Жоғары технологиялылығы Газоблокты өндірушілер қосымша конструктивті элементтерімен ені 50 ден 500 мм-ге дейін кірпіш өндіреді. Газоблоктың ең қалың қабырғасы 350-400 мм құрайды әрі бұндай қабырға өлшемі Ресейдің өз алдына климаттық ерекшелігі бар орталық өңірлеріне жарамды келеді. Әрі газоблоктан салынатын үй бір қабат болып өріледі. Газоблоктан үй тұрғызғанда қосымша жылылау материалдары қолданылмайды. Бұл құрылысты шапшаңдатып, құрылыс шығын төмендетеді.
Газоблокты өңдеудің ыңғайлылығы Газоблок қолмен де арнайы құралмен де жеңіл өңделеді. Оны кесуге де, жаруға да, бұрғылауға да болады. Газоблокты қоларамен де, электрлі арамен де бөліп, кесе беруге пайдалануға ыңғайлы. Арматура темірін салғанда газоблоктың ортасын шұңғылап ою үшін электрбұрғыға киілетін арнайы қондырғыны кигізіп қолданады. Электр жүйелерінің нүктесін жасау үшін электродрель қолданылады. Егер газоблокты доғалдап жону қажет болса, онда бұл фигураны ленталы шлиф-машинаны қосу арқылы жасауға болады. Газоблок ішкі жұмыстарға және декоративті материал ретінде түрлі сәнді бағандар мен тұғырлар, декоративті безендірулерге қолданылады.