АУАНЫҢ САЛМАҒЫ. АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ
Жер бетіндегі әрбір денедегі сияқты, ауаға да ауырлык күші әсер етеді. Демек ауаның салмағы бар.
Ауаның салмағын тәжірибе жасап оп-оңай өлшеуге болады. Ол үшін тырындаулы берік шыны шар алынады. Оның тығынынан өткізілген резеңке түтігінде қысқышы бар, насоспен шардың ішінен ауасын айдап шығарып, оны таразыға салып теңгереді. Одан соң кранды ашып шар ішіне ауа жібереді. Сонда таразы тең баспайды, бұзылады. Оны теңгеру үшін таразының екінші табағына жүк (гир) салынады. Жүктің салмағы шар ішіндегі ауаның салмағындай болады.
Дәл істелген тәжірибелерге қарағанда кәдімгі жағдайда 1 м3 ауанын, салмағы 13 Н-ға тең.
Жерді қоршап тұрған ауа қабығы атмосфера деп аталады. Жердің жасанды спутниктерінің ұшуын бақылау нәтижелеріне қарағанда, атмосфера жоғары қарай бірнеше мың километр биіктікке тарайды. Біз орасан үлкен ауа мұхитының түбінде тіршілік етеміз. Жердің беті — осы ауа мұхитының түбі.
Ауырлық күшінін әсері салдарынан, ауаның жоғарғы қабаттары мұхиттағы су сияқты, төменгі қабаттарын басып қысады. Тікелей Жер бетімен жапсарлас ауа қабаты барлығынан күштірек қысылады және өзіне түскен қысымды, Паскаль заңына сәйкес барлык бағытта бірдей береді.
Осының нәтижесінде Жердің бетіне және ондағы барлық денелерге ауаның барлық қабаттары қысым түсіреді басқаша айтқанда, оларға атмосфералық қысым түседі.
Атмосфералық қысымның болуына байланысты көптеген құбылыстарды түсіндіруге болады. Солардың кейбіреулерін қарастыралык.
шыны түтік кескінделген, оның ішінде қабырғаларына тығыз кептеліп тұрған жылжымалы поршень бар. Түтіктің төменгі ұшы суға батырылған. Егер сол поршеньді жоғары жылжытсақ, онымен ілесіп су да жоғары көтеріледі. Поршень жоғары көтерілгенде поршень мен судың аралығында ауасыз кеңістік пайда болады. Сыртқы ауаның қысымының әсерінен осы кеңістікке поршеньге ілесіп, су да көтеріледі. Осы құбылыс су насосында пайдаланылады.
цилиндр ыдыс кескінделген. Ол ыдыс краны бар түтік өткізілген тығынмен тығындалған. Ыдыстағы ауа насоспен сорып шығарылады, одан соң түтіктің ұшы суға батырылады. Егер енді кранды ашсақ, су ыдыстың ішіне фонтанша атқылайды. Судың ыдыс ішіне ену себебі атмосфераның қысымының ыдыстағы сиретілген ауаның қысымынан артық болуына байланысты.
Әрі қарай. атмосфералык. қысымның бар болуына сүйеніп түсіндіруге болатын бірқатар құбылыстарды қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |