Сабақ Сабақтың тақырыбы: Жону білдектерінің құрылғылары. Кескіш құрал-саймандар. Кескіштер Мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі50,82 Kb.
#16855
түріСабақ
6- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жону білдектерінің құрылғылары. Кескіш құрал-саймандар. Кескіштер

Мақсаты:

Біліміділік: жону, бұрмакескіш білдегінің құрылғысымен және олардың маңызымен таныстыру; оқушыларды жону- бұрма-кескіш білдегіндегі жұмыс тәсілдеріне үйрету; жону кескіштері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: білдекте жұмыс істегеген кездегі қауіпсіздік шараларын оқып-үйрену; жұмыс үшін кескіш аспаптарды дұрыс таңдай білуге үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершіліккке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: ТВ – 6 жону-бұрмакескіш білдегі, кескіштердің жиынтықтары, өлшеу аспаптары.
Сабақтың барысы

І. Кіріспе бөлім

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Өткен материалды қайталау.

- Механикалық берілістердің негізгі түзілімдерін атаңдар.

- Білдектердің кинематикалық сұлбаларындағы механикалық берілістердің негізгі белгіленулерінің суретін салыңдар.

- Металкескіш білдектердің түрлерін атаңдар.



ІІ. Бағдарламалық материалды баяндау

Мектеп шеберханасында ТВ -4, ТВ – 6, ТВ-7 үлгісіндегі жону-бұрмакескіш білдектерімен жұмыс істейді. ТВ-6 оқу білдегі – білдектің жаңартылған нұсқасы.

ТВ -6 үлгісіндегі жону-бұрмакескіш білдек негізгі жону операцияларын орындауға, сндай-ақ цилиндрлік және конустық беттерді кеулей жону мен жонуға, шетжақтарды, кесіндіні тіліктеуге, бұрғылау мен бұранданы тіліктеуге арналған.

Жону – бұрмакескіш білдегі мынадай негізгі бөліктерден құралады:

- тұғырлар;

- алдыңғы тұғыр;

- алжапқыш;

- артқы тұғыр;

- ауыстоп.

Машиналардың механизмдері, аспаптар мен басқа да бұйымдар үшін тетіктерді дайындаудың әртүрлі әдістерінің ішінде кесу арқылы өңдеу кең қолданылады: жону, бұрғылау, жонғылау, ажарлау және басқалар.

Айналу денелері деп аталатын біліктерді, шкивтерді, тісті дөңгелектерді және басқа да көптеген тетіктерді жону білдегінде дайындалады.

Жону арқылы өңдеу мен цилиндрлік, конустық, жазықтық, ажарлы бетті тетіктерді алуға, сондай-ақ бұранда оюға, қиықжиекпен ойындар жасауға болады.

Бұранда ою арналған арнаулы құрылғымен жарықтанған жону білдегі жону-бұрандакескіш білдек деп аталады. Мектеп шеберханаларында ТВ-6 үлгісіндегі жону білдектерін қолданады.

Білдектің негізгі бөліктері: үстелше, алдыңғы тұғыр, артқы тұғыр, беру қорапшасы, құралкүймешік, электр қозалтқыш.

Тұғыр – білдектің негізгі механизмдері жинастырылған салмақты шойын негіз. Тұғырдың жоғарғы бөлігінде құралкүймешікпен артқы тұғырды қозғалысқа келтіретін екі жалпақ және призмалық бағыттауыш бар. Тұғыр екі тапал тірекке орнатылған.

Алдыңіғы тұғыр – ішінде білдектің басшы жұмычсшы органы – айналдырықпен жылдамдырықтар қорапшасы орналасқан шойын қорапша.

Айналдырық жұмыр білік түрінде болады.

Айналдырықтың оң жақ шетінде дайындаманы қосатын айлабұйымдар бекітіледі.

Айналдырық айналуды электр қозғалтқыштың сол жағындағы тапал тіректе орналасқан сына білдектің беріліс пен алдыңғы тұғырдың ішінде орналасқан тісті дөңгелектер мен жалғастырғыш жүйесі арқылы алады. Бұл механизм жылдамдықтар қорапшасы деп аталады және айналдырықтың айналу жиілігін өзгертуге мүмкіндік береді.

Құралкүймешік – кескішті бекітуге және берісті қамтамасыз етуге, яғни кескіштің әртүрлі бағытта қозғалуына арналған құрылғы. Беріс қолмен немесе механикалық жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Құралкүймешік берістің механикалық қозғалысын жүрістік біліктен немесе жүрістік бұрамадан алады.

Құралкүймешік тұғырдың, алжапқыштың бағыттаушы бойынша қозғалатын күймешеден тұрады.

Беру қорапшасы – айналу айналдырықтан жүрістік білікке немесе жүрістік бұрамаға беретін механизм. Беру қорапшасындағы айналыс қозғалысы айналдырықтан кері қимыл механизмі мен аусымдық тісті дөңгелектері бар ауыстоп арқылы беріледі.

Ауыстоп білдекті берудің талап етілген шамасына немесе тиісті аусымдық тісті дөңгелектерді орнату жолымен ойылатын бұранда қадамын реике келтіріп отыруға арналған.

Артқы тұғыр өңдеу процесі кезінде ұзын дайындамалардың шетін демеу үшін, сондай- ақ өзектік құралдарды бекіту мен беру үшін қолданылады.

Дайындамаларды бекіту үшін жону білдегінде: қысқылар, қысқұрылғылар, цангалар, центрлер, қамытшалар, құралбіліктер, шақалар қолданылады.

Дайындамаларды бекіту үшін жону білдегінде: қысқылар, қысқұрылғылар, цангалар, центрлер, қамытшалар, құралбіліктер, шақалар қолданылады.

Тетіктер өңдеудің дәлдігін бақылау үшін штангенциркульді, қимаүлгілерді, бұрыш өлшегіштер, мөлшерлегіштер және басқа да өлшегіш аспап тарды пайдаланады.

Қазіргі заманға білдектің құрылысы өте күрделі. Электр қозғалтқыштан дайындамаға және кескіш аспапқа қозғалыс алуан түрлі механизмдер арқылы беріледі. Олардың өзара әрекетін барлық механизмдері шартты түрде бейнеленген білдектің кинематикалық сұлбасын пайдалана отырып, оқып-үйрену ыңғайлы.

Шартты кескіндік бейнелері немесе бұйымның құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы байланыстар көрсетілген. Кескіндік құрылымдаушылық құжат кинематикалық сұлба деп аталады.

Кинематикалық сұлбадағы жекелеген механизмдер мен тетіктердің шартты белгілері мемлекеттік стандарттармен қарастырылған.

Кесу – тетіктер мен бұйымдардың қажет мөлшерін, формасын, бет сапасын алу үшін кескіш құралдың көмегімен материалдарды өңдеу.

Кескіш құрал-саймандар: жону кескіші, бұрға жонғыш, сүргі, араның пышағы болуы мүмкін.

Кескішті қаттылығы өңделетін материалдан жоғары болаттан дайындайды. Кескіштерді бір-біріне құрылымдары бойынша ажыратады, бірақ олардың бәрінде дене мен бастиек болады.

Жону кескіштің маңызды сипаттамалары оның қайрау бұрыштары болып табылады:

Алдыңғы бұрыш

Негізгі бұрыш

Негізгі артқы бұрыш

Кесу бұрышы

Үшкірлеу бұрышы

Кескіш төбесі – бұл негізгі және кесу жиектерінің қиылысу нүктесі.

Жону кескіштері:

беру бағыты бойнша (сол, оң), бастиектің құрылымы бойынша, дайындау әдісі бойынша, өзегінің қимасы бойынша , тік бұрышты , өңдеу түрі бойынша ажыратылады.

Кескіш кескіш тұтқасына кілттің көмегімен бекітіледі. Кескіштің кескіш тұтқасынан шығыңқылығы кескіштің 1-1,5 биіктігінен аспауға тиіс.

Сондай-ақ бағдарламалық тақырыпты терең оқып-үйрену үшін мұғалім кескіштің кесу бөлігін қашаумен салыстырады, бұл құралдардың айырмашылығын түсіндіреді. Жаңа материал тақырыбын кескіш құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелермен бекітеді.



ІІІ. Практикалық жұмыс.

1. Кескіштердің арналған мақсатын анықтау үшін оқушыларға бірнеше түрін ұсыну. Бұрыш өлшегіштің көмегімен қайрау бұрыштарын анықтауды тапсыру.

2. Операциялық карта бойынша жону жұмысын орындау.
ІV. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың практикалық жұмыстарын бағалау.



Кемшіліктерді атап өту. Қауіпсіздік техникасын қайталау.

Жұмыс орны мен шеберхананы жинастырып, ретке келтіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет