Гемоторакс



бет4/5
Дата24.03.2022
өлшемі3,25 Mb.
#136644
1   2   3   4   5
Байланысты:
Омарбекова Ардак гемоторакс
Педагогика. Тема № 6-7 Тәрбие. Ибраимова Ж.К. 23.08.22.

Клиникалық көрінісі

  • Кіші гемоторакс кезінде зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі жəне аздаған жөтел болуы мүмкін.
  • Орташа гемоторакс кезінде зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауырлықта. Бозарудың үдеуі, ентікпе, кеудедегі ауырсыну сезімі жəне жөтел. Өкпедегі Демуазо сызығының бойымен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы байқалады (гемопневмоторакс кезінде горизонтальды деңгейде). Аускультация жасағанда тұйықталған жерде дем үні нашар естіледі немесе мүлдем естілмейді. Шамалы ғана қимыл əрекет жасағанда ентігу пайда болады.
  • Үлкен (тұтас) гемоторакс кезінде жағдайдың ауырлығы тек тыныс бұзылуымен ғана көрінбей, сонымен бірге қан кету белгілерімен білінеді. Жағдайы ауыр жəне өте ауыр болады. Айқын бозару тері жабындысының цианозы, ентікпе, тахикардия жəне АҚ төмендейді. Науқастар мəжбүрлі қалыпта отырады. Кеуде тұсында ауырсыну сезімі, жөтел жəне ауа жетіспеуі мазалайды. Перкуссия жəне аускультация арқылы сұйықтықтың жауырынның ортасына дейін жиналғаны байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет