Қайнатпа мен тұнбалар дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен ex tempore алынған сулы сығындылар. Сулы сыгындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Оның көне дәрілік түр екендігіне қарамастан, сулы сығындылар казіргі кезге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Алу жолына жэне шикізат кұрамына байланысты сулы сығындылар келесі түрлерге бөлінеді:
тұнбалар (Infusa),
қайнатпалар (Decocta),
шырыштар- (Mucilaginis).
Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ беліктерінен - гүлінен, шөбінен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпаларөсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады.