225
тор өлең синтаксисінің прозадан ерекше болатындығы туралы
өзіне дейінгі орыс, қазақ филологтарының айтқан пікірлерін
көрсете келіп, шумақ мәселесіне тоқталады және синтаксистік
тұтастық құрайтын компоненттердің бір-бірімен байланысу
жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ бұл жұмыста зерттеуші ауыз
әдебиетінің екі үлкен мұрасы – «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» шығармаларының синтаксистік құрылысын тал-
дайды.
Осылардың барлығы,
біріншіден, өлең синтаксисін, оның
ішінде жеке қаламгерлер шығармалары мен жеке нұсқалар
(мысалы, эпостық жырлар) тілінің
синтаксистік құрылысын
талдап, солар бойынша қажетті тұжырымдар айтатын кез туға-
нын көрсетсе, екіншіден, осы жұмысқа тікелей кірісуге мүм-
кіндік берді.
Абай өлеңдерінің синтаксистік
құрылысын тану арқылы
олардың кейбіреулерінің композициялық-тематикалық құры-
лымын білуге болады. Ал шығарманың тақырыбы мен ком-
позициясын ашу қаламгер стилін тануға барып ұштасады. Бұл
– жеке мәселе. Жалпыға келгенде, бұл талдаулар, біздіңше,
екі түрлі міндетті өтейді, оның біріншісі –
қазақ өлеңінің
синтаксистік құрылысының проза синтаксисінен өзгешелігі
қандай; өлеңнің ұйқасы, өлшемі, композициялық құрылысы
және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен синтаксисінің арақатынасы
қандай; өлең құрайтын компоненттердің (шумаққа немесе
тирадаға ұйымдасқан сөйлемдер мен оның бөліктерінің) бір-
бірімен іліктесіп, байланысу амалдары қандай –
деген мәсе-
лелердің сырын ашу.
Екіншісі – Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ поэзиясы-
ның синтаксистік құрылысында қандай өзгешеліктер бар,
яғни Абай поэзиясының бұл салада қосқаны мен жаңартқаны
неде, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің өлең синтаксисі
тарауындағы жақындығы мен алшақтығы неде – деген
сұрақтарға жауап іздеу.
Ол үшін біз ең алдымен өлең тілінің синтаксистік құры-
лысының ерекшеліктерін сөз еттік. Мұнда жалпы отандық
ғылымда, оның ішінде әсіресе орыс филологиясында бірқыдыру
орныққан, танымалды қағидаларды
қазақ өлеңі синтаксисіне