41
Өлең 6-шумағынан бастап аяғына дейін
-ып
жұрнақты
етістік ұйқасымен келген. Мұнда
негізгі ойды білдіретін
етістіктер ашық не шартты райларда келгенмен,
сол етістік
білдіретін іс-әрекеттің амалын көрсететін көсемше тұлғасы
стильдік қызмет атқарып, ақын мен тыңдаушы портретін беруге
жұмсалған: жаман ақын сөз қадірін жай кетірмейді, топта
сар
-
нап,
жұртты
шарлап мақтау
өлең айтып кетіреді, сөзі түзелген
ақын
бос мақалдап,
мал үшін
зарлап
тұрмайды, ал тыңдаушы
болса, ақыл сөзге көбі ынтасыз, күн өткізбек әншейін әңгімені
ғана
мыңға балап
тыңдайды, өтірік пен өсекті
жүндей сабап
терең ой, терең ғылым іздемейді.
Абай өлеңдерінің бірқатары II жаққа – тыңдаушыға, оқыр-
манға қарата
айтылған сөздер болып келеді, сондықтан етіс-
тіктің
II жақ анайы, сыпайы түрлері жиі қолданылған. Тіпті
бұл тұлғалардың ұйқасқа шығарылған сәттері де аз емес. Мы-
салы, «Ғылым таппай мақтанба»
деп басталатын өлеңіндегі
етістіктер бұйрық райдың II жағын көрсетеді. Сірә, мұнда
оның қосымшасыз түрі мен
(мақтанба, баптанба
сияқты)
-ңыз
жұрнақты сыпайы түрінің қолданылуында мағыналық
реттеушіліктен гөрі, ұйқас пен өлшем талабына сай келтірушілік
мотиві көзделген сияқты. Айталық, Бес нәрсеге асық
бол,
Адам
болам
десеңіз –
деген бір сөйлемде
етістіктің біреуі анайы
(
бол
), біреуі сыпайы
(десеңіз)
тұлғада тұруы мағына жағынан
үйлеспейді. Бұл тәрізді диссонанс (сәйкессіздік) жалғыз Абай
емес, қазақ поэзиясында, тіпті қара
сөзі мен сөйлеу тілінде
де кездесетіндігін айту керек. Грамматикалық тұлғалардың
(категориялардың) нормалану процесінде
әлі де аяқталмаған
сәттер бары байқалады.
Адамның мінез-құлқын, жалпы көңіл күйін сөз етуге арна-
ған өлеңдері де шақ категориясына бейтарап
Достарыңызбен бөлісу: