БАРОМЕТР - АНЕРОИД
Практикада атмосфералык, қысымды өлшеу үшін анероид деп аталатын металл барометр жиі пайдаланылады.
Анероидтың сырткы түрі 122-суретте кескінделген. Оның негізгі бөлігі беті толқын тәрізді ирек-ирек гофрирленген металл қорапша (1) Оның ішіндегі ауа айдап шығарыла-ды, ал атмосфералық қысым қорапшаны жапырып жібермеу үшін оның қақпағын пружинамен (2) жоғары керіп қояды. Атмосфералық қысым артқанда қақпақ төмен карай майысады да, пружина керіліп ұзарады, қысым кеміген кезде пружина қақпақты түзетеді. Пружинаға беріліс механизмі (3) арқылы көрсеткіш - стрелка (4) бекітілген, қысым өзгерген кезде, ол стрелка оң жаққа немесе сол жаққа қарай жылжып қозғалады, Стрелканың астын ала шкала орнатылған, оның бөліктері сы-напты барометрдің көрсетуі бойынша сызылған (градуирленген). Мысалы, анероид стрелкасы қарсысына келіп тоқтаған 750 саны сынапты барометр бағанынын, сол мезеттегі биіктігі 750 мм екендігін көрсетеді.
Ендеше, атмосфералық қысым 750 мм сын. бағна тең, немесе 1000 гПа.
Таяу күндерде ауа райынын кандай болатындығын алдын ала болжап айту үшін атмосфералық кысымды білудің маңызы өте зор, өйткені атмосфералық қысымның өзгерісі ауа райының өзгерісімен байлаңысты. Барометр - метеорологиялық бақылаулар жүргізу үшін өте қажет прибор.
ӘР ТҮРЛІ БИІКТІКТЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ
Біз әрбір сұйықтың ішіндегі қысымы әр турлі деңгейлерде түрліше болатындығын білеміз (§43) және ол сұйықтың тығыздығына және сұйық бағанының биіктігіне байланысты. Сұйыктың сығылғыштығы болымсыз аз болғандықтан, әр түрлі тереңдіктегі сұйық тығыздығы бірдей деуге болады. Сондықтан ондай сұйықтың ішіндегі қысымды анықтағанда оның тығыздығын турақты деп санап, тек оның деңгейінің өзгерісін ғана ескереміз.
Газдарға келгенде мәселе күрделірек. Газдар өте күшті сығылады. Газ неғұрлым күштірек сығылған болса, оның тығыздығы соғұрлым көп болады, соғұрлым ол күштірек қысым түсіреді. Өйткені газдың қысымы газ молекулаларының дене бетіне соғылуынан туады.
Жер бетіне жақын ауа қабаттары оның устіңгі жағындағы барлық ауа қабаттарымен сығылады. Ауа қабаты Жер бетінен неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол нашар сығылады, соғұрлым оньң тығыздығы да аз болады, сондықтан ол соғұрлым аз қысым түсіреді. Мысалы, ауа шары Жер бетінен жоғары көтерілгенде, оған түсетін ауа қысымы тек шар үстіндегі ауа бағанының биіктігінің кемитіндігінен ғана азаймайды, онымен бірге ауа тығыздығының кемуіне - жоғарыда оның төменгіден аз болуына - байланысты азаяды. Сондықтан ауа қысымының биіктікке тәуелділігі, сұйық қысымының оның бағанының биіктігіне тәуелділігінен гөрі күрделірек.
Бақылауларға қарағанда теңіз деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен 760 мм сын. бағанына тек. Жер теңіз деңгейінен неғұрлым биік болса, ол жердегі қысым соғұрлым аз болады.
Биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тен, О°С температурадагы атмосфераның қысымы қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
Қалыпты атмосфералық қысым 101 300 Па = 1013 гПа.
биіктікке байланысты атмосфералық кысымның қалай өзгеретіндігі көрсетілген. Шамалы биіктікке, орта есеппен әрбір 12 м жоғарылаған сайын, қысым 1 мм сын. бағанына (немесе 1,33 гПа) төмендейді.
Қысымнын биіктікке тәуелділігін біле отырып, барометр көрсеткен қысымдардың өзгерісі бойынша теңіз деңгейінен есептегенде көтерілу биіктігін табуға болады. Көтерілу биіктігін тікелей көрсететін шкаласы бар анероидтер биіктік өлшеуіштер деп аталады. Оларды авиацияда және тауға шыққанда пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |