
Зат массасының сақталу заңы:
1748 жылы ашылған, эксперимент жүзінде 1756 жылы дәлелденген (металды жабық ретотада қақтау арқылы) . Тәжірибе туралы айту: түсі өзгерді,ауаның көлемі азайды, ретортаны ашқанда, ауа шумен ішке қарай сорылды,ал ретотаның массасы аузын ашқанға дейін өзгермеген. «Реакцияға түскен зат массасы» және « реагенттер массасы» ұғымына ерекше көңіл аудару.
Химиялық реакцияға түскен зат массасы,реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең.
Атом –молекулалық ілім бойынша бұл теорияны мәні түсінікті. Реакция нәтижесінде атомдардың арасында қайта бірігу жүреді, атомдар арасындағы түзілген байланыс үзіліп, қайтадан жаңа байланыс түзіледі,бірақ реакцияға дейінгі және кейінгі атомдардың саны өзгеріссіз қалады.Сондықтан химиялық реакция кезіндегі заттардың жалпы массасы өзгермей қалу қажет. М.В.Ломоносов екі жарым ғасыр бұрын«атом», «молекула», «элемент» ұғымдар енгізілмей тұрғанда бұл заңды ашты.Кейінірек дәл осы заңды фр.ғалымы Лавуазье ашты.
М.В.Ломоносов бұл заңды терең түсінген: «Барлық өзгерістер кезінде ,бір денеден қанша алынса,басқа денеге сонша қосылады».
Бұл анықтамаға қарап М.В.Ломоносовтың зат массасының сақталу заңы мен энергияның сақталу заңын бірге табиғаттың жалпы заңдылығы ретінде бөлмей қарастырғанын көреміз.
Маңызы:
*материяның сақталу заңының бір көрінісі;
* химия ғылымының дамуына үлесін қосты;
*химиялық реакция теңдеулері осы заңға сүйеніп жазылады;
*барлық практикалық есептеулер осының негізінде жүргізіледі.

Зат құрамының тұрақтылық заңы:
Заттардың молекулалардан тұратыны туралы қағидаға сүйеніп ашылған. Одан ары зерттеу барлық бейорганикалық заттардың тек 5 % -ға жуығы молекулалық құрылысты екенін көрсетті,сондықтан құрам тұрақтылық заңы осы заттар үшін ғана қолданылады.Бей молекулалық құрылысты заттар бұл заңдылыққа бағынбайды. Француз ғалымы Ж.Пруст ашқан.Есеп шығруда практикалық маңызы зор. 
Әрбір күрделі заттың алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады
Көлемдік қатынастар заңы:
Бұл заңды атақты француз ғалымы Гей-Люссак тұжырымдады: бірдей жағдайда(температура және қысым) реакцияға түсетін газдардың көлемі және реакция нәтижесінде түзілетін газтәрізді заттардың өзара қатынастары кішкентай бүтін сандардың қатынасындай болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет