Гематология жауап эталоны 1



Дата25.09.2024
өлшемі45 Kb.
#205106
Байланысты:
ГЕМА ОТВЕТ1 каз


ГЕМАТОЛОГИЯ
ЖАУАП ЭТАЛОНЫ 1
Біздің пациентте теміржетіспеушілік (созылмалы постгеморрагиялық) анемия.
Диагноз мына шағымдары негізінде қойылды: әлсіздік, бас айналуы, физикалық жүктемеде жүрек соғуы, ұлы дәретінің түсінің қаралтымдылығы; анамнезі негізінде – 17 жасынан бері 12 елі ішектің жара ауруымен аурады, осыған байланысты екі рет стационарлық ем қабылдаған; объективті қарау деректері негізінде – тері жамылғылары мен көрінетін кілегей қабықтарының қуқыл тартуы, жүрек соғу жиілігі минутына 80 рет, АҚҚ с.б.б. 110/70 мм, іші жұмсақ, пальпацияда эпигастральды аймақ аздап аурады.

Анамнезінде қосымша анықталатын деректер: науқас сезімі қай уақыттан бері нашарлады және қаралтым түсті ұлы дәрет қашан пайда болды. Арнайы нақтылануы тиістісі ұлы дәрет түсі қап-қара болды ма, жоқ па? Қандай ем қабылдады, темірі бар препараттарды ішті ме, жоқ па? Қосымша темір жетіспеушіліктің басқа белгілерін сипаттаған дұрыс болар еді: тырнақтары жағдайы (құрғауы, сынғыштығы, сылынуы, дөңестігінің жазылуы, қасық тәрізді тырнақтар, койлонихиилер), езулердің тілінуі, функциональды дисфагия (жұтудың қиындауы)


Зертханалық зерттеулерде гемоглобиннің 73 г/л төмендеуі (қалыпты жағдайда ерлерде ол 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л ), эритроциттердің 3,2×1012/л азаюы (ерлердегі қалыпты мөлшері 4-5,1 ×1012/л , әйелдерде - 3,7-4,7×1012/л ). ТК 0,71 дейін төмендеген (эритроциттердің темірмен қанығуы төмендеген -гипохромды анемия).

Түстік көрсеткіш (ТК) — эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі:

  • 0,85—1,05 — қалыпты мөлшер;

  • 0,80-ден төмен — гипохромды анемия;

  • 0,80—1,05 — эритроциттер нормохромды деп есептеледі;

  • 1,10-нан жоғары болса — гиперхромды анемия.




Ретикулоциттер біздің жағдайда 1% (қалыпты мөлшері 0,2-1,2), бұл ретикулоцитозбен сипатталатын жедел қансыраудың жоқтығын көрсетеді


MCV (Эритроциттердің орташа көлемі (шаршы микрометрмен (мкм) не фемтолитрмен (фл) өлшегенде – 70 фл (қалыпты мөлшері 80—95 фл), сары су темірі – 7 мкмоль/л (қалыпты мөлшері 12-31мкмоль),
ОЖСС (сары судың темірмен байланысуға жалпы қабілеті) – 115 мкмоль/л (қалыпты мөлшері 44,75-71,7 мкмоль/л). Аталғанның бәрі созылмалы қансырауға және созылмалы темір жетіспеушілік жағдайға тән өзгерістер.
Пациентімізге аураханаға түскен кезде қажетті тексерулер:
- асқорыту жолдарынан жедел қансырауларды жоққа шығару үшін тік ішектің саусақпен тексеруін
орындау;
- ұлы дәретті жасырын қанға тексеру ( Грегерсен реакциясы);
- жара жағдайын анықтау үшін ФГДС-зерттеуін орындау, для уточнения состояния язвенного дефекта (жедел/созылмалы жара,тыртықтар).

Темірлі препараттармен емдеу жоспарлануы тиіс, ең тиімдісі екі валентті темірлі препараттар (Ферроградумент, Сорбифер дурулес, Тардиферон, Тотема, Актиферрин, Ферретаб, Гемофер).



MCV (микрометрлер (мкм) не фемтолитрлер (фл) кубпен есептегендегі эритроциттердің орташа көлемі
Эритроциттердің орташа көлемінің азаюы көбіне теміржетіспеушілік анемиялар дамығанда кездеседі. Олар мынадай әртүрлі ісерлер салдыранан дами алады, мысалы:

  • Созылмалы қан кетулер, қансырулар.

  • Тағам мәзірінде темір жетіспеушілікте.

  • Темірдің ішекте сіңірілуі бұзылғанда.

MCV қан анализінде жоғарлауы. Көрсеткіштің 100 мкм3 жоғарлауы – не витамин В12 не фолий қышқылы жетіспеушіліктен болатын анемия белгісі. Нәтижесінде эритроциттер қалыптасу үдерісі бұзылады. Қызыл қан жасушаларының үлкеюімен қатар көбіне гемоглобин мөлшері төмендейді. Осы белгілер жалпы қан анализінде жақсы анықталады және сенімді диагностикаға мүмкіндік береді.
MCV жоғарлауы басқа аурулар белгілері де бола алады: бауыр және сүйек мыйы, гемолитикалық жағдай, миелодиспластикалық жағдайлар.
Қан анализіндегі MCV жоғарлауы әрдайым анемия не басқа күрделі патология белгілері бола бермейді.
100 мкм3-тен жоғары көрсеткіш ұзақ уақыт ішімдік ішетіндерде, ұзақ мерзім бойы шылым шегушілерде, сол сияқты қалқанша безі функциясы бұзылыстарында бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет