Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет1/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3


33
ген кәнігі эпитеттің үстіне 
жапырағы қуарған 
деген және бір 
эпитетті еселеп келтіріп, образдың экспрессиясын мейлінше 
арттырған. Бұл қатарды көбейте беруге болады. Мысалы, 
«
Қараңғы, саңырау қайғы 
ойды жеңген – десе, 
қайғы с
өзінің 
қараңғы
»
 
деген эпитетпен берілуі – тыңнан қабылданатын об-
раз, яғни тың ассоциация, ал оған 
саңырау 
эпитетін үстегенде, 
бұл образдың беретін әсері мүлде күшейіп,
 
бұрынғы қазақ по-
эзиясы жұмсамаған жаңа қолданысты көреміз. 
Сөйтіп, «өлең деген – әр сөздің ұнасымы», деген тезис 
ұсынған Абай сол ұнасымның бірін тұрақты және тұрақсыз, 
яғни дәстүрлі және авторлық, немесе контекстік эпитеттерді 
қолданудан тапқан.
Абай өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болуын қалағанда, 
ол поэзияның терең (көп) мәнді, аз сөзді болуын көздейді, 
сондықтан сырттай әсерлі көрінетін қызыл сөздерден аулақ 
болу принципін ұстайды. Осы себептен де дәстүрлі эпитеттерге 
әрдайым иек арту өзінің айтпақ
 
ойына сай келмей, көп сөзділікке 
апаратынын Абай жақсы сезген. Эпитеттердің константты 
түрлері ақынның жаңа идеяларына, яғни поэтикалық жаңа об-
раздарына, өлеңнің жаңа тақырыбына сай түсе бермейтінін де, 
олардың құр жылтырақ артық сөз болып шығатынын да талант 
құдіреті жақсы сездіреді, сондықтан Абай соны эпитеттерді 
молырақ ұсынады және ол эпитеттердің көркемдігі, әсерлілігі 
бұрынғылардан артық болмаса, кем еместігін біле тұрғанмен, 
кәнігі түрлеріне құлағы үйренген оқырманға жаңа эпитеттердің 
шу дегенде әсерлі болып естілмейтінін де сезеді. Сондықтан 
«көкірегі сезімді» оқырманға – «өлеңі бар өнерлі інілеріне» 
– өз поэзиясын «әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, түбі терең 
сөз артық, бір байқарсыз», – дейді. Н. В. Гоголь Пушкиннің 
өлеңдері туралы: мұнда қызыл сөз жоқ, тұнып тұрған поэзия 
бар деген екен, сол сияқты Абайда да әсіре қызыл сөз жоқ, түбі 
терең сөз (поэзия) бар екенін көреміз.
Ақын тіліндегі эпитеттерді сөз еткенде әрі теориялық, әрі 
Абай тілін нақты талдауға қатысы бар бір мәселеге тоқталуға 
тура келеді. Ол – етістік тұлғаларды эпитет деп тануға немесе 
танымауға байланысты әңгіме. Ахмет Байтұрсыновтан кейін 


34
әдебиет теориясын кең көлемде сөз еткен ғалым Қ.Жұмалиев 
эпитет болатындар алдымен сын есім деп алып, содан кейін 
көсемше мен өткен шақ есімше тұлғалары дейді
13
. Қазақ ауыз 
әдебиеті үлгілерінде тұрақты эпитеттер жиі кездеседі дей келіп, 
оған мысалдардың бірі етіп: «Сары өзеннен өткенде, Тас суын-
дай 
сарқырап
, Тарлан атпен Көбікті, Артынан кетті 
барқырып
»
 
деген жолдарды көрсетеді. Мұндағы 
барқырып, сарқырап 
де-
ген көсемшелерді эпитет деп белгілейді.
Әдебиет теориясынан оқулық жазған 3. Қабдолов етістік 
тұлғаларды эпитет болады деп ашып айтпағанымен, Жұмекен 
Нәжімеденовтен: «Тентек үн кетіп еді дауылдап
 бір, Аңқиып 
әр 
жерде бір ауыз қапты» деген өлең жолдарын келтіріп, ондағы 
аңқиып 
етістігін эпитет деп табады
14
. Әдебиет теориясымен 
арнайы шұғылданған З. Ахметов те Абайдың «Болыс болдым, 
мінекей» өлеңіндегі ұйқасқа шығарылған 
шыбындап, қырындап, 
суылдап... 
деген
 
етістіктерді эпитет деп санайды.
15
Етістіктің есімше тұлғасының эпитет болып келуі дау туғыз-
байды, өйткені есімшелер есім орнына қолданыла береді. Ал 
көсемше тұлғалар мен ашық райдағы етістіктерді эпитет деп
санауға келгенде, пікір таластыруға тура келеді. Эпитет (ай-
қындау) дегенге заттың, кұбылыстың сипатын, сапасын анық-
тайтын суретті сөз (3. Қабдолов) немесе «адамның не заттың, 
не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олар-
дың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына 
әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз» (Қ. Жұмалиев) жа-
татын болса», етістік заттың белгісін, сипатын, сапасын емес, 
қимылын, іс-әрекетін атайды. Демек, жоғарғы анықтамалар-
дың дұрыс берілгеніндей эпитет дегеніміз – заттың бір бел-
гісін, сынын, қасиетін сын есімдердің немесе оның орнына 
жұмсалған сөздердің бейнелеп сипаттауы екен. Заттың тек 
белгісі емес, қимылы, іс-әрекеті де бейнелі түрде сипатталуы 
мүмкін. Мысалы, «Мәз болады болысың 
Шелтірейтіп 
орысың 
Шенді шекпен жапқанға» дегенде 
шелтірейтіп 
деген көсемше 
13
 Жұмалиев Қ.
Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай шығармаларының 
тілі. - Алматы, 1960. - 194-б.
14
 Қабдолов 3.
Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы, 1970. - 227-б. 
15
 Ахметов 3.
 
Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 80-б.


35
тұлғасы арқылы ақын әрекеттің («шенді шекпен жабу» – 
көтермелеудің) орындалу сынын бейнелеп 
(шелтірейтіп 
жабу) 
көрсетіп тұр. Бірақ бұл – біздіңше, эпитет емес, әсерлі, 
бояулы етістіктің стильдік мақсатта қолданылуы болып та-
былады. 
Шелтірейту – 
өз бойында экспрессиясы бар етістік, 
ғылыми терминмен айтсақ, ингеренттік экспрессиялы сөз. Ал 
көркем әдебиетте өз мағынасында жағымды не жағымсыз боя-
уы жоқ, сезімге тиер әсері жоқ бейтарап мәндегі етістіктердің 
не мағынасын ауыстырып, немесе қосымша мағыналық реңк 
үстеп қолданылуы жиі кездеседі, бұл контекске қарай ажыра-
тылатын (адгеренттік) экспрессия болады. Мысалы, Абайдың: 
«Арсыз адам 
арсаңдап, арсылдайды, 
Әр жерде-ақ керегеге 
танылса да» деген жолдарындағы 
арсаңдап, арсылдайды 
де-
ген етістіктер метафораланып (мағынасы ауысып), контекстік 
экспрессоид дегенге айналып тұр. Осы жерде біз экспрессоид 
терминін атауға мәжбүрміз. Мүмкін, оны қазақшалап әсерсөз 
(әсерлі сөз) деген атаумен беруге де болар. Экспрессоид – 
белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылған, оқырманға әсер 
ететін, экспрессиялы сөздер немесе тұлғалар, тіркестер. Ах-
мет Байтұрсыновтың тілімен айтсақ, «көңіл күйінен шығып, 
көңілге күй түсіретін сөздер».
Контексте белгілі бір жүк арқалап, айтылмақ ойға әсерлі 
үн үстейтін сөздер тек етістіктерден емес, өзге сөз таптары-
нан да, тіпті одағай, шылаулардан да табылады. Мысалы, 
Абайдың: «Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды 
да
жырлайды» 
деген жолдарындағы 
да 
шылауының бұл контекстегі қызметі 
жай емес: «жылай-жылай отырып жырлайды» деген қосымша 
мағыналық реңк беру үшін екі етістіктің арасына келтіріп тұр 
(бұл – өте сирек кездесетін қолданыс). Демек, мұнда 
да 
деген 
шылау белгілі стильдік қызмет атқарып, айтылмақ сөздің әсерін 
күшейтетін элемент ретінде келтірілген. Тағы бір мысал. Абай 
ақын Татьянаның аузына: «Көрген жерде-ақ мен сені «Осы 
екен ғой – сол дедім» деген сөздерді салғанда, яғни
осылай деп 
Онегинге хат жаздырғанда, осы контекстегі 
сол 
деген есімдік 
– экспрессоид: «Татьянаның түсіне кіріп, өміріне ортақтасып, 
ішіне толғау салған ғашығы» деген күрделі ұғымды бір ғана 
сол 
деген есімдік бойына сыйғызып тұр.


36
Осы сияқты текст ішінде оқырман сезіміне әсер ететін, 
белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылған сөздер неме-
се сөз тұлғалары болады. Қазақша құбылту деп атап жүрген 
троп түрлерінің, яғни эпитет, метафора, метонимия, синекдо-
ха, гипербола, литота, перифраз, эвфемизмдердің қай-қайсысы 
да экспрессивті (әсерлі) элементтер болып келеді. Бұларды 
сол әсерлілігіне қарай экспрессоид деп те атайтындығын 
жоғарыда айттық. Қандай тәсілмен жасалса да, экспрессоидтер 
көркемдеуіш-бейнелеуіш қызмет атқарады. Ал қазақ көркем 
сөзінде экспрессоид болып жұмсалатын етістіктердің мәні өз 
алдына зор, айрықша бөліп әңгіме ететін объектілердің бірі деп 
санаймыз.


37


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет